3. Курстың академиялық презентациясы
Қазіргі кезде «Жасуша және ұлпалар биологиясы»
пәні жасушалар мен ұлпалар
құрылысын, қызметін, дамуы мен олардың құрылымында жүретін ӛзгерістерді зерттейтін
ғылым. Ал, жасушаларды тірі жүйелердің элементарлы бірлігі ретінде атқаратын
функциясын, құрамындағы жеке
компоненттердің функцияларын, кӛбею процестерін,
олардағы репарацияны, қоршаған ортаға бейімделулерін
және барлық қасиеттері мен
функцияларына жалпы сипаттама беруге мүмкіншілік беретін басқа да кӛптеген
кӛрсеткіштерін зерттейді. Ұлпа - белгілі бір функцияны атқаратын,
құрылысы ұқсас
тарихи қалыптасқан жасушалар мен жасуша аралық заттардың комплексі. Жасушаның
жалпы морфологиясын оқып-үйрену, зерттеу әдістерінің дамуымен тығыз байланысты.
Негізгі зерттеу әдістері — жасушалар мен ұлпаларды және мүшелерді
микроскоппен
зерттеу.
Қазіргі кезде жасушалар мен ұлпалардағы құрылымдарды кӛру үшін әртүрлі
микроскоптар
шығарылған:
фаза-контрастық,
поляризациялық,
флуоресценттік,
интерференциялық, электрондық т.б. Электрондық микроскоп кең қолданылуда, яғни
жасушаны 100 000 есе артық ұлғайтады. Жасушаның
барлық ультрақұрылысын
молекулалық деңгейде зерттеуге мүмкіншілік береді.
Достарыңызбен бөлісу: