Силлабус пән туралы ақпарат «хіх ғасыр қазақ әдебиеті» Кредиттер саны -5 курс семестр 2022-2023 оқу жылы



бет1/4
Дата21.10.2022
өлшемі111,69 Kb.
#44523
  1   2   3   4
Байланысты:
Силлабус



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Abai University




СИЛЛАБУС
1.Пән туралы ақпарат
«ХІХ ғасыр қазақ әдебиеті»
Кредиттер саны -5
3 курс 5 семестр 2022-2023 оқу жылы
Мамандықтың шифры: 6В020500
Мамандықтың атауы: Филология
Филология және көп тілді білім беру институты
Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
Оқытушының аты-жөні, дәрежесі, атағы,қызметі Каримова Г.С. – P.hD., қауымд.профессор
Контактілік ақпарат(телефон, e-mai): 87089155083 karimova_g77@mail.ru


2. Бақылау түрі (ауызша, жазбаша және тест түріндегі емтихан) Критериалды бағалау:
Үй тапсырмаларының немесе СӨЖ мерзімдері ҚазҰПУ академиялық саясатына сәйкес жеңілдететін жағдайларда (ауру, шұғыл жағдайлар, күтпеген жағдайлар және т.б.) ұзартылуы мүмкін. Сындарлы сұрақтар, диалог, пікірталастарға қатысу, жаттығулар жасау және кері байланыс құпталады және көтермеленеді, ескеріледі және бағаланады:
1. Әр сабаққа тақырыпқа сәйкес, кестеге сәйкес алдын-ала дайындалу керек.
2. Үй тапсырмалары пән кестесінде көрсетілгендей семестр бойы бөлінеді.
3. Үй тапсырмаларының көпшілігінде бірнеше сұрақтар/тапсырмалар болады.
4. Семестр бойы сіз оқылатын материалды пайдаланасыз.
СӨЖ көрсетілген мерзімде орындалуы тиіс. Көрсетілген мерзімнен кейін СӨЖ қабылданбайды.
Жиынтық бағалау:
Сіздің қорытынды бағаңыз мына формула бойынша есептеледі:(АБ1+АБ2)∙0,6 +Емт∙0,4
3.Курстың академиялық презентациясы:
ХІХ ғасыр қазақ әдебиеті»” пәні ­ бойынша 3 курс студенттерін әлемдік әдебиеттану ғылымындағы методологиялық ортақтастықтар мәселелері, ХІХ ғасыр қазақ әдебиетінің ерекшеліктері, тұтас көркемдік жүйесі, жанрлары, поэтикалық тәсілдері мен құралдары, қалыптасу кезеңдері мен зерттелу тарихы тағы да басқа мәселелерге баулу болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет