Силлабус пән туралы ақпарат «хіх- ғ.ғ. қазақ әдебиеті және оны оқыту»



бет3/6
Дата12.04.2022
өлшемі51,36 Kb.
#30738
1   2   3   4   5   6
Пәннің негізгі міндеті «6В02301 Филология» ББ бойынша оқытудың келесі нәтижелерін қалыптастыру болып табылады: ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті және ұлт тағдыры. Дәстүрлі ақындық поэзия. Махамбет Өтемісұлы өлеңдерінің философиялық-психологиялық сипаты. Шернияз Жарылғасұлының шығармашылық мұрасы. Шортанбай Қанайұлының зар замандық толғаулары, Сүйінбай Аронұлы өлеңдерінің тақырыптық- идеялық сипаты. Ақан сері Қорамсаұлының лирикалық өлеңдері мен айтыстары. Сара Тастанбекқызының лирикалық өлеңдері мен айтыстары. Шоқан Уәлихановтың ғылыми очерктері мен күнделіктерінің әдеби сипаты. Ыбырай (Ибраһим) Алтынсариннің өлеңдері. Хакім Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының философиялық, махаббат лирикасы бойынша теориялық білімді меңгерген, алынған білімді жұмыста қолдана алады.

Әлеуметтік, мәдени және құқықтық жағдайларға, қазақстандық қоғамның құндылықтар жүйесіне, олардың ара-қатынасына талдау жасайды. Өзгеріп отырған әлеуметтік-экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын болу мақсатымен маңызды қарым-қатынас жасау, тиімді диалог жүргізу әдісін қолданады, академиялық адалдық мәдениетін сақтап отырып, қағидаларын түсіне алады;

- Филологиялық ғылымдағы отандық және шетелдік озық тәжірибені пайдалана отырып, ғылыми тұжырымдарды қорытындылай алады, әрі қарай оқуды өз бетінше жалғастыруды жасай біледі.

- Этномәдени және конфессиялық айырмашылықтарды, қоғамның әлеуметтік-мәдени құрылымының ерекшеліктерін танып, көп мәдениетті ортада ғылыми пікірталас жүргізу қабілетін көрсетеді. әлеуметтік-саяси фактілерге қатысты, яғни қазақ қоғамының дамуының түрлі кезеңдері, саяси бағдарламалары, мәдениеті, тілі, әлеуметтік және тұлғааралық қарым-қатынастары туралы өз ұстанымын қорғай алады.

- Қазіргі заманғы қазақ әдебиеттанудың теориялық негіздерінің ғылыми тұжырымдарын қорытындылай алады, қазіргі қазақ тілі салаларының теориясы мен тарихы, қазақ әдебиетінің тарихы мен кезеңдерінің негізгі қағидаларына талдау жасайды;

- Ақпаратты іздеу, өңдеу және тарату үшін Интернет-ресурстар қызметтерін сауатты пайдалана алады. Қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданумен мамандық бойынша жобалық іс-шараларды жүргізе біледі.

– Қазақ әдебиетінің тарихы және тіл білімі мәселелері бойынша соңғы компьютерлік технологияларды пайдалану арқылы рефераттар, мақалалар, эссе, шолу-рефераттар, ғылыми есептер, ғылыми баяндамалар, филологиялық пікірлер жазады.

– Қазіргі әдеби үдерісті, қазіргі әдебиеттің даму бағыттарының теориялық негіздерін жүйелі түрде зерттеуге, оның шешімін таппаған түрлі мəселелерін талқылауға қабілетті болады.

– Ғылыми зерттеу ұйымдарында және оқу орындарында ғылыми, техникалық, әлеуметтік-саяси, экономикалық мазмұндағы мәтіннің мағыналық біркелкілігі мен емлелік және пунктуациялық сауаттылығын қамтамасыз ету үшін мәтінді редакциялай алады. Мәтінге әдеби талдаулар жасай алады.

– Қазақ әдебиеті мен әлем әдебиеті материалдары негізінде көркем шығарманы талдап, талқылай алады. Әдебиеттану ғылымының даму заңдылықтарын, әдеби үдерістегі шығармашылық мазмұнын, жаңа бағыттардың, әдеби мәтіндердің өзекті мәселелері бойынша теориялық білімді меңгерген, алынған білімді жұмыста қолдана алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет