ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Abai University
СИЛЛАБУС
1. Пән туралы ақпарат Пәннің атауы: Қазақ тілінің орфографиясы мен пунктуациясы
Кредит саны:5
Курс:3
Семестр:5
Оқу жылы:2022-23
Шифр: 6В02301-Филология
Білім бағдарламасының (ББ): ANL
Институт: Филология және көптілді білім беру Кафедра атауы:академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті
Оқытушының аты-жөні: Қалыбаева Қ.С.
Ғылыми атағы: филология ғылымдарының докторы,
Қызметі: доцент
Қатынас ақпарат (87076466217, e-mail: azkal2015@bk.ru
2. Бақылау түрі(ауызша, жазбаша және тест түріндегі емтихан)* Критериалды бағалау:
Үй тапсырмаларының немесе СӨЖ мерзімдері ҚазҰПУакадемиялық саясатына сәйкес жеңілдететін жағдайларда (ауру, шұғыл жағдайлар, күтпеген жағдайлар және т.б.) ұзартылуы мүмкін. Сындарлы сұрақтар, диалог, пікірталастарға қатысу, жаттығулар жасау және кері байланыс құпталады және көтермеленеді, ескеріледі және бағаланады:
1. Әр сабаққа тақырыпқа сәйкес, кестеге сәйкес алдын-ала дайындалу керек.
2. Үй тапсырмалары пән кестесінде көрсетілгендей семестр бойы бөлінеді.
3. Үй тапсырмаларының көпшілігінде бірнеше сұрақтар/тапсырмалар болады.
4. Семестр бойы сіз оқылатын материалды пайдаланасыз
СӨЖ көрсетілген мерзімде орындалуы тиіс. Көрсетілген мерзімнен кейін СӨЖ қабылданбайды.
Жиынтық бағалау:
Сіздің қорытынды бағаңыз мына формула бойынша есептеледі:(АБ1+АБ2)∙0,6 +Емт∙0,4
3. Курстың академиялық презентациясы Пәннің мақсаттары мен міндеттері:Мақсаты: Қазақ орфографиясы мен пунктуациясының ғылыми теориялық негіздерімен, қалыптасу, даму жолымен танысу; Қазіргі қазақ орфографиясындағы қайшылықтар мен ауытқуларды жинақтап, ғылыми негізге сүйене отырып, бір жүйеге түсіру.
Мазмұны: Қазақ орфографиясының қалыптасуы; 1929 жылғы еміле ережелер;Араб жазуы кезіндегі сипаты; кирилл жазуы кезіндегі сипаты; Жазу қателіктері; Жазудағы ақтаңдақтар;
Қалыптасатын құзыреттіліктер: Қазақ жазуының өзіндік ерекшеліктерін біледі, талдай алады; Пікірталасқа түсе алады;
Міндеттері:
- студенттерді қазақ жазуының негізгі үғымдарымен, терминдерімен таныстыру, оның басты-басты теориялық кағидаларын баяндап беру.
- Тілдің жазу емілесі қазақ тілінің дыбыс жүйесімен , грамматикалық құрылысымен тығыз байланыста зерттелу тарихын меңгерту;
Құзыреттері (оқытудың нәтижелері): Курс соңында студент білуге тиіс: - пәннің негізгі мәні мен оның зерттеу нысаны туралы;
- тілдің құрылысы, құрылымдық, жүйелік сипаттары туралы;
лексика мен фразеологизмдердің жүйелі құрылым екенін;
лексика-фразеология пәнінің терминологиясын;
сөздің лексикалануын, сөздің стильдік қолданыстарын;