Силлабус педагогикалық зерттеудің әдіснамасы және әдістері



бет17/213
Дата16.04.2022
өлшемі1,88 Mb.
#31230
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   213
Байланысты:
Силлабус педагогикалы зерттеуді діснамасы ж не дістері

Тарихилық және қисындылықтың қарым-қатынасы: кез келген зерттелетін проблеманың мәні, оның тарихи дамуымен тығыз байланысты. Тарихилық пен қисындылық принципі барлық психологиялық және педагогикалық зерттеулерге тән. Проблеманы таңдап, оны негіздеуде тарихилық пен қисындылық принциптерді дұрыс қолдана білу керек.


Жетекші идея: егер проблема дұрыс қойылған болса, онда оның басты бағыты белгіленіп тұр деген сөз. Қойылған проблеманы шешу үшін бірнеше жылдар зерттеу жүргізу қажет пе? - деген сұрақ болуы мүмкін. Проблеманы шешу, оның идеясымен және зерттеуімен анықталады. Жетекші идея зерттеудің ең басты мәселесі. Кейде жетекші идея тек бір қырынан ғана зерттеліп, оған қайшы құбылыстар мен процестер ескерілмей қалады. Осыған орай жетекші идеяны, қойылған мақсатқа байланысты жан- жақты талдау қажет. Жетекші идея мен зерттеудің жалпы бағыты – зерттеудің басты координаты, оның «даралығынң сипаттайды. Ғылымның дамуына ықпал ететін - іргелі зерттеулер мен маңызды идеялар. Идеялар ғылымның алтын қоры десек те болады.

Проблеманы таңдау: оқу-тәрбие жұмысына қажеттілігіне, адам тәрбиелеудегі қоғамның перспективалық талабына, педагогика ғылымының жалпы және жеке салаларының дамуына және зерттелмеген тың мәселелерді ескеруге байланысты.

Ғылым саласында және жеке зерттеулерде де, келешек пен сабақтастық заңдылықтары сақталуы тиіс. Проблеманы анықтау - зерттеу логикасын іске асырады. Зерттелетін проблема нәтижелі болу үшін педагогикада және онымен шектес ғылым салаларында зерттелейін деген мәселе белгілі деңгейде зерттелген болуы тиіс.

Практика мен өмірдің қажеттілігін, бұрынғы зерттеушілердің зерттеулерін талдау, нақты зерттеу мақсатын қою, проблеманы анықтауға көмектеседі. Проблеманың құндылығын практика анықтайды. Қазіргі кезеңдегі педагогикалық проблеманы анықтай білудің мәні орасан зор.

Болжамның рөлі: педагогикалық зерттеуде шындыққа жету үшін, болатын нәрсені ойда түйіндеп, оны іске асыру жолдары мен алынатын нәтижелері болжанады. Болжам ғылыми зерттеудің тірек көзі. Болжам құра білу өте күрделі. Болжам жетекші идеямен бірге туындайды және проблеманың мәнін түсіну барысында дамиды. Алғашқы жұмыс болжамы, уақытша бар фактіні жүйеге келтіру үшін қолданылады. Ал, ғылыми немесе шынайы болжам ауқымды материал жинақталғаннан кейін жасалады, ол логикалық тұрғыдан қорыту, кейбір түзетулер арқылы ғылыми теорияға айналады.

Алғашқы жұмыс болжамы мен ғылыми болжам арасындағы ерекшелік салыстырмалы нәрсе.

Қарапайым тұспалдан болжамның ерекшелігі:

Ұсынылған болжамның фактіге сәйкес келуі, оны тексеруге болатындығы, ауқымды құбылыстарға қолдануға болатындығы, мүмкіндігінше қарапайым болуы.

Болжам екі бөліктен тұрады: бірінші - кейбір қағидаларды ұсыну, онан кейін оны логикалық және практикалық жағынан дәлелдеу.

Зерттеудің негізгі кезеңдері: ғылыми зерттеу өте күрделі, әр жағдайда өз логикасымен, зерттеу әдістерімен және ұйымдастырылуымен ерекшеленеді.

Біріншіден, зерттеудің нақты міндеттерін анықтау. Ол үшін негізгі ғылыми әдебиеттерді оқып, оның зерттелу жәйін анықтау шарт. Зерттеудің теориялық, практикалық жақтары жан-жақты ескерілуі тиіс.

Екіншіден, бар материалдарды жинақтау және оларды есепке алу. Олар: проблеманың тарихы мен теориялық жағдайын сипаттайтын әдебиеттер; мектеп және мұғалім тәжірибесін ескеру; педагогикалық құжаттар; оқу шылардың шығармашылық және оқу-тәрбие істері; тәжірибеліе жұмыс және педагогикалық эксперимент. Осы жұмыстардың барлығы педагогикалық процестің бір-бірімен байланысын және оқушылардың даму заңдылықтарын анықтауға көмектеседі.

Барлық материалдарды жинақтап, оларды есепке алып, талдап, қорытындылау: Біріншіден, фактілерден идеяларға. Фактілер дәлелді және шынайы болулары тиіс. Фактілер теорияға негіз болу үшін ғылыми танымдық жағынан ескерілу қажет. Екіншіден, эксперименттік тексеру және ұжымдық талқылау. Үшіншіден, ғылыми нәтижелерді жүйелеу, жазу. Зерттеу нәтижесі түйін мен қорытындыда беріледі. Бұл зерттеудің түйіні, теорияны байытатын ең маңызды нәрсе, оны нақты, негізделген түрде жазу қажет. Төртіншіден, практикаға ендіру, екі түрлі болады: тікелей нұсқау арқылы және ғылыми эксперимент арқылы.

Педагогикалық қызмет пен педагогикалық процесс саласындағы ғылыми зерттеудің мәні мынадай жалпы проблемелер болып табылады:

1.Педагогикалық қызмет пен педагогикалық процесті ұйымдастырудың қоғамдық құбылыс ретінде тәрбие заңдарының талаптарына сәйкестік дәрежесі. Оқыту мен тәрбие мазмұнының, нысандары мен әдістерінің өндіргіш күштерді дамыту талаптарына, қоғамдық қатынастар практикасының сұраныстарына сәйкестігін дер кезінде белгілеудің айрықша маңызы бар.

2. Педагогикалық қызмет мен педагогикалық процесс дегеніміз- өте күрделі қоғамдық құбылыс, ол тек тәрбие заңдарына негізделіп қана қоймайды. Олар заңдылықтарға және физиология, психология, философия сияқты аралас ғылымдардың деректеріне сүйенеді. Мұның өзі педагогикалық процестер мен ахуалға кешенді әдістемелерді арнайы оқып үйренуді талап ететін өзіндік сипат береді. Мысалы, педагогтың жеке тәсілді жүзеге асыруы, ұжымдық және топтық қатынастарды ұйымдастыру, балалар білімдерінің, олардың мүдделері мен ұмтылыстарының жан-күйін диагностикалау, педагогтың өзара іс-қимылдың нақты психологиялық-педагогикалық жағдайларын есепке алып отыруы- осының бәрі шектес ғылымдарға сүйенуді қажет етеді.

3. Педагогикалық қызмет пен педагогикалық процестің тиімділігі қашанда педагогтар мен тәрбиеленушілердің арасындағы қарым-қатынасты тұрақтандыру, оны қалыпты жағдайға келтіру жөнінде ұсынымдар беруге тиіс.

4. Педагогика тәрбие процесі мен ондағы педагогикалық ахуалдың тиімді өтуінің субъективтік-объективтік жағдайларын зерттейді. Ол бала өмірін ұйымдастырудың барлық нысандарын тиімді пайдаланудың, әр түрлі қызмет түрлерін ұйымдастырудың педагогикалық әдістерін белсенді қолданудың бастапқы ұсынымдарын береді.

5. Педагогикалық ғылым диагностикамен де айналысады. Ол педагогикалық тұрғыдан әсер етудің, барлық процестің нәтижелерін зерделейді. Оның міндеті мұғалімдердің өзінің педагогикалық іс-әрекетін түзеу мақсатында оларға кері ақпаратты алу, өңдеу және беруге көмектесу болып табылады.

6. Тәрбиенің нақты қоғамдық жағдайлары мен міндеттерін ескере отырып, педагогика ғылыми балалар мен оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың жаңа жүйелерін жасайды, кең көлемді педагогикалық эксперименттерді ұйымдастырады.

7. Педагогика ғылымының оның қолданбалы саласындағы мәні озат педагогикалық тәжірибені, оны тарату және тиімді енгізу жағдайларын зерттеу болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   213




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет