Силлабус ќ±рылымы


Қайта өрлеу дәуіріндегі Еуропадағы эстетикалық ой-толғамдар



бет4/16
Дата19.09.2022
өлшемі388,5 Kb.
#39510
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Қайта өрлеу дәуіріндегі Еуропадағы эстетикалық ой-толғамдар. Батыс Еуропадағы әдеби-эстетикалық ілімнің даму тарихында, ояну дәуірі ерекше. Ғылым мен техниканың әдебиет пен өнердің дүр сілкініп, дүрілдей дамып, қарыштаған кезі. Қайта өрлеу дәуірі Еуропада, Италиядан басталған. Осы Италиядан қайта өрлеу дәуірінің ұлы тұлғалары суретші Леонардо да Винчи (1452-1519), кемеңгер ақын Тарквато Тассо (1544-1595), дана философ Джордано Бруно (1548-1600), ұлы физик Галилео Галилей (1564-1595) сияқты данышпандар шыққан. Бұлардың кез келгені шын ғалым, шыншыл өнер жолында орта ғасырлық идеализмге, мистика мен схоластикаға қарсы шынында да ымырасыз күрескен. Рене Декарт (1596-1650) өзінің дүниетанымы жағынан философиядағы рационализмнің негізін салушы болғаны мәлім. Декарттың өзінен кейінгі эстетиктерге ықпалы үлкен болды. Мәселен, француз классицизмінің ірі теоретигі Никола Буало (1636-1711) Декарт рационализмін өзінің эстетикасы мен поэтикасында философиялық негіз етіп алды. Буалоның «Поэтикалық өнер» атты эстетикалық трактатын кезінде мәдени жұртшылық классицизмнің әдеби манифесі ретінде таныды.
Мұнда Буало суреткер атаулының бәрін «саналы ойға», «сарабдал ақылға» ,алдын ала пішілген үлгіден шықпауға ,алдын ала белгілеген тәртіпті бұзбауға шақырады .Сөйтіп, ол өнер туындысын абсалютизм дәуірінің білікті дворяндарынан шыққан сарай ақсүйектерінің саяси –көркемдік талап –тілегін қанағаттандыру мақсатына пайдаланбақ болды .Бұл ,әрине класицизмнің әлемге аян қасаң қағидаларының әдеби манифестегі көрінісі болды .
Ағарту дәуірінің эстетикасын буржуазияялық ревалюция қарсаңындағы француз энциклопедистерінің басы –аса ірі философ материалист Дени Дидроның (1713-1784) еңбектерінен көріп білеміз .Оның теориялық талғамдары демократиялық сипатта болды . Дидро Буалоға керсінше ,сарай аристократиясының сұлулық талғамы мен талабын аяусыз сынға алды ,қалың бұқара рухын жақтады .
Классицизм эстетикасын қатал сынға алып ,абсалюттік идеялогияға ашық күрес ашқандарының бірі –немістің ұлы ағартушысы Бахтольд Лессинг (1729-1781). Оның дүниетанымы дін мен теологияға қарсы тартыс үстінде қалыптасты . Ол да Дидро секілді ақынның өнер обьектісі –сарай емес деп үзілді кесілді байлау жасап әдебиет пен өнерді ақсүйектер әулетінің ат төбеліндей аз ортасынан кең алаңға –қалың бұқара арасына алып шығып ,реализм рельсіне түсуге күш салды .Лессингтің өнер туралы ой толғамдары(« Лаокон»),(« Гамбург драматургиясы «)–Дидро туындылары секілді ,буржуазиялық ағарту эстетикасының шыңы және өзінен кейінгі ағартушылар үшін өнегелі мектеп . Н.Г. Чернышевскийше айтқанда неміс халқының жаңа әдебиетіне ата болған Лессинг еңбектерін Карл Маркс пен Фридрих Энгельс өте жоғары бағалады .
Немістің классикалық философтарының эстетикалық ой-пікірлері Имануил Канттың( 1724-1804) эстетикасы –субьективті –идеалистік эстетика . Кант эстетикасының ғылыми қауымға кеңінен таныс басты философиялық тұжырымдары оның күрделі зерттеулерінде «(Байыптау қабілетіне сын»), («Таза санаға сын») жүйеленді .
Кант бүкіл дүниені өзіндік затқа және біздік затқа бөлгені ,ал өзіндік зат дегенді ешкім түсінбейді деп түйеді .Сөйтіп ,ол әдебиет пен өнерді де өзідік затқа сайып ,бұлардың құпия сырын әншейін долбар априори арқылы аздап жобаласа ,кез-келген кісі дәл түсіне алмайды деп қортытты .Өйткені Канттың ұғымынша ,ақын –жазушы –артық жаралған айрықша тұлға .Өнердегі сұлулық –мазмұнға мүлде қатысы жоқ ,тек пішінге ғана тән сыртқы сипат ;оны суреткер еш мақсатсыз жасайды ,жұрт ешқандай мақсатсыз ұнатады ;» сұлулық жалпы жұрттың ешқандай ұғым –түсініксіз рақатына айналған нәрсе» .Кант эстетикасының негізгі арналары –суъективті идеализм ,формализм және агностицизм . «Өнер –өнер үшін»,» Таза өнер» деген Кант эстетикасын модернистік ,декаденттік ,әдебиет пен формалистер үлгі –өнеге тұтты ,ту ғылып көтерді .
Дүниені билеуші – абсалюттік идея , абсалюттік рух деп білетін немістің атақты идеялист философы Геогр Вильгельм Фридрих Гегель 1770-1831 эстетика мәселелерін де дәл осы сипатта ,өзі жүйелеген атышулы триада (тезис –антитезис –синтез )тұрғысынан байыпты адам .Гегельдің «Эстетика «атты арнаулы трактаты да сол өз философиясы тұрғысындағы» идея «мен «құбылыстың «пішінмен мазмұнның арақатынасына талдау жасаудан туған .Оның эстетикалық жүйесі бойынша бұл арақатынастар диалектикасы өнердің үш сатысына ,яғни үш түріне сай келеді:
1)символикалық түр мұндай идеал әлі анық емес ,ал «құбылыс «тек қана» идеяның» образды түрге айналу мүмкіндігін ғана танытады .
2)классикалық түр.Бұл тұста «идеал» анық ,өйткені ол құдайлардың бедерлі бейнесйне толық айналып рухани ұғымды көзбен көріп ,қолмен ұстар нақтылық пен заттылыққа жеткізген .
3)романтикалық түр .енді келіп рухани «идеал» сыртқы тұлға емес ,адамның ішкі дүниесіне – сезімге, күйініш – сүйінішке, көңіл-күйіне айналып кеткен;сондықтан ол философияға жақын келген яғни философияға айналған .
Өнердің осынау үш түрлі даму сатысының яки бағытының әрқайсысына белгілі бір тарихи кезең ,көркемдік түр сай келеді .Айталық ,ежелғі үнді мазарлары ,египет пирамидалары ,сфинкстер секілді Көне шығыс өркениетінің сәулет өнерінің мұралары өнердің символикалық түрінің негізін құраса ,байырғы Грекия мен Римде кең дамыған сымбат өнері көне дүние өнерінің классикалық түрі болса ,ақыр аяғында ,жаңа заманда өріс алған кескін өнері ,музыка,әдебиет болса ,Гегельдің тұжырымында ,жалпы адам баласының көркемдік дамуындағы жаңа кезең – романтикалық түр болып табылады . Гегельдің түсінігінше :өнердің предметі – әдемілік ,ал эстетикалық предметі – өнер ,демек , эстетиканың предметі – ұшы қиырсыз мал әрі жан тебірентер ғаламат әдемілік әлемі .Жалпы өнер атаулының бәрін Гегель абсолюттік рухтың өзіндік дамуындағы, өзін-өзі тануындағы белгілі бір кезең ғана деп түйді.
Өмір мен өнердегі әдемілік дегеннің өзі, Гегельдің ұғымынша, абсолюттік идеяның, «жалпыға бірдей рухтың» неғұрлым толық, айқын және еркін көрінуі болып табылады. Әрбір өнер туындысының эстетикалық құнын да Гегель осы тұрғыдан бағалаған.
Батыс Еуропада эстетика мәселелерімен Гегельден кейін Фехнер, Вундт, Мейман, Иппомет Тэн, Шопенгауэр, Фрейд, Бергсон, Бродер, Христиансен, Фишер, Кроче т.б шұғылданды.
6)Ресейдегі эстетикалық ой-пікірлермен көзқарастар әдебиеттану саласында Ресейде ауызға аларлық алғашқы еңбектер- басын сонау Хғасырдан алатын библиографиялық описьтар, сондай ақ »риторикалар» мен «питикалар», содаң соң орыстың көркем сөзінің ұлттық нәрімен әрін жан сала қорғаған Феофан Прокоповичтің (1681-1736) еңбектері, сатирик ақын Антих Кантемирдің (1708-1744) әдеби- теориялық шығармалары мен ой- пікірлері, В.Тредиаковскийдің әдеби- эстетикалық трактаттары, орыс классицизмінің теоретигі А.Сумарковтың нұсқаулары мен ақыл- кеңестері ақыр аяғында көркем сөз қызметінің мәні мен мақсаты жөніндегі Г.Державиннің әдеби – теориялық толғамдары, ақын ретінде айтқан түйінді байламдары.
Л.Толстой – ұлы жазушы ғана емес, өнер атауларының да асқан білімпазы және теоретигі еді. Ұлы жазушы көркем шығармашылықтың тарихы мен теориясына терең бойлап, көркем өнерідің не екенін, оның бағыты мен түрлерін толғана ойлап, тәптіштеп, түсіндірумен болды.
Өнер туындыларының ең негізгі қасиетін Толстой оның халықтығында деп білді. Толстойдың көркем һнер, ғылым туралы арнаулы трактаттарын өз алдына қойғанда «Соғыс пен бейбітшіліктен» бастап, «Крейцер» сонатасына дейінгі көптеген үлкенді- кішілі шығармаларында бүтін бір эстетикалық жүйесі желі тартып жатыр.
Өнер туындыларының ең негізгі қасиетін Толстой оның реализмінде деп білді . «Өзіңіз суреттеп отырған адамдардың өмірімен өмір сүріңіз ,-деп жазды Толстой , - әр образда оның ішкі түйсінулерін суреттеңіз;сонда олардың өздері өз мінезіне лайық қимыл әректтерді жасайды...
Бұл Толстойдың реализмге меңзеуі.Мұны Толстой айтып қана қоймаған ,іс жүзінде өзі жүзеге асырып отырды «Менің қаһармандарым ,-деп жазды Толстой,-кейде мен қаламаған әрекетттер жасайды .Олар ,жалпы,менің қалауымынды емес ,кәдімгі өмірде қандай әрекет жасау керек болса ,сондай әрекет жасайды »
Ұлы жазушының ,көркем өнердің спецификасын анықтауы ,табиғатын танытуы да назар аударарлық
Көркемөнердің өзіне тән өзгешеліктерін белгілей келіп ,Толстой оны тілмен салыстырады:»адам баласы бір –біріне сөз арқылы ойын танытса ,өнер арқылы сезімін дарытады ».Сонымен бірге Толстой өнердің пішіні мен мазмұнын өзінше белгілеген :»...өнердің екі жағы бар:-депжазды Толстой 1894 ж.7 маусымда П.М Третьяковқа ,-пішіні –техникада ,мазмұны –ой .»Бұлда нұсқалы пікір.
Өзі жан- жақты білімдар, биік мәдениетті Толстойдың өзгелерге қояр талабы да жоғары. Бұл тұста да оның эстетикалық талғамы танылады: суреткер өз ғасырының жоғары білімінің дәрежесінде болуға тиіс, ең бастысы – жеке қара басының қамы үшін ғана тіршілік етпей, күллі адам баласының өмір тіршілігіне белсене араласуға тиіс. Сондықтан көзсіз наданнан да, тым өзімшіл адамнанн да жібі түзу суреткер шықпайды.
Толстойдың негізгі әдеби – эстетикалық принциптері Белинскиймен Чернышевский секілді орыс сыншыларының әдемілік жайлы материалистік көзқарастарына жуықтайды. Мұның себебі Толстойдың оларды құмарта оқығандығынан болуы да мүмкін. Мәселен, ол өзіне Белинский ықпалын 1857 ж 2 қаңтардағы күнделігіне Таңертең Белинскийді оқып едім, ол маған ұнап келе жатыр деп жазса, осыдан екі- ақ күн кейін 4 қаңтарда – тура былай деп жазды: Пушкин туралы м ақала керемет нәрсе Толстойдың тип жөніндегі, жалпы жазушылық шеберлік пікірлері де жан –жақты дәл терең. Ол шеберлік денеге жазушының дара мақсат ретінде қарауына мүлде қарсы : адам өз жүрісін өзі ойлап, өзі аяқ о басына өзі сүйсінбейтіні секілді шеберліктк де тамсана ойламау керек деп біледі. Сөйте тұра бір жазушыға айтқан суреткердің өзге бір де сөзді не қосуға, не алып тастауға болмайтынын қзгертсе, шығарма бүлінетіндей дәрежеде болатынын талап етеді.
Сыншыл реализмнің эстетикалық принциптерін теориялық жағынан тереңірек аша түсуде орыстың ұлы сыншылары В.Г.Белинский, А.И.Герцен, Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов еңбектерінің атқарған рөлі адам айтқысыз. Олардың эстетикалық ой пікірлері тек орыс әдебиетінде ғана емес, күллі дүние жүзілік парасат әлеміндегі айрықша биік болып табылады.
В.А.Белинский (1811-1848) – орыстың әдебиеттану ғылымы мен сынында жаңа кезең ашқан және бүтін бір дәуір боп қалған шығармашылық тұлға. Ол өзінің «Сын туралы сөз», «Е.Баратынский өлеңдері» , «Петербург физиологиясы», «Петербург жинағы», «Москвитянинге жауап» т.б. осылар сияқты даналық еңбектерінде бүкіл дүние жүзінде бірінші рет өнердегі реализм мен халықтық туралы теорияның негізін салды.
«Шындық, биік идея, халыққа қызмет ету жоқ жерде өнер де жоқ,талант та жоқ»,– деп білді Белинский, – өйткені жалған идея өнерді адыра қалдырады, ал өнерді бұлайша қоғамдық қызметінен айыру – оны орға жығу, қор қылу, күллі күш қуатынан айыру, тоқмейіл тоғышарлардың ермегіне айналдыру.
«Александр Пушкин шығармалары» атты мақалалар циклінде Белинский орыс әдебиетінің қоғамдық шындықтың көркем шежіресі ретіндегі тұңғыш жүйелі тарихын жасады. Бұл тұста оның орыс әдебиетін жыл сайын (1840-1884) шола тексеріп отыруы тіпті ғажап. Ал В.И.Ленин «цензурасыз демократиялық баспасөздің таңдаулы шығармаларының бірі» деп таныған әйгілі «Гогольге хаты» – ұлы сыншының саяси өсиетке құрылған шығармасы.
А.И.Герценнің (1812-1870)эстетикасындағы атап айтарлық нәрсе оның суреткер атаулыны өз заманының үні болуға шақырады. Ол үшінГерценнің ойынша,суреткер өзі өмір сүріп отырған күндердің қайғы қасіретіне,көкейкесті мәселереріне терең бойлап,жанымен тебірене, талғана білуі шарт. Сонда дейді ол « ақын мен суреткер өздерінің шын мәніндегі көркем шығармаларында әрқашан халықтық» боп қалмақ. Бұл ретте Герценнің «Ресейде революциялық идеялардың дамуы туралы» деген кітабында Байрон мен Пушкиннің әрқайсысына шығармашылық мінездеме беруі оның ғұлама,білгір эстетик екеніне куә.
Н.Г.Чернышевский(1828-1889) өнер туындысы «өмірдің оқулығы» болуын таоап етті. Өмір күрделі,өмір сүру қиын. Өнер туындысы оқырманға осы шындықты терең түсіндіре суреттесін және сол «суреттеліп отырған құбылыстарға үкім шығарсын» деді.

№ 4 дәріс


Тақырыбы: Қазақ әдебиеттану ғылымының бастау арналары




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет