Сыңғырла, күміс қонырау Мақсаты


ЖАЛҚАУБЕК: Ой, балалар, мында не болып жатыр? Кеттік, балалар, ойнауға, менімен ойнағыларың келіп тұр-ау деймін. ТӘРБИЕШІ



бет4/13
Дата30.08.2023
өлшемі87,46 Kb.
#105693
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
1 кыркуйек сценарий Сыңғырла күміс қоңырау балабақша

ЖАЛҚАУБЕК: Ой, балалар, мында не болып жатыр? Кеттік, балалар, ойнауға, менімен ойнағыларың келіп тұр-ау деймін.
ТӘРБИЕШІ: Жалқаубек мұның не? Мерекелік киіміңді киіп келмейсін бе?!
Бүгін бізде мереке,1-Қыркүйек - білім күні, барлық мектептерде, балабақшаларда осы мерекені тойлап жатыр.
ЖАЛҚАУБЕК: Әй балалар мектеп дей ме? Мектепте біздің апаларымыз, ағаларымыз окиды. Біз басымызды ауыртып қайтеміз, оданда жүріңдер ойнайық.
ТӘРБИЕШІ: Жалқаубек сіз бізбен бірге болып, бүгінгі мерекені тамашаланыз. Біздің балалар өнерлі, алғыр. Ал сіздің қандай өнеріңіз бар?
ЖАЛҚАУБЕК: Мен жалқау болсамда өнерлімін! Мен би билей аламын.
ТӘРБИЕШІ: Біздің өнерлі балаларымыз сізбен бірге билегісі келеді екен. Қәнекей Жалқаубекпен балаларымыздың өнерін тамашалайық!
1.Жүргізуші: Биіктерге бастайтын асқаралы
Әр жүректің сүйікті,асқақ әні
Мерекеде бәріміз бір дауыспен
Ән шырқайықшы баршамыз дей келе.
2 Бәйшешек ортаңғы топтың бүлдіршіндері Сүгір Марғұлан мен Ахмет Іңкәрдің орындауында ән: Топ-топ балақан
5 «Гүлдер» тобының тақпақтарын қарсы алыңыздар.
Сәулемай:
Оттанның біз ұл- қызы
Халықтың біз- жұлдызы
Оқимыз ақын – жырларын
Оқимыз еңбек сырларын.
Зульфия:
Өсті міне бойымыз
Өсті міне ойымыз
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойымыз.
Муслима:
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді
2-Жүргізуші: Біздің өнерлі балапандарымыздың орындауында Қаражорға биі.
1-Жүргізуші: Білім- менің ертеңім
Өсу үшін өркенім
Жүзем оқу-айдында
Жайып білім желкенін.
16 Жас ұлан тобының орындауында «Мектебім» әні
14 «Жасқанат» тобының тақпақтарын қарсы алыңыздар
Жоламан:
Отан ыстық ұямыз
Жүректе орын тұрады
Отан маған пәк ана
Мен Отанның ұланы.
Райымбек:
Қуат алған өзінен
Туған елдің ұлымын
Бақытты етіп өсірген
Отанымның ұлымын.
Жандәулет:
Бақытты боп жүргенім
Сенің арқаң Қазақстан
Елім менің тірегім
Құшағыңда гүл ашам.
2. Жүргізуші
Риза етіп баршаны
Әсем әнге саламыз
Таудан биік талабы
Біз- сүйікті баламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет