Силлабус пән туралы ақпарат



бет1/4
Дата17.10.2023
өлшемі32,82 Kb.
#117444
түріБағдарламасы
  1   2   3   4
Байланысты:
СИЛЛАБУС 7М01510-химия



СИЛЛАБУС
1. Пән туралы ақпарат
Пәннің атауы – Биохимия, геохимия және космохимиядағы негізгі бағыттар
Кредит саны – 6
Курс, семестр, оқу жылы – 2/3/2023-2024
Білім бағдарламасының атауы және шифры ––7М01510- Химия
ИнститутЖаратылыстану және география
КафедраХимия
Оқытушының аты-жөні, дәрежесі, атағы, қызметі – х.ғ.к., аға оқытушы Сагимбаева А.Е.
Контактілік ақпарат (телефон,e-mail) 87010988877 sagimbaeva70@mail.ru


2. Бақылау түрі (ауызша, жазбаша және тест түріндегі емтихан)*
Бағалау критериялары:
Үй тапсырмаларының немесе МӨЖ мерзімдері ҚазҰПУ академиялық саясатына сәйкес жеңілдететін жағдайларда (ауру, шұғыл жағдайлар, күтпеген жағдайлар және т.б.) ұзартылуы мүмкін. Сындарлы сұрақтар, диалог, пікірталастарға қатысу, жаттығулар жасау және кері байланыс құпталады және көтермеленеді, ескеріледі және бағаланады:
1. Әр сабаққа тақырыпқа сәйкес, кестеге сәйкес алдын-ала дайындалу керек.
2. Үй тапсырмалары пән кестесінде көрсетілгендей семестр бойы бөлінеді.
3. Үй тапсырмаларының көпшілігінде бірнеше сұрақтар/тапсырмалар болады.
4. Семестр бойы сіз оқылатын материалды пайдаланасыз.
5. МӨЖ көрсетілген мерзімде орындалуы тиіс. Көрсетілген мерзімнен кейін МӨЖ қабылданбайды.
Бақылау формасы (жазбаша, ауызша немесе тест түрінде емтихан, топтық немесе жеке жоба, оқу-шығармашылық жұмыстарды ұсыну және т. б.)
Бағалау шкаласы *Қосымшада
Сіздің қорытынды бағаңыз мына формула бойынша есептеледі: (АБ1+АБ2)∙0,3 +Емт∙0,4
3. Курстың академиялық презентациясы
Пәннің мақсаты: биохимия, геохимия, космохимияның негізгі бағыттары негізінде тірі ағзалардың құрамына кіретін химиялық табиғи заттардың құрылымын, өзгерісін жəне тірі материяда болатын химиялық реакцияларды молекулалық деңгейде зерттеу; жердің химиялық құрамын, ғарыштық объектілерді геохимиялық әдістермен зерттеу туралы заманауи түсініктерді меңгеру үшін магистранттардың білімін, практикалық дағдыларын қалыптастыру, сонымен қатар қалыптасқан құзыреттерге сәйкес кәсіптік қызметінде туындайтын мәселелерді шешуде осы білімдерін қолдана алу.
«Биохимия, геохимия және космохимиядағы негізгі бағыттар» пәнінің негізгі міндеттері білім алушыларда білім беру бағдарламасындағы пәндік құзыреттіліктермен қатар, пән бойынша оқыту нәтижелерін (ОН) қалыптастыру болып табылады:
–биохимия, геохимия, космохимияның негізгі түсініктерін, терминдерін, химиялық заңдылықтарына байланысты мәліметтерді жинақтау.
–биохимияның негізгі бөлімдерін: белок, фермент, витамин, нуклеин қышқылдары, липидтер мен гормондар; белок биосинтезі. көмірсулардың, липидтердің, су мен минералдық зат алмасуы мәселелері мен негізгі қағидаларын жіктеу.
–геохимия және оның бөлімдерін, ғарыштық объектілерді зерттеудегі космохимия заңдарын және оны қолдануды бағалау.
–биохимия, геохимия, космохимияның негізгі бағыттары бойынша пәннен алған білімдерін келешекте қолдануды түсіндіру.
–биохимия, геохимия, космохимияның негізгі бағыттарының химияның басқа пәндермен байланысын анықтауда шешім қабылдау.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет