Сиырлардың Әр түрлі жастағы сүТ Өнімділігі



бет2/4
Дата12.02.2022
өлшемі48,97 Kb.
#25333
1   2   3   4
Түйінді сөздер:ірі қара, сиыр, лактация сүттілігі, жасы.
Кіріспе

Сүтті мал шаруашылығы – мал шаруашылығының маңызды саласының бірі. Ол сүт, ет сияқты бағалы азық-түлік өнімдерінің, сонымен қатар өнеркәсіптің шикізат көзі ретінде қызмет етеді [1-4]. Сүт-балалық шақтағы адамда да, жануарларда да тамақтанудың негізгі көзі болып табылады. Оның құрамында барлық қажетті қоректік заттар бар. Құрамының әртүрлілігі бойынша адамға белгілі тамақ өнімдерінің ешқайсысы онымен бәсекелесе алмайды. Сүтте қазіргі уақытта белгілі витаминдердің барлығы дерлік бар [5-9].

Сүтті мал шаруашылығын сипаттайтын ерекшеліктер:күнделікті сүт және сүт өнімдерін өндіру, халықты үздіксіз сүт және сүт өнімдерімен қамтамасыз ету, сүтті мал шаруашылығының басқада салалармен тығыз байланысы, еліміздің көптеген аймақтарында ауылшаруашылық өнімдері өндірісі бойынша осы саланың маңызды еңбегін және осы саланың өнімдерінің үлкен үлесі. Сүт шаруашылығы барлық ауыл шаруашылығының экономикасына үлкен әсер етеді, сондықтан сүт өндірудің экономикалық маңызы зор [10].

Бүгінгі таңда орташа қазақстандық жылына шамамен 250 кг сүт және сүт өнімдерін тұтынады, бұл ғылыми негізделген тұтыну нормаларынан шамамен 100 кг аз. Бұл жағдай бір жағынан қала тұрғындарының сүт ішіп, сүт өнімдерін жеуге дағдыланбауына байланысты. Дегенмен, мұнда сүт өнімдерінің жеткіліксіз көлемі, сонымен қатар халықтың жекелеген топтары үшін оның жоғары құны да маңызды рөл атқарады [10-11].

Сүтті мал шаруашылығының еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлін асыра бағалау қиын. Қазақстан өзін сүт және сүт өнімдерімен 70% қамтамасыз ететіндіктен, ешқандай сыртқы факторлар (сауда соғыстары, эмбарголар) сүт нарығындағы жағдайды айтарлықтай шайқалта алмайды. Соңғы екі жылдағы оқиғалар көрсеткендей, ең қолайсыз сценарийде тапшылықты отандық өндіріс есебінен жабуға болады. Яғни, қазақтар ешқашан сүтсіз, майсыз, ірімшіксіз қалмайды. Дегенмен, тиісті министрлік мамандарының пікірінше, бұл мәселеде толығымен сабырлы болу үшін Қазақстан өзін сүтпен кем дегенде 90% қамтамасыз етуі керек [12].

Ел тұрғындарын сүтпен толық қамтамасыз ету үшін өнімділігі жоғары малды пайдалану қажет. Сонымен қатар, соңғы уақытта сүтті мал шаруашылығының тиімділігін арттыру мақсатында өнімді малдың ұзақ өмір сүруін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде. Сиырлардың жасының олардың сүт өнімділігіне әсерін зерттеу табынның сапалық құрамын бағалау және оны арттыру бағытын анықтау үшін маңызды. Сондықтан зерттеулер өзекті және практикалық маңызы зор [13-14].





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет