Байланысты: Силлабус педагогикалы зерттеуді діснамасы ж не дістері
Педагогикалық тәжірибенің факторлары. Педагогикалық тәжірибе процеске зерттеу мақсатына сәйкес педагогикалық құбылысына жаңа шарттар жолдары арқылы белсене ықпал жасалды, жаңа шарттар жасау, жаңа факторлар енгізумен қатар бар факторларды өзгертуді қажет етеді. Зерттеушімен кіргізілген немесе өзгертілген фактор тәуелсіз өзгертушінің әсерімен өзгерген факторды тәуелді өзгеруші дейміз. Тәжірибенің нәтижесіне қомақты әсер ететін факторларды қосымша өзгергіш дейміз. А.А.Кыверялт қосымша өзгерткәштерді негізгі топқа бөледі:
оқушылардың жеке дара қасиеттері мен шартталған қосымша өзгерткіш.
мұғалімнің жеке дара қасиеттерімен шартталған өзгерткіш.
оқу процесіне байланысты факторлар
нәтижелері бақылауға байланысты факторлар
Қосымша көрсеткіштердің тәжірибе нәтижесіне әсерін азайту мақсатында әртүрлі әдіс-тәсілдер қолданылады.
объективті емес нәтиже көрсететін жанамалы өзгерткіштерді айырықшылау
өздерінің жеке қасиеттеріне байланысты бірдей тәжірибелік және бақылау сыныптардытаңдау
мұғалімнің жеке дара қасиеттеріне шартталған жанама көрсеткіштерді бірдей қылу.
тоғысу топтпрында тәжірибе өткізу арқылы оқушылардың жеке дара қабілеттерімен шартталған жанама өзгерткіштерді бірдей қылу.
бақылауды қабылдаумен шартталған жанама өзгертгіштерді бірдей қылу.