ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУ ЖӘНЕ ӨҢДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
ФАКУЛЬТЕТІ
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ БАЛЫҚ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
КАФЕДРАСЫ
ЗООЛОГИЯ
пәнінің оқу-әдістемелік кешені
(ПОӘК)
5В080400 – Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау
Күндізгі
АЛМАТЫ 2014
Автор: Тасмағамбет А.Т., б.ғ.к., аға оқытушы
Сағидолдина Ж.Е. ассистент а.ш.ғ. магистрі:
Пәннің оқу-әдістемелік кешені «5В080400 – Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік
балық аулау» мамандығының ҚР МЖМБС негізінде «Зоология» пәнінің типтік (жұмыс) оқу
бағдарламасына сай дайындалған.
«Зоология» пәнінің жұмыс оқу бағдарламасы «Физиология, морфология және биохимия»
кафедрасының мәжілісінде талқыланды.
Хаттама № 1, «27» тамыз 2014 ж.
Кафедра меңгерушісі Алданазаров С.С.
Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу
технологиясы» факультеті оқу-әдістемелік комиссиясының отырысында мақұлданды.
Хаттама №1, «29» тамыз 2014 ж.
ОӘК төрағасы/төрайымы Бөпебаева Л.Қ.
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУ ЖӘНЕ ӨҢДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
ФАКУЛЬТЕТІ
МАЛ ЖӘНЕ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
КАФЕДРАСЫ
«БЕКІТЕМІН»
Оқу және оқу әдістемелік
жұмыс жөніндегі
проректор, профессор
___________Самбетбаев А.А.
«____»________2012 ж.
«5В080400 – Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау» мамандығына арналған
«Зоология»
ПӘНІНІҢ
ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Кредит саны 6
АЛМАТЫ 2012
«Зоология» пәнінің жұмыс оқу бағдарламасы «____» 2012 жылы бекітілген Типтік оқу
бағдарламасы негізінде құрастырылған.
Құрастырушы: Қайроллаев К.Қ., б.ғ.д., доцент
«Зоология» пәнінің жұмыс оқу бағдарламасы «Мал және балық шаруашылығы өнімдерін
өндіру
технологиясы»
кафедрасының
отырысында
қаралды.
№
1
хаттама,
«____»______________2012 ж.
Кафедра меңгерушісі Б.М.Махатов
Пәннің жұмыс оқу бағдарламасы «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу
технологиясы» факультеті оқу-әдістемелік комиссиясының отырысында қаралып ұсынылды.
№___хаттама, «____»_______________2012 ж.
ОӘК төрағасы/төрайымы Жаңабекова Г.К.
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Зоология – жануарлар әлемін зерттейтін кешенді ғылым. Зоология пәні және
мақсаттары. "Зоология" курсының биология ғылымдар жүйесіндегі алатын орны. Қазіргі
зоология - жануарлардың систематикасын, салыстырмалы морфологиясы (анатомия,
гистология) мен физиологиясын, генетикасын, экологиясын және географиясын біріктіретін
ілім.
Зоологияның даму тарихы. К. Линней, Ж. Ламарк, Ж.Кювье, Ч.Дарвин, К.Бэр
еңбектерінің жануарлар систематикасын, эволюциясын және алуантүрлілігін зерттеудегі
маңызы.
И.И.Мечниковтың,
А.О.Ковалевскийдің,
А.Н.Северцевтің,
Л.С.Бергтің,
Л.П.Татариновтың, И.Г.Галузоның, Е.В.Гвоздевтың, А.А.Слудскийдің, Т.Н.Досжановтың,
А.Б.Бекеновтың және т.б. еңбектерінің маңызы.
Жануарлардың классификациясы мен құрылысы.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
3.1
ОМЫРТҚАСЫЗ ЖАНУАРЛАР
3.1.1 Жасушалы деңгейде ұйымдасқан жәндіктер
Жануарлардың ұйымдасу деңгейі жайында түсінік. Қарапайымдылар (Protozoa)
патшалық
тармағының
жалпы
сипаттамасы
және
систематикалық
шолу.
Саркомастигофоралар типі. Споралылар типі. Миксосоридиялар типі. Микроспоридиялар
типі. Кірпікшелілер типі. Қарапайымдылардың жасушаларының морфологиялық және
физиологиялық ұйымдасуының күрделілігі. Бір жасушалы және қолониальды формалар,
қарапайымдылардың салыстырмалы-анатомиялық сипаттамасы.
Қарапайымдылардың көбею тәсілдері. Даму кезеңін және ұрпақ алмасуын анықтау.
Монотомия, политомия, шизогония, бүршіктену туралы түсініктер. Жыныстық көбею және
коньюгация. Эволоциялық дамуындағы жыныс құбылысы.
Паразиттік тіршілік ететін қарапайымдылар және олардың құрылысы, көбеюі және
дамуы. Бұрын споралыларға жатқызылған қарапайымдылардың систематикалық жағдайына
қазіргі кездегі көзқарастар. Апикальды органелла комплексі. Грегариналардың және
кокцидиялардың тіршілік
кезеңінің
ерекшелігі.
Медициналык
маңызы.
Безгек
плазмодиялары. Паразиттердің негізгі және аралық иелері.
3.1.2 Төменгі сатыдағы көп клеткалылар
Көп жасушалы жануарлардың шоғырлы қарапайымдылардан айырмашылығы. Ұрық
жапырақшалары туралы ілім. Көп жасушалы жануарлардың эмбриональдық дамуы, негізгі
сатылары. Қарапайымдылар мен көп жасушалылардың жасушаларының ұқсастығы мен
айырмашылығы.
Губкалар типі (Spongia). Губкалардың құрылысының, көбеюінің дамуының
ерекшеліктері. Губкалардың дене қабырғасы жасушаларының құрамы. Парагастраль
қуысының қызметі. Губкалардың табиғаттағы және адам үшін маңызы.
Ішекқуыстылар (Coelenterata) – нағыз көпжасушалылар. Типтің жалпы сипаттамасы,
систематикалық шолу. Сәулелі симметрия және қолонияның түрлері, эктодерманың және
эндодерманың
диференциясы.
Ішек
қуысының
функциясы.
Ішекқуыстылардың
салыстырмалы-анотомиялық сипаттамасы. Гидроидтылармен сифонофораларды мысалға
алып ішекқуыстылардың қолониялық құбылысы. Полип пен медузалардың құрылысындағы
және өмір сүруіндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтар. Ішекқуыстылардың көбеюі және
дамуы. Теңіз гидроидты полиптері мен сцифомедузалардың (Scyphozoa) даму циклы. Судағы
омыртқасыздардың манызы.
Ескектілер типі - Ctenophora. Типтің сипаттамасы, симметриясының және ішкі
құрылысының ерекшеліктері. Көбеюі және дамуы.
3.1.3 Үш қабатты, паренхиматозды жануарлар
Жалпақ құрттар типі (Plathelminthes). Жалпақ құрттардың жалпы сипаттамасы және
алуан түрлілігі. Паразиттік тіршілік ету - биологиялық қарым-қатынасының бір формасы.
Жалпақ құрттардағы паразитизмнің пайда болуының себептері. Экто-, эндопаразитизм және
паразиттік-ие ұғымы. Коэволюциялық қарым-қатынасының негізгі және аралық иелер
туралы ұғымы.
Жалпақ құрттар мен олардың иелерінің биохимиялық адаптациясы. Жалпақ құрттарға
салыстырмалы анатомиялық шолу және тіршілік жағдайлары. Кірпікшелі құрттардың
(Turbellaria), Сорғыштар (Trematoda), моногенетикалық сорғыштардың (Monogenea),
дигенетикалық сорғыштар-дың (Digenea), таспа құрттардың (Cestoda) мүшелерінің жүйесінің
ерекшелігін зерттеу. Жалпақ құрттардың көбеюі және дамуы. Тіршілік циклінің күрделілігі
және личинка стадиялары. Жалпақ құрттардың медицинадағы және ветеринариядағы
маңызы. Балықтармен және кәсіптік гидробионттарда паразиттік тіршілік ететін құрттардың
әр түрлі стадиялары және олармен күресу шаралары. Суқоймаларда жалпақ құрттардың
личинкаларының қорек тізбегіндегі маңызы.
3.1.4 Алғашқы қуыстылар
Алғашқы қуысты немесе Жұмыр құрттар типі. Жұмыр құрттардың жалпақ
құрттармен салыстырғанда құрылысындағы прогрессивті белгілер. Алғашқы дене қуысты
құрттардың жалпы сипаттамасы, олардың алуан түрлілігі және эқологиялық радиациясы.
Жұмыр құрттар типінің салыстырмалы анатомиясы. Тері-бұлшык ет қапшығының
және мүшелері жүйесінің құрылысы. Еркін өмір сүретін және паразиттік тіршілік ететін
құрттардың алмасу процесіндегі ерекшеліктері. Жұмыр құрттардың көбеюі және дамуы.
Тіршілік циклы және иелерін ауыстыру. Паразиттердің дамуында аралық және ақырғы
иесінің маңызы, олардың ауру қоздыруы. Гельминтозға қарсы профилактикалық шараларды
орындау. Жұмыр құрттардың тіршілік формаларының және өмір сүру ортасының әртүрлілігі.
Немертиндер типі. Тікенбас құрттар типі.
3.1.5 Төрт қабатты, целом қуысты жануарлар - Coelamata
Буылтық құрттар типі (Annelida). Көпқылтанды (Polychaeta) және азқылтанды
(Оligochaeta) құрттардың, сүліктердің (Hirudinea) целомының модификациясы. Сыртқы және
ішкі құрылысының метамериясы. Буылтық құрттар типінің жалпы сипаттамасы және
систематикалық шолу. Көпқылтанды және азқылтанды құрттардың өмір сүру ортасына
шолу. Суда және құрлықта өмір сүруге бейімделу. Топырақ – өмір сүру ортасы. Буылтық
құрттардың құрылысының салыстырмалы анализі. Жабық қан айналу жүйесінің құрылысы.
Буылтық құрттардың ас қорыту жүйесінің құрылысы. Метанефридиялар және олардың
қызметі. Жүйке жүйесі мен сезім мүшелері. Буылтық құрттардың жыныс жүйесінің
құрылысының ерекшелігі. Көбею тәсілдері және дамуы. Личинка - трохофора, оның
құрылысы және метаморфозы. Балықтардың қоректенуінде буылтық құрттардың маңызы.
Буылтық құрттардың су биоценоздарда және геобиоценоздардағы маңызы.
Сүліктердің гематофаг ретіндегі құрылыс ерекшеліктері. Еркін тіршілік ететін және
паразит сүліктердің түрлері.
Сүліктердің практикалық маңызы және қолдан өсіру болашағы.
Буынаяқтылар типі – Arthropoda.
Буынаяқтылардың
жалпы
сипаттамасы
және
систематикалық
шолу.
Буынаяқтылардың негізгі кластары және алуан түрлілігі. Өмір сүру ортасы және тіршілігі.
Буынаяқтылардың денесінің сегментациясы, тагматизациясы және бунақталған аяқтарының
шығу тегі мен гипотезасы. Хитинді экзоскелеттің құрылыс ерекшелігі. Миксоцель –
целомнан оның айырмашылығы. Желбезек тыныстылардың (Branchiata), Хелицералылардың
(Chelicerata), Кеңірдектыныстылардың (Tracheata) мүшелерінің жүйесі, құрылысының
салыстырмалы анализы. Буынаяқтылардың суда және құрлықта өмір сүруге бейімделуі.
Желбезек тыныстылардың жалпы сипаттамасы, алуан түрлілігі және систематикалық
шолу. Шаянтәрізділердің эқологиялық деңгейлері және биологиясының ерекшелігі.
Шаянтәрізділерге (Crustacea) салыстырмалы-анотомиялық шолу. Денесінің сегментациясы
және аяқтарының құрылысы. Газ алмасу және тыныс алу. Жабынның және бұлшық ет жүйесі
құрылысының ерекшелігі: гемоцель және оның функциясы. Ас қорыту және зәр шығару
жүйелерінің құрылыс ерекшелігі. Шаян тәрізділердің қоректену базасы. Жүйке жүйесінің
және сезім мүшелерінің құрылысы. Шаян тәрізділердің көбеюі және дамуы, личинкалық
стадиялары және біртіндеп метаморфозбен дамуы.
Желбезек аяқты шаянтәрізділер (Branchiopoda). Олардың суқоймалардағы маңызы
және ескекаяқтылар шаяндарды (Copepoda) қолдан өсіру. Жалпы сипаттамасы, және
биологиясының ерекшелігі. Алуан түрлілігі және практикалық маңызы. Паразиттік тіршілік
ететін ескекаяқтылар, олардың дамуы, таралуы, практикалық маңызы. Жоғарғы сатыдағы
шаянтәрізділер (Malacostraca). Кәсіптік түрлері. Олардың гидробиоценоздағы және
практикалық маңызы.
Хелицералылардың
жалпы
сипаттамасы
және
классификациясы.
Семсерқұйрықтылар, шаянқұршаяндар, өрмекші тәрізділердің өмір сүру ортасы.
Хелицералылардың сыртқы және ішкі құрылысы. Өрмекші тәрізділердің көбею және даму
ерекшелігі, табиғаттағы маңызы. Кенелердің морфологиялық жене эқологиялық әртүрлілігі,
олардың табиғатта және адамға маңызы.
Кеңірдектыныстылар. Жалпы сипаттамасы, денесінің сегменттелуі. Тыныс алу
жүйесінің құрылысының ерекшелігі, аяқтары және олардың функционалды әртүрлілігі.
Үстіңгі қабаты және олардың туындылары. Көпаяқтылардың сыртқы және ішкі құрылысы.
Денесінің метамериясы. Көпаяқтылардың өмір сүру ортасы және тіршілік етуі, олардың
топырақ дамуындағы маңызы.
Насекомдар типі - Insecta. Класқа систематикалық шолу және олардың алуан
түрлілігі. Насекомдардың сыртқы және ішкі құрылысы. Насекомдардың суқоймаларда және
құрлықта тіршілік етуге бейімдеушілігі. Насекомдардың көбеюі. Насекомдардың
эмбриональдық және постэмбриональдық дамуы. Насемкомдардың практикалық және
гидробиоценоздағы манызы. Насемкомдардың қолдан өсірудегі мақсаттары мен міндеттері.
Онихофоралар типі.
3.1.6 Сегменттелмеген, целом қуысты жануарлар
Моллюскалар типі - Мollusca. Моллюскалардың құрылысы мен дамуының негізгі
белгілері. Моллюскалардың систематикасы және алуан түрлілігі. Бауыраяқтылар, тақта
желбезектілер және басаяқты моллюскалар. Олардың тіршілік циклы, мекен ететін ортасы.
Салыстырмалы түрде моллюскалар класының сыртқы және ішкі құрылысы.
Моллюскалардың көбеюі мен дамуы, практикалық маңызы.
3.1.7 Екінші реттік ауыздылар-Deutorostomia
Тікентерілілердің (Echonodermata) жалпы сипаттамасы және алуан түрлілігі.
Погонофоралар (Pogonophora), Қылтанжақтылар (Chaetognatha) типтерінің құрылысының,
биологиясының
ерекшеліктері және алуан түрлілігі. Жартылай хордалылар типінің (Hemichordata) жалпы
сипаттамасы, құрылысы.
4 Хордалылар типі – Chordata
Хордалылар типіне жалпы сипаттама, жануарлар әлеміндегі орны Хордалылардың
негізгі морфо-физиологиялық және экологиялық ерекшеліктері. Хордалылардың
омыртқасыз жануарлар типтерімен ұқсастығы мен айырмашылығы. Хордалылардың шығу
тегі және филогениясы. Хордалыларға тән белгілер. Хордалылар типінің, типтармағы,
класүсті, кластар, отрядтар, тұқымдастар систематикасы. Хордалыларды зерттеудің
теориялық және практикалық маңызы. Олардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.
4.1 Қабықтылар типтармағы – Tunicata, seu Urochordata
Типтармағының ұйымдасуының негізгі белгілері. Системасы және таралуы.
4.1.1. Асцидиялар класы - Ascidia
Ересектері мен дернәсілдерінің ішкі органдар жүйесінің құрылыс ерекшеліктері.
Асцидияның көбеюі. Асцидия личинкасының таралу аймағын кеңейтуде алатын орны. Жеке,
колониальды, отырықшы және жүзгіш формалары.
4.1.2 Сальпалар класы – Salраеа
Ересек сальпалар мен личинкаларының органдар жүйесінің құрылым ерекшеліктері.
Сальпалар мен бөшкетайлардың көбеюі мен дамуы. Жеке және колониальды формалары.
Метагенез және оның биологиялық маңызы.
4.1.3 Аппендикуляриялар класы — Appendicularia
Ересек аппендикуляриялар мен личинкаларының органдар жүйесінің
құрылым ерекшеліктері. Көбеюі және дамуы. Жеке және колониальды формалары.
Аппендикуляриялар личинка хордалылардың шығу тегі, неотениялық тобы.
Личинкахордалылардың шығу тегі және эволюциясы жайындағы болжамдары.
Қабықтылар эволюциясындағы прогресс пен регресс жайындағы гипотезалар.
4.2 Бассүйексіздер типтармағы – Acrania
Бассүйексіздерге жалпы сипаттама. Систематикасы және таралуы.
4.2.1 Басхордалылар класы – Cephalocordata
Ланцетниктің эмбриональды дамуы. Омыртқалылардың арғы ата-тегіне жақын
бассүйексіздер типтармағын зерттеудің теориялық маңызы. Ланцетникті мысалға алып
бассүйексіздерге морфологиялық және биологиялық сипаттама: жабын құрылысының, ас
қорыту, жүйке, тыныс алу, қан тасымалдау, зәр-жыныс жүйелерінің ерекшеліктері.
Ланцетникке тән омыртқалы жануарлардың белгілері.
4.3 Омыртқалылар типтармағы – Vertebrata
Омыртқалылар типтармағының жалпы морфологиялық және биологиялық
сипаттамасы. Омыртқалылар типтармағының системасы. Омыртқалылардың негізгі
таксономиялық бөлімдері және олардың туыстық байланыстары. Омыртқалыларды
анамниялар мен амниоталарға бөлудің морфофизиологиялық негіздері.
4.3.1 Жақсыздар бөлімі - Agnatha
4.3.1.1 Дөңгелекауыздылар класы -Сyclostomata
Дөңгелекауыздылардың органдар жүйесінің құрылым ерекшеліктері. Омыртқалылар
жүйесіндегі дөңгелекауыздылардың орны, шығу тегі.Қазіргі кездегі отрядтары: Миногалар
мен Миксиндер, олардың морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері. Географиялық
таралуы. Дөңгелекауыздылардың кәсіптік маңызы.
4.3.2.Жақауыздылар бөлімі- Gnathostomata
4.3.2.1 Балықтар класүсті тармағы - Pisces
Жақауыздылар класүсті тармағының морфологиялық және биологиялық сипаттамасы.
Балықтар экологиясы. Балықтардың экологиялық топтары. Балықтардың шығу тегі мен
систематикасы.
4.3.2.1.1 Шеміршекті балықтар класы- Chondrichthyes
Шеміршекті балықтардың органдар жүйесінің құрылысындағы морфологиялық
ерекшеліктер.Жабыны, қаңқасы, ішкі органдар жүйесінің ерекшеліктері .Орталық жүйке
жүйесі мен сезім мүшеларінің ерекшеліктері. Мінез құлқы, көбеюі және дамуы. Шеміршекті
балықтардың шығу тегі және эволюциясы, олардың жүйедегі орны. Қазба шеміршекті
балықтардың жалпы морфологиясы және биологиялық сипаттамасы. Тіршілік еткен уақыты
және қазіргі шеміршекті балықтармен байланысы.
Тақтажелбезектілер немесе Акула балықтар кластармағы - Elasmobranchi. Органдар
жүйесі ұйымдасуының ерекшеліктері. Негізгі отрядтары, биологиясы мен құрылысындағы
ерекшеліктері. Географиялық таралуы және Тақтажелбезектілердің кәсіптік маңызы.
4.3..2.1.2 Сүйекті балықтар класы-Osteichthyes
Cүйекті балықтардың жалпы сипаттамасы және органдар жүйесінің құрылысындағы
морфо-физиологиялық ерекшеліктері. Мінез-құлқы, көбеюі мен дамуы. Сүйекті
балықтардың шығу тегі мен эволюциясы, систематикасы.
Кластармағы Қалаққанаттылар (Sarcopterygii). Қалаққанаттылардың құрылысының
ерекшеліктері. Тіршілік еткен уақыты және шығу тегі.
Отрядүсті Саусаққанатты балықтар - Cressopteygimorpha. Қазба және қазіргі
саусаққанатты балықтардың-құрылысы. Бассүйектің, посткраниальды қаңқа мен аяқтарының
бас бөлімінің морфологиялық құлылысы. Биологиясы және таралуы.
Отрядүсті қостынысты балықтар - Dipeustomorha. Қостынысты балықтардың
құрылыстарының ерекшеліктері. Бассүйегі, посткраниальды қаңқа мен бос жатқан бөлімінің
морфологиялық ерекшеліктері. Биологиялық және географиялық таралуы.
Сәулеқанатты балықтар кластармағы - Actinopterygii. Сәулеқанатты балықтар
кластармағының органдар жүйесінің ұйымдасу ерекшеліктері, ганоидты балықтардың
тіршілік еткен мерзімі және шығу тегі. Биологиялық алуантүрлілігі. Сәулеқанатты
балықтардың систематикасы. Шеміршекті, сүйекті, ганоидты және нағыз сүйекті
балықтардың морфологиялық және биологиялық құрылыс ерекшеліктері. Бұлардың
органдар жүйесіндегі қарапайым және прогрессивті белгілері. Ганоидты және сүйекті
балықтардың биологиясы және систематикасы. Географиялық таралуы, сәулеқанатты
балықтардың негізгі отрядтарының кәсіптік маңызы.
4.3.2.2 Төртаяқтылар класүсті тармағы - Tetrapoda
Омыртқалылардың құрғаққа шығуының морфологиялық және экологиялық алғы
шарттары. Бессаусақты аяғының пайда болуы. Тынысалуы, қанайналуы,т.б жүйелерінің
эволюциясы. Жабын бұлшық еті, посткраниальды және бас қаңқаларындағы өзгерістер. Түз-
су алмасу, сезім органдарының және жүйке жүйесінің қайта құрылуы.
4.3.2.2.1 Қосмекенділер класы-Amphibia
Қосмекенділердің жалпы биологиялық және морфологиялық сипаттамасы: Суда және
құрлықта тіршілік етуіне байланысты органдар жүйесінің құрылысының ерекшеліктері.
Личинкалық және ересек сатыдағы амфибиялардың ұйымдасуына анатомиялық шолу.
Негізгі экологиялық топтар. Негізгі отрядтарына сипаттама және қосмекенділердің морфо-
биологиялық сипаттамасы, тіршілік ету уақыты және қазіргі қосмекенділермен байланысы.
4.3.2.2.2 Бауырмен жорғалаушылар класы- Reptilia
Бауырмен жорғалаушылардың морфо-биологиялық сипаттамасы. Жабынының,
тынысалуы, түз-алмасу, қанайналу жүйелерінің құрылысындағы рептилияның құрғаққа
шығуына сәйкес ерекшеліктер. Рептилиялардың көбеюі және эмбриональдық дамуы.
Әртүрлі тіршілік ортасына бейімделуі, мінез-құлқы. Бауырмен жорғалаушылардың шығу
тегі және эволюциясы. Котилозаврдың жалпы морфологиялық сипаттамасы. Ұшуға
бейімделуі. Көне рептилиялардың тіршілік еткен кезеңі, олардың жойылу себептері. Қазіргі
бауырмен жорғалаушылардың систематикасы мен географиялық таралуы.
Анапсидтер кластармағы - Anapsida. Анапсидтердің органдар жүйесінің
құрылысының ерекшеліктері. Жабынының, бас және посткраниальды қаңқаларының тыныс
алу жүйесінің құрылысындағы ерекшеліктер. Тасбақалардың экологиясы және географиялық
таралуы.
Архозаврлар кластармағы - Archosauria. Архозаврлардың органдар жүйесінің
құрылысының ерекшеліктері. Крокодилдердің қанайналу, асқортуы және жүйке жүйелерінің
құрылысындағы ерекшеліктер. Крокодилдердің биологиясы және таралуы.
Лепидозаврлар кластармағы - Lepidosauria. Лепидозаврлардың органдар жүйесінің
құрылысының ерекшеліктері, систематикасы. Тұмсықбастылар мен қбыршақтылар
құрылымының қарапайым және прогрессивті белгілері.Улытістілер Лепидозаврлар
тұқымдастарының биологиясы мен географиялық таралуы.
4.3.2.2.3 Құстар класы - Aves
Құстардың морфо-функциональдық сипаттамасы. Құстардың мүшелер жүйелерінің
морфо-физиологиялық құрылысы. Жабынының, қаңқасы, бұлшық ет аппараты, тынысалу
және қанайналу жүйелерінің құрылысындағы, олардың ұшуға бейімделуіне сәйкес
ерекшеліктер. Ұшуға биомеханикасы. Құстардың көбеюі және эмбриональды дамуының
ерекшеліктері. Жеке топтардың бейімдеушілік ерекшеліктері. Мінез-құлқы, оның маңызы.
Құстардың миграциясы және бағдарлауы. Құстардың шығу тегі және эволюциясы. Ертедегі
құстардың ең басты топтарының сипаттамасы. Тіршілік еткен мерзімі және қазіргі құстармен
байланысы. Географиялық таралуы және қазіргі құстардың отрядтары.
Желпуіш құйрықтылар, немесе Нағыз құстар кластармағы-Neornithes.
Жүзгіш қыртөссүйексіз және қырлы төссүйекті құстарға салыстырмалы-анатомиялық шолу.
Желпуіш құйрықты құстардың негізгі отрядтары мен тұқымдастарының биологиясы,
географиялық таралуы және сипаттамасы.
4.3.2.2.4 Сүтқоректілер, немесе аңдар класы-Mammalia, seu Theria
Сүтқоректілердің морфологиялық және биологиялық сипаттамасы. Жабыны, қаңқасы,
бұлшық ет және ішкі органдар жүйесі құрылысының морфо-физиологиялық ерекшеліктері.
Сүтқоректілердің негізгі экологиялық топтары және олардың құрылым ерекшеліктері.
Сүтқоректілердің көбеюі және эмбриональды дамуы. Мінез-құлқы. Қоректену және қорегін
ұстау тәсілдері. Жылдың қолайсыз кезеңдеріне бейімделуі: миграция, ұйқыға кету, ұйықтау.
Ұрпағына қамқорлық жасау. Сүтқоректілердің биоценоздағы рөлі, кәсіптік маңызы. Шығу
тегі және эволюциясы. Ертедегі сүтқоректілердің ең басты топтарының сипаттамасы.
Географиялық таралуы және сүтқоректілердің қазіргі отрядтарына шолу.
Алғашқы аңдар немесе клокалылар кластармағы - Prototheria. Алғашқы аңдардың
сипаттамасы, таралуы, экоголиясының ерекшеліктері.
Аңдар кластармағы - Theria. Қалталы және плаценталы аңдардың органдар жүйесінің
құрылым ерекшеліктері. Көбею және дамуы. Қалталы және плаценталы сүтқоректілердің
географиялық таралуы және негізгі отрядтарына сипаттама.
Қазақстан жануарларының әлемі. Оның қалыптасуының сатылары. Қазақстанның
омыртқалы жануарларының негізгі таксономиялық топтарының биологиясы, таралуы және
систематикасы. Қазақстанның жануарлар әлемін қорғау және қайта құру.
Достарыңызбен бөлісу: |