Силлабус (syllabus) – студенттерді оќыту баєдарламасы


Өткен материалдарды игеруді бақылау



бет9/12
Дата11.11.2022
өлшемі427 Kb.
#49445
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
sillabus-istoriya-kazaxstana-axmetov-zh

8 Өткен материалдарды игеруді бақылау



№ Ағымдық бақылау





Әр бір ағымдағы байқауға алынатын тақырыптар

Ағымдық бақылаудың формасы

Ең жоғарғы балл

1-ші ағымдық бақылау

1-7 дәрістік-практикалық сабақтардың материалдары енгізіледі



  • жазбаша, тестілеу түрінде

  • ауызша сұрау

  • дәптер тексеру

50

2-ші ағымдық бақылау

8-15 дәрістік-практикалық сабақтардың материалдары енгізіледі

  • жазбаша, тестілеу түрінде

  • ауызша сұрау

дәптер тексеру

50

Барлығы:

100



9 Баға қою саясаты

Студенттің балл жинақтауы, оқытушының ағымдағы бақылау, бағалау ісімен байланысты іске асырылып отырады. Бағалау барысында, баға қоюдың келесі қағидалары басшылыққа алынады:



    1. білімнің ең төменгі дәрежесін білдіретін ең төменгі балл «қанағаттанарлықтың минусы» - 6 балл (қорытынды балл 60-тан 70-ке дейін);

    2. білімнің дәрежесі ортадан төмен деп белгілейтін балл «қанағаттандырарлық» деген бағаға тең – 7 балл (қорытынды балл 70-тен 80-ге дейін);

    3. білім дәрежесін орташа деп белгілейтін балл «жақсы минуспен» деген бағаға тең – 8балл (қорытындысы 80-нен 90-ға дейін);

    4. білім дәрежесін орташадан жоғары деп белгілейтін балл, «жақсы» деген бағаға тең – 9 (қорытындысы 90-нан 96-ға дейін);

    5. білім дәрежесі «үздік» деген бағаға тең 10 (96-дан 100-ге дейін), ең жоғарғы балл деген сөз.

Балл қоюдың белгісі (критерилері)







Баллы

Белгілері:

1

10
балл

Істей алғаны үшін:

  • әр бір дәріс сабағында сабаққа қалмай уақытында келуі өз дәрежесін толық түсініп, жазып отыруы;

  • семинар сабағында сабақтың басынан аяғына дейін белсенділік көрсетіп, барлық сұрақтарға өз бетінше дұрыс жауап берсе, не болмаса, басқа студент жауап бергеннен кейін толтырып отырса;

  • қойылған сұраққа әрі қысқа, әрі дұрыс жауап бере алса;

  • тақырыпқа сәйкес реферат жасаса, не болмаса реферат жасаушыны тыңдап, сұрақ қойып, пікір алмасуға қатысса.

2

9 балл

Істей алғаны үшін:

  • сабаққа бес минутқа дейін кешігіп келсе;

  • дәріс сабағында, дәрісті өз дәптеріне толықтай түсірсе;

  • семинар сабағында белсенділік көрсетіп, барлық сұрақтарға өз бетінше жауап берсе, бірақ басқаларды тыңдамаса, талдауға қатыспаса;

  • қойылған сұрақтарға қысқа, толық жауап бере алса;

  • тақырыпқа сәйкес реферат жасаса, не болмаса реферат жасаушыны тыңдап отырса, бірақ пікір алмасуға қатыспаса;

  • тықырып бойынша слайд-шоу жасап көрсетсе, бірақ аз да болса өзгертуга ұсыныс жасалса.

3

8 балл

Істей алғаны үшін:

  • сабаққа бес минуттан он минутқа дейін кешіксе;

  • дәріс сабағында, дәрістің 80 % дейін ғана өз дәптеріне түсіре алса;

  • семинар сабағында аракідік қана белсенділік көрсетіп, сұраған барлық сұрақтарға өз бетінше жауап беріп, сонымен ғана шектелсе;

  • қойылған сұрақтарға созылынқы жауап берсе;

  • тақырыпқа сәйкес дайындалған рефераттын, тек оқып қана шықса, сұрақтарға жауабы созылыңқы;

  • тақырып бойынша слайд-шоу жасап, көрсетсе, дегенменде біраз ескерпелер жасалса.

4

7 балл

Істей алғаны үшін:

  • сабаққа он минуттан он бес минутқа дейін кешіксе;

  • дәріс сабағында, дәрістің 60-70% ғана өз дәптеріне түсіре алса;

  • семинар сабағында сұрасаң ғана жауап беріп, тыныш отыра берсе;

  • тақырыпқа сәйкес дайындалған рефератты оқу барысында шатасыңқырап, дауыс ырғағы, сөздері отырғандарға түсініксіз-деу болып шықса;

  • тақырып бойынша жасаған слайд-шоу слайдтан көрі, мәтіндік бейнеге көбірек ұқсаса, ескертпелер көп болса.

5

6 балл

Істей алғаны үшін:

  • сабаққа он бес минуттан жиырма минутқа дейін кешігіп келсе;

  • дәріс сабағында, дәрістің 50-60% ғана өз дәптеріне түсірсе;

  • семинар сабағында сұрақтарға толық болмаса да, жауап беруге тырысса;

  • тақырыпқа сәйкес дайындалған рефератты, тақырыпты жақсы аша алмаса, сұрақтарға шатасыңқырап жауап берсе;

  • тақырып бойынша жасалған слайд-шоуы ішіндегі кестелері дұрыс емес, бірақ та мәтін түрінде жазылып, шұбатылынқы, студенттерді жалықтырып жіберетіндей болып, жасауға тырысқаны үшін.

Пәннің бағдарламасында көрсетілген істелетін жұмыстың әр бір түрі 100 баллдың көлемінде бағаланады. Ретингтің бағасы төмендегідей ұстанымдардың жиынтығын қосқандағы орташа арифметикалық мағынада белгіленеді:



  • ОӨЖ-ге берілген тапсырмаларды орындаудан;

  • Өткен материалдардын тестілеу қорытындысы (аралық бақылау);

  • Дәрістік, семинар сабағында алған бағалары;

Семинар бойынша студенттің істеген жұмысы, екі аралық бағалаудың қорытындысымен, оқу семестрінің соңғы аптасында шығарылады.
Студенттің жинақталған қорытынды баллының жиынтығы төмендегідей тәсілдермен қорытындылады:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет