Зерттеу проблемасы қайшылық ретінде: зерттеу мәселесінің табиғаты күрделі, сондықтан зерттейтін танымдық проблема ескі білімді жаңа білімге алмастыруы тиіс, ал жаңа өзінің кемелденген қалпына әлі жете қоймағандықтан, осы қайшылық танымды дамытып, жаңа ғылыми нәтиже әкеледі.
Зерттеу проблемасы ғылым мен практика арасындағы қайшылықты көрсетеді. Оның табиғаты диалектикалық таным заңдылығы арқылы түсіндіріледі. Ғылыми танымның дамуы қалыптасқан теория мен қазіргі практика арасындағы қайшылықты көрсетеді.
Ғылыми білімнің дамуы барысында қайшылықты тенденция пайда болады: біріншіден - ескі түсінікті жаңа болжам негізінде өзгертіп, екіншіден - бұрынғы теорияның іргелі негіздерін сақтап қалу қажет. Жаңа мен ескінің арасындағы қайшылықты, ескіні қажетсіз деп тусінуге болмайды. Педагогикалық зерттеулер - оқыту мен тәрбиенің жаңа тиімді мақсаттарын жүзеге асыруды көздеуі шарт. Жаңа өзінен-өзі пайда болмайды, ол ескінің орнында пайда болады.
Зерттеу проблемасының шынайылығы: зерттеушінің ашқан белгісіз жаңалығы шын мәнінде жаңа ма? Зерттеушінің тұспалы бойынша зерттелген ауқымдағы ғылымға белгісіз заңдылық шын мәнінде бар ма? Зерттеуші ғылым мен практиканың қажеттілігін шешуді көздеу керектігін шын мәнінде түсіне ме?
Міне, осы өлшемдер ескерілсе ғана, проблеманың мәні мен оның шынайылығы анықталады.
Зерттеу жүргізу үшін педагогикалық процесті біртұтас көре білу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |