Силлабус педагогикалық зерттеудің әдіснамасы және әдістері


Формальді, қарапайым әдістер



бет55/213
Дата16.04.2022
өлшемі1,88 Mb.
#31230
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   213
Байланысты:
Силлабус педагогикалы зерттеуді діснамасы ж не дістері

Формальді, қарапайым әдістер: құбылыстар мен процестер абстрактіленіп қолданылады. Олар мазмұнды әдістердің негізінде іске асады. Мысалы, педагогикалық құбылыстарды, процестерді сандық жағынан модельдеу, кибернетикалық жағынан моделдеу.

Теориялық талдау мен жинақтау әдісі: Зерттеу міндеттерін, пәнін, қисынын, әдістерін, нәтижелерін теориялық жағынан қарастыру.

Басқа ғылымдар тәрізді педагогика ғылымында бірнеше жалпы ғылыми зерттеу әдістері қалыптасқан:

1. Жалпы теориялық – талдау, синтез, салыстыру, индукция, дедукция, абстракция, нақтылау, жіктеу.

2. Әлеуметтік – сауалнама, сұхбаттасу, рейтинг.

3. Әлеуметтік-психологиялық – социометрия, тест, тренинг.

4. Математикалық– ранжирлеу, шәккілеу (шкалалау)

Педагогикалық ізденісте зерттеу әдістерін шартты түрде теориялық және эмпирикалық деп бөлуге болады.

Теориялық зерттеу әдістеріне: формализациялық, аксиоматикалық, гипотетико-дедуктивтік әдістер жатады. Логикалық-теориялық зерттеу әдістері: талдау, жинақтау, индукция, дедукция, абстрактілі әдіс, аналогтік әдіс, жалпылау әдісі, жүйелеу, үлгілеу, салыстырмалы тарихи талдау, әдебиеттерге талдау, архивтік материалдарға негіздеу, зерттеудің базалық ұғымдарына талдау, зерттеліп отырған құбылысты себептік-салдарлық талдау, алдын ала болжау. Бұл зерттеу әдістері теориялық ережелерді және эмпирикалық мәліметтерді жалпылау және талдау, интерпретациялау (түсіндіру) үшін қолданылады.

Эмпирикалық әдістер: бақылау, әңгімелесу, сауалнама, тест, сұхбаттасу, іс-құжаттарды талдау, тәрбиешілердің тәжірибесін жинақтау.

Таным процесінде белгілі бір, нақты ғылымдарды зерттеудің жекелеген, арнайы әдістері бар. Нақты ғылымдардың әдістерімен қатар жалпы ғылыми сипаттағы әдістер де кездеседі, олар барлық дерлік ғылымдарда қолданылады: байқап-бақылау, теңеу, талдау мен жинақтау, өлшеу, эксперимент, абстрактылықтан нақтылыққа алмасу, индукция мен дидукция. Сонымен қатар, ғылыми әдістер ғылыми танымның эмпирикалық және теориялық әдістері болып екіге бөлінеді.

Зерттеу әдісі - күрделі таным сатыларының реті, ал олар болса зерттеудің таным операцияларының іске асуыныңбелгілі бір тәртібін белгілейтін әртүрлі әдіс-тәсілдерінің жиынтығынан тұрады

Зерттеу әдістері педагогикалық ғылым дамуыныңбасты құрамды бөлігі болып табылады. Педагогикалық ғылым мен тұтас педагогикалық білімніңдамуы педагогикалық зерттеу әдістерініңдаму деңгейіне байланысты. Ғылыми нәтижелердің анықтығы, алғашқы ақпаратарды алудың жолдары мен тәсілдеріне және зерттеу әдістерінің сенімділігіне байланысты. Кез-келген педагогикалық зерттеу белгілі ғылыми білімдерді дәлелдеуді білдірмейді, ол – жаңа білімді түзу процесі. Ол адамныңзерттеу объектісі, заттары мен құбылыстарының мәнін ашуға бағытталған жан-жақты танымдық іс-әрекетініңбір түрі.

Ғылыми таным әдісі тарихи-педагогикалық зерттеулер әдіснамасының маңызды компоненті болып табылады. Мәселенің құрылуына және «ғылыми зерттеу әдісі» ұғымына берілген көптеген анықтамаларға қарамастан, оған белгілі бір анықтама беру өте қиын. Нақты тақырыптарды зерттеу әдістерін, олардың компонентті құрамын (процедуралар жиынтығы), әдістемеде біріктірілген әдістер жүйесін зерттеуді авторлар мен ғалымдар құрастырады.

Тарихи-педагогикалық зерттеулерді жүргізуде әдістердің келесі топтары қолданылады:



  1. Жалпығылыми – олар көптеген ғылым саласында қолданылады. Олардың номенклатурасы мен көлемі, саны, жиынтығы, зерттеудің типіне - эмпирикалық, теориялық және т.б. байланысты болады. Осы топтағы әдістер тобының қатарына: логикалық, тарихи, жүйелі-құрылымдық және функционалды талдау әдістері жатады.

  2. Тарихи зерттеу әдістері – тарихи-генетикалық, тарихи-салыстырмалы, тарихи-типологиялық, тарихи-жүйелі, ретроспективті және т.б.

  3. Педагогикалық зерттеу әдістері – архив құжаттарын талдау, мектеп құжаттарын талдау, модельдеу, жүйелі талдау, көпжақты статистикалық талдау әдістері және т.б.

Бұдан басқа, педагогикалық және тарихи-педагогикалық зерттеулерде қажет болған жағдайда, әлеуметтану, психология және басқа ғылым әдістері кең қолданылады. Тарихи зерттеудер әдістеріне жеке тоқталайық, себебі олар тарихи-педагогикалық зерттеулерде кең қолданылады және нәтижелі болып саналады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   213




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет