Силлабус медицина факультеті «Профилактикалық медицина» кафедрасының мәжілісінде талқыланған



бет2/14
Дата15.06.2023
өлшемі198,5 Kb.
#101671
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
1.6 Оқытушылар туралы мәлімет:
Ерманова Салтанат Акбердиевна м.ғ.к.,профессор
Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы :Дәлелді медицина
Байланысу ақпараты: №414 бөлме, Медицина факультетінің ғимараты, ХҚТУ Университет қалашығы, Оңтүстік Қазақстан облысы
Мустафаева Айман Абдугапаровна-оқытушы
Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы : Дәлелді медицина
1.7 Байланысу ақпараты: №308 бөлме, Медицина факультетінің ғимараты, ХҚТУ Университет қалашығы, Оңтүстік Қазақстан облысы


1.8Пәннің саясаты:
Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-і медицина кластерінің 2014-2015 оқу жылындағы «Медициналық білім беру саласындағы педагогикалық стратегия» талаптарына сәйкес студенттің білімін бағалау формативті (электронды журналға енгізілмейтін) және суммативті (қорытынды сабақ, аралық бақылау, емтихан) түрде жүргізіледі.
Университеттің оқу үдерісін ұйымдастыру және емтихан регламентінің 7 бабына сәйкес студенттердің сабаққа қатысуы міндетті. Студенттің сабаққа келмеген күндері, әрбір семестр бойынша жеке есептегенде жалпы оқу бағдарламасындағы сағат мөлшерінің 10% аспауы тиіс. Денсаулығы бойынша сабаққа келмеген күндері осы пайыздық шектеу ішіне кірмейді. Денсаулығы туралы анықтамасы университет клиникасына немесе АИ–да үш күнде тіркеліп, сабаққа деканаттан өтеуге рұқсат қағазымен келуі тиіс. Себепті жіберген сабақтарын блокқа дейін өтеуі қажет. Студент сабаққа қатыспаған кезде өтілген тақырыптарды және пән оқытушысы тарапынан берілген тапсырмаларды өз бетінше орындауы қажет. Сабаққа келмеген студенттер үшін өтілген сабақ қайталанбайды.
Студент семестр соңындағы немесе оқу жылы соңындағы емтиханға кіруі үшін, денсаулығына байланысты сабақтан қалған күндерін есептемегенде, пән бойынша аудиториялық сабақтардың ең кемі 90%-на қатысуы қажет. Сабақтарға қатыспауына немесе өтпелі балл жинай алмауына байланысты емтиханға жіберілмейтіні туралы, сессия басталмас бұрын пән оқытушысы тарапынан студентке хабарланады. Сессия басталмас бұрын кафедра меңгерушісінің ұсынысы негізінде ол студент деканат тарапынан емтиханға жіберілмейді.
«Айғақтық медицина» пәнін зерттей отырып, студент әртүрлі науқастармен тиімді медицина дағдыларын жетілдіреді, әріптестермен, орта және кіші медицина қызметкерлер арасында тіл табысу дағдыларын құрады және дамытады, оқытушы дәрігер тұлғасына қойылған психологиялық талаптар жөнінде түсінік қалыптастыру, ем қонбайтын науқастармен жұмыс жүргізу дағдыларын құрады, өзара коммуникациялық салада жеке бас комплементтілік деңгейін жоғарылату мотивациясын қалыптастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет