KÜLTÜR EVRENİ - UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ
101
КҮРДЕЛІ ҮСТЕУЛЕРДІҢ ЖАСАЛУЫНДАҒЫ УƏЖДЕМЕ
МƏСЕЛЕСІ
YAPILACAK İŞLERİN MOTİVASYONUNA YÖNELİK İNCELE-
MEDEKİ ZORLUKLAR
DIFFICULT TO ADD QUESTION OF MOTIVATION ON DONE
Doç. Dr. Bahit Amanbekkızı TANSİKBEVA
*
-Doç. Dr. Roza Kuankızı
TUSİPKALİEVA**-Balgabai DOSANOV***
(Таңсықбаева Б.А.)-( Досанов Б. )-( Түсіпқалиева Р.Қ.)
Түйіндеме
Бұл мақалада қазақ тіліндегі күрделі туынды үстеулердің түрі мен мағынасы
қарастырылады. Күрделі туынды үстеулердің аналитикалық тəсілі арқылы
жасалуына мысалдар келтірілген жəне уəждемесі берілген.
Трек сөздер: Сөзжасам, қосарланған үстеулер, Туынды үстеулер, кіріккен
үстеулер, сөзжасамдық тізбек
Özet
Bu söz konusu makalede, garklı türdeki modern Kazakçadaki kompleks türev zarfları
ve anlamları ele alınmaktadır. Analatik yöntemlerde türetilmiş olan bazı kompleks zarflar
da örnek olarak sunulmaktadır. Modern dilbilimdeki motive edilmiş bulunan bazı konuşma
türleri de tanımlanmaktadır.
Anahtar Kelimeler: kelime-üretimi, farklı köklere ve anlamlara sahip zarflar, türetil-
miş zarflar, kökü değiştiren zarflar, kelime üretim zinciri
Resume
Different kinds of complex derivative adverbs and their meaning in modern Kazakh are
considered in the given article. Examples of complex derivative adverbs built by the
*
M. Tinishapaev Kazak KKA Doçenti/ KAZAKİSTAN
М.Тынышбаев атындағы ҚазККАдоценті, ф.ғ.к.
**
El-Farabi Kazak Milli Üniversitesi Doçenti/KAZAKİSTAN
əл-Фараби атындағы ҚазҰУдоцент, ф.ғ.к. Түсіпқалиева
***
El-Farabi Kazak Milli Üniversitesi, Öğretmen/KAZAKİSTAN
Р.Қ.аға оқытушы
KÜLTÜR EVRENİ - UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ
102
analytical way are also introduced. Motivated parts of speech in modern linguistics are
defined.
Key Words: word-building, adverbs with different stems and meaning, derivative
adverbs, adverbs with changing the stem, word-building chain
Қазақ тіл білімінің кештеу танылып, кещеңдеу зерттелген саласы сөзжасам
болса, сол олқылықты жою жолында тіл білімі саласында біраз жылдан бері еңбек
етіп, ғылымда өзіндік пікірі мен мектебін қалыптастырған, түркі əлеміне танылған
ғалымдарымыз бұл мəселені əр қырынан зерттегені мəлім.
Сөзжасамды тіл білімінің үлкен саласы ретінде тану үшін оның ғылыми-
теориялық негіздерінің зерттелуі қажет екені анық. Қазақ тіл білімінде сөзжасамның
теориялық негіздерін айқындауда, оның тіл білімінің бір саласы ретінде
қалыптасуына негіз салған ірі ғалым Н. Оралбайқызы (Оралбай Н. 2002: 123). Бұл
мəселеге байланысты ғалым 20-ғасырдың 80-жылдары өз ойын білдірді. Н.
Оралбайдың ғылыми мектебінде шыңдалған шəкірттері бұл мəселеден шет қалмай,
əр қырынан зерттей отырып, ғылымға үлкен үлес қосқаны да аян. Сөзжасам
мəселесіндегі сөзжасамдық тəсілдер, сөзжасамдық бірліктер, сөзжасамдық тип,
сөзжасамдық мағына, сөзжасамдық үлгі, уəждеме мəселесі, сөзжасамдық тізбек
мəселелері зерттеле келе тіліміздегі сөз таптарының сөзжасамы танылды.
Бұл мақалада жалпы тіл білімінде сөз таптарының ішінде кенже қалыптасқан
үстеу сөз табының сөзжасамына қатысты күрделі үстеулердің жасалу тəсілдері мен
уəждеме мəселесі қарастырылып отыр.
Үстеу сөзжасамында уəждеме сөз, олардың түрлері мəселесі де шешілмеген өте
күрделі мəселелердің бірі, қазіргі сөзжасам теориясы тұрғысынан алғанда уəждеме
мəселесінсіз сөзжасам мəселесін шешу мүмкін емес. Қазақ тілінің сөзжасамында
сөзжасамдық тип мəселесі де назардан тыс қалып келеді. Демек, үстеудің
синтетикалық сөзжасамында сөзжасамдық тип мəселесін шешудің де мəні зор.
Сонымен қатар, күрделі үстеулердің түрлері, олардың құрамы, мағынасы сияқты көп
мəселелер ғылымда нақтылы айқындалмаған.
Қазақ тіл білімінде сөзжасамның аналитикалық тəсілі арқылы жасалатын күрделі
сөздердің жасалу жолдары мен мағыналық ерекшеліктерін уəждеме тұрғысынан
аталым ретінде қалыптасып, ғылыми негізде жан-жақты зерттелуі Б.Қасым есімімен
байланысты десек қателеспейміз.
Ғалым зат атауларының құрылымдық жүйесін уəждемеге қатысты зерделей
отырып, «Күрделі зат атауларының мағыналық құрылымы жəне сөзжасамдық
үлгілері»
деп
аталатын
ғылыми
еңбегін
жазды
(Н.А.
Баскаков,
М.Я. Хамзаева, Б. Чарыяров. 1970: 425б.). Аталмыш еңбегінде күрделі сөздер
сөзжасамның нысаны тұрғысынан зерделеніп, оның жасалу жолдары мен мағыналық
ерекшеліктері уəждеме тұрғысынан қарастырылған. Күрделі зат атауларының жасалу
жолдарын күрделі сөздердің құрамындағы сыңарлардың уəждемелік сыңарларына
байланысты екі топта жіктеп көрсетеді: тура аталым жəне келтірінді аталым. Яғни
тура аталымда күрделі сөз құрамының сыңарлары мағынасын толық сақтап тура
уəждік арқылы жасалса, келтірінді аталымдар тобындағы күрделі атаулардың
сыңарлары жартылай уəжділік арқылы жасалады деген тұжырыға келеді. Қазақ тіл
KÜLTÜR EVRENİ - UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ
103
біліміндегі «уəждеме» терминдік бірлік ретінде орнығуына жол ашқан ғалым:
«Уəждеме лексеманың қалыптасуында реалийлердің арасындағы байланысты, яғни
атауға қандай белгінің, ерекшеліктің, қасиеттің негіз, өзек, себеп болғанын
қамтамасыз етеді. Уəждеме – аталымның жасалуындағы алдын ала міндетті
баспалдақ» - деп көрсетеді (Қасым Б.Қ. 2010:120).
Уəждеменің сөзжасамдағы қызметіне келетін болсақ, күрделі сөздердің
құрамындағы сыңарларының жаңа аталымның жасалуына өзіндік үлес қосатынын
байқау қиын емес. Кез келген сөз күрделі сөздің сыңары бола алмайды, сондықтан
бір сыңардағы мағына толығымен екінші сыңардағы мағынамен үйлесуі шарт.
Күрделі сөздердің негізгі белгілері деп: мағыналық тұтасуын, бір ұғымның атауын
білдіруін жəне ішікі мағыналық құрылымның үйлесіп келуін көрсетеді. Осыған орай,
күрделі сөздердің төмендегідей уəжділік типтерін көрсеткен, олар: тура уəжділік
жəне жартылай уəжділік.
Тура уəжділік дегенге төмендегіше анықтама береді: «Күрделі сөз құрамындағы
сыңарларының ішкі мағыналық дербестігін сақтай отырып қалыптасқан күрделі
сөздің мағынасының түзілуі».Күрделіүстеулердің ішінде тура уəжділік арқылы
жасалған мынадай үстеулерді айтуға болады: аққұла, селқос, біржолата, күнара,
бірқыдыру, бірсыпыра, недəуір, жайбарақат, өзара, өнебойы, əлдеқашан, екіталай,
екібастан, басыбүтін, таңертең, құланиек, күнұзаққа, əрдайым, беталды, бірталай.
Көрсетілген күрделі үстеулердің əр сыңары бастапқы мағыналарын сақтап бірігу
арқылы жасалып, тұтас бір мағынаға көшіп, туынды күрделі үстеулердің қатарын
толықтырып отыр.
Ал, жартылай уəжділік деп ғалым – күрделі сөз құрамындағы сыңарларының
бірінің тура мағынасы сақталып, ал екіншісі сыңарының мағынасы өзгеріске түсуі
арқылы қалыптасқан мағына. Бұл топтағы күрделі туынды үстеулерге:
құстаңдайлап,кездейсоқ,құлантаза, селсоқ,немқұрайдысияқты күрделі сөздерді
жатқызуға болады.
Күрделі сөздің сыңарларының ортақ бір мағынаны беруі оның басты белгілерінің
бірі екені, күрделі сөз атаулының аналитикалық тəсіл арқылы жасалатыны ғылымда
танылған. Күрделі сөздің орфографиялық, яғни емлелік жағынан белгіленуінде ғана
айырма бары байқалады. Индоевропа, орыс тілдерінде күрделі сөздің құрамындағы
сөздер бірге жазылады да, оларда словосложение (сложение) термині қолданылады.
Осыған
орай,
А.И.
Смирницкий
күрделі
сөздің
бір
белгісі
деп
«цельнооформленность» терминін қолданған (Смирницкий А.И. 1959: 112б).
Бірақ күрделі сөздерге тек біріккен сөздерді жатқызатын тілдердің өзінде күрделі
сөздер бірде бірге, бірде бөлек, бірде дефис арқылы жазылып жүргенін ғалымдар
дəлелдеп жүр. Бұл турасында айтылған О.Д. Мешков сөзі дəлел бола алады:
«Всякому, кто хотя бы поверхностно знаком с современным периодическими
изданиями стран английского языка, хорошо известен тот разнобой, который царит в
написании ряда лексических единиц. Одни и те же единицы, подчас в одном и в том
же номере газеты или журнала, могут писаться по-разному: раздельно, через дефис,
слитно» (Мешков О.Д. 1976: 179). Француз, испан тілдеріндегі күрделі сын есімдерді
зерттеген ғалымдардың бірі О.В. Азарова күрделі сөздердің бірге жазылуы оларға
белгі бола алмайды деп санайды (Азарова О.В. 1974: 48). Ал, түркі тілдерінде күрделі
сөздердің бірге жазылуы оның белгісі саналған емес, мұнда мəн күрделі сөздің
құрамы мен оның сыңарларының бəрінің бір мағына білдіруі негізгі белгі саналады.
Емле жағынан олар əр түрлі бола береді. Түркі тілдерінде күрделі сөздердің бірге,
KÜLTÜR EVRENİ - UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ
104
бөлек, дефис арқылы жазылуы заңды деп саналады. Сондықтан аналитикалық тəсіл
қазақ тілінде іштей бірнеше түрге жіктеледі, оны «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам
жүйесі» деген монографияда былай жіктелген: «Тілімізде аналитикалық тəсілдің
мынадай ішкі түрлері бар: 1) сөзқосым, 2) қосарлау, 3) тіркестіру, 4) қысқарту».
Аналитикалық тəсіл үстеудің сөзжасам жүйесінде де белсенді қызмет атқарады.
Ол түркі тілдерінде бір жүйеге түскен деп айту қиын, өйткені ол арнайы
зерттелмеген, бірақ түркі тілдерінде күрделі үстеулердің түрлері əр тілде түрлі
дəрежеде көрсетіліп жүр. Мəселен, ұйғыр тілінде: қош рəвишлар, бирикəн рəвишлар,
фразеологиялық боочкмалар сияқты түрлері берілген ( А.Т. Қайдаров, Т.Т. Талипов,
Ю. Цунвазо, И. Исмаилов. 1966: 160). Кейбір түркі тілдерінде біріккен үстеулер деп
аталады, оларға түрікмен тілінің грамматикасынан мысал келтірейік: «Наречия
образованные посредством сложения двух разных основ» деп, оның үш түрін
көрсетеді (биригун, гүн сайын, арам-арам, узын-узын) (Н.А. Баскаков,
М.Я. Хамзаева, Б. Чарыяров. 1970: 393). Үстеудің бірігу, қосарлану арқылы
жасалуын қарайым тілінде К. Мусаевта көрсетеді (Мусаев К.М 1964: 193 б).. Тіркесті
күрделі үстеулер хакас тілінің грамматикасында да берілген: пір хати "однажды", пір
чыл "в прошлом". Осы грамматикада қосарланған үстеулер де көрсетілген: хатап-
хатап "снова и снова", оқни-сына "пристально" т.б.( Н.А. Баскаков, А.И. Грекул,
Д.И. Чанков 1975: 78б) С.А. Гочияева күрделі үстеулердің қарашай-балқар тілінде
кездесетін түрлерін көрсеткен (Гочияева С.А 1973: 245). Бұл келтірілген қысқа
шолудан түркі тілдерінде күрделі үстеулер əр түрлі танылып жүргені байқалады.
Демек, түркі тілдерінде, оның ішінде қазақ тілінде жасалған күрделі үстеулердің
бары күмəн туғызбайды.
Қазіргі қазақ тіл білімінде күрделі үстеудің жасалу жолына байланысты үш түрі
берілген: 1) «Басқа сөз таптарына тəн сөздер бірігудің нəтижесінде үстеуге айналады.
Ондай үстеулер мыналар: бүгін, биыл, таңертең, жаздыгүні, қыстыгүні, əрқашан,
əрдайым, екіншəрі, ендігəрі, түнеугүні, бірталай, ешқашан, əлдеқайда т.б.
2) Сөздердің қосарлануы арқылы жасалған туынды күрделі үстеулер: əрең-əрең,
енді-енді, зорға-зорға, қолма-қол, сөзбе-сөз, бет-бетімен, топ-тобымен, үсті-
үстімен, алды-артына, бостан-босқа, күнде-күнде, сөйлей-сөйлей, көре-көре, айтып-
айтып, жата-жастана, кие-жара, бір-бірлеп, бірте-бірте, біртіндеп-біртіндеп,
оқтын-оқтын, оқта-текте, жапа-тармағай, тырым- тарағай т.б.
3) Жазуда бөлек таңбаланып, мағына жағынан бір сөз ретінде қолданылатын
грамматикаланған тіркестер: күні кеше, күні бүгін, күні ілгері, ала жаздай, күндерде
бір күн, ертеден қара кешке, ала сала, айта келе т.б.».Осы топқа идиомаланған
тұрақты тіркестерді де жатқызамыз. Өйткені жоғарыда күрделі сөздерге қатысты
айтылған жасалу тəсілдері мен уəждемелік заңдылыққа бағынатын, тілде бірнеше
сыңарлардан құралғанымен бір лексикалық ұғымды беретін үстеу мағынасында
қолданылып жүрген тұрақты тіркестер баршылық, мəселен: қас пен көздің арасында,
аяқ астынан, түн баласында, қаннен қаперсіз, алдын ала, ала бөтен, томаға тұйық,
құлан таза т.б.».
Ə. Төлеуовтің «Сөз таптары» кітабында: «Аналитикалық тəсілмен жасалған
үстеулер қосарлану, ықшамдалу арқылы белгілі бір сөз тіркестерін жасайды.
Үстеулердің бірігу жəне ықшамдалу арқылы жасалған: бүгін, жаздыгүні, ендігəрі
(ендігіден əрі), түнеугүні, бүрсігүні, неғұрлым, соғұрлым, беталды, біржолата,
бұратола, əжептəуір (ғажап тəуір), бүйтіп т.б.
KÜLTÜR EVRENİ - UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ
105
Үстеулердің қосарлану арқылы жасалған: енд-енді, жаңа-жаңа, қолма-қол, бет-
бетімен, үсті-үстіне, бостан-босқа, күнде-күнде, есен-сау, аман-есен, бірте-бірте,
біртін-біртін, біртіндеп-біртіндеп, анда-санда, іле-шала, сəл-пəл, жеңіл-желпі, кем-
кемнен, аз-аздан, кес-кестеп, тез-тездеп.
Тіркес арқылы жасалатын күрделі үстеулер. Бұлар графикалық жағынан бөлек
жазылатын мына сөздер: күні кеше, күні ертең, күні бүгін, күні ілгері, күн ара, т.б.».
Ғалым тіркес арқылы жасалған үстеулерді екіге бөлген: «1) Тұрақты жай
тіркестегі күрделі үстеулер: күні кеше, күні бүгін, күні ертең, күні ілгері, ала жаздай,
күндерде бір күн, ертеден қара кешке, ала сала, алдын ала, соңына сала, сəске
түсте, тал түсте т.б.». «2) Тұрақты идиомалық тізбектер арқылы жасалатын
күрделі үстеулер: қас пен көздің арасында; аяқ астынан; түн баласында; қаннен
қаперсіз; елден ала бөле; құлан таза; құр алақан; ала бөле; аттың жалы, түйенің
қомында» (Төлеуов Ə.1982: 111.).
Күрделі үстеулер деп екі я онан да көп сөзден құралып, біртұтас лексикалық
мағына беретін, сөйлемнің бір мүшесі (пысықтауыш) қызметін атқарып, етістіктің
алдынан келіп тіркесетін сөздер аталады. Мысалы: Күндердің күнінде, енжар, селқос,
дəміл-дəміл,көз ұшында, түптің түбінде.
Жоғарыда аналитикалық тəсілдің ішкі төрт түрі бары айтылды. Ол ерекшелік
негізінен үстеу сөзжасамына да қатысты. Олардың ішінен күрделі үстеу жасауға
сөзқосым, қосарлау, тіркестіру тəсілдері қатысады. Жоғарыда келтірілген күрделі
үстеулердің енжар, селқос үстеулері сөзқосым тəсілі арқылы жасалған. Ал, дəміл-
дəміл деген күрделі үстеу қосарлау тəсілі арқылы жасалған. Күндердің күнінде, көз
ұшында деген күрделі үстеулер тіркестіру тəсілі арқылы жасалған. Бұл күрделі
үстеулердің де өзіндік ерекшелігі бар, олардың ішіндегі күндердің күнінде деген
күрделі үстеу жəй тіркесті күрделі үстеуге жатады да, көз ұшында деген күрделі
үстеу фразеологиялық үстеуге жатады.
Аналитикалық тəсілдің ішкі ерекшелігіне қарай күрделі үстеулердің құрамдық
түрлері жасалған. Олар:
1) сөзқосым тəсілі арқылы біріккен күрделі үстеулер жасалған;
2) қосарлау тəсілі арқылы қос сөзді күрделі үстеулер жасалған;
3) тіркестіру тəсілі арқылы тіркесті күрделі үстеулер жасалған, олар ішкі
ерекшелігіне байланысты екі топқа: тіркесті үстеулер жəне фразалық үстеулер болып
бөлінді.
Осыған байланысты қазақ тіліндегі күрделі үстеулер 4 топқа бөлінді:
1) біріккен үстеулер;
2) қосарланған үстеулер;
3) тіркесті үстеулер;
4) фразалық үстеулер.
Біз солардың ішінде біріккен күрделі үстеулерге ғана тоқталамыз.
Қ. Есенов: «Үстеулердің енді бір тобы екі сөздің бірігуі арқылы жасалады. Бірігу
арқылы жасалған үстеулер табиғаты жағынан бірдей болып келмейді» деп, сол
ерекшелікке қарай, оны былай топтастырады: «Үстеу сөздердің бірігуіндегі осындай
KÜLTÜR EVRENİ - UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ
106
заңдылықтарды ескере отырып, оларды өзара екі топқа жіктеуге болады: кіріккен
үстеулер жəне біріккен үстеулер» (М.Б. Балақаев, Қ.М. Есенов Т. 1989: 355).
Ғалымдардың дəлелдеуі бойынша біріккен сөз атаулы алғаш сөз тіркестері
болған, кейін олардың мағынасы кірігіп, біртұтас лексикалық мағынаға көшкен.
Сөздің мағынасының даму жолында бірте-бірте оның емлесі қалыптасады. Күрделі
сөздердің ішінде бір тобының тілде бірге жазылуы қалыптасады, ол кейбіреулерінің
сөз тіркесі кезіндегі бөлек жазылуы сақталып қалады. Осыған орай, күрделі сөздердің
бірге жазылатын тобы біріккен сөздер, бөлек жазылатындары тіркесті сөздер аталып
жүр. Кіріккен үстеулер деп құрамы ең кемі екі уəждемеден құралып, бірақ
уəждемелері дыбыстық құрамын сақтамай, ықшамдалып, бір-бірімен жымдаса
отырып, біртұтас мағынаға көшкен түрі күрделі үстеу аталады. Кіріккен үстеулерге
мына үстеулер жатады: жаздыгүні, қыстыгүні, күздігүні, жазғытұрым, ендігəрі,
неғұрлым, өстіп, өйтіп, бүйтіп, сөйтіп, қысылшаң, биыл, бүгін, бұротала, сонсын,
анағұрлым, бүрсігүні, əнеугүні, арагідік, əжептəуір, жедеғабыл, түнеугүні,
біротала, жазатайым, алагөбе, екіншігəрі, едəуір, бозамық, алаугеуім, зауқайым,
жертағандап.
Кіріккен үстеулерді екі сыңары да дыбыстық өзгеріске түскен үстеулер жəне бір
сыңары ғана дыбыстық өзгеріске түскен үстеулер деп екі үлкен топқа бөлуге болады.
Екі сыңары да дыбыстық өзгеріске түскен кіріккен үстеулерге: жаздыгүні
(жаздың күні), қыстыгүні (қыстың күні), күздігүні (күздің күні), өстіп (осылай
етіп), өйтіп (олай етіп), бүйтіп (бұлай етіп), сөйтіп (солай етіп), биыл (бұл жыл),
бүгін (бұл күн), əнеугүні (əнеугі күні), битіп (бұлай етіп), түнеугүні (түнеугі күні),
екіншігəрі (екінші күннен əрі) т.б.жатады.
Кіріккен үстеулердің бір тобының бір сыңары ғана дыбыстық өзгеріске түскен,
олар: неғұрлым (не құрлым), қысылтаң (қысыл таяң), анағұрлым (ана құрлым),
арагідік (ара кідік), біротала (бір жолата), алагөбе (ала көбе).
Кіріккен үстеулерде болған осы дыбыстық өзгерістер буын үндесуінің, дыбыс
үндесулерінің əсерінен, ықшамдау заңдылықтарына байланысты болғаны байқалады.
Мысалы, өстіп, бүйтіп, сүйтіп, битіп, өйтіп,бүгін кіріккен үстеулерінің
қалыптасуында əрі буын үндестігі заңдылығы, əрі ықшамдау заңдылығы əсер еткен,
осы сөздердің құрамындағы жуан сөздер екінші жіңішке сыңардың ықпалымен
жіңішкеріп, əрі ықшамдалып кіріккен. Ал, анағұрлым, жедеғабыл, алагөбе сияқты
т.б. үстеулердің екінші сыңарының басқы қатаң дыбысы 1-сыңардың соңғы дауысты
дыбысының əсерінен ұяң дыбысқа көшкен, бұл дыбыс үндестігінің əсерінен деп
санаймыз.
Осындай кіріккен сөздердің ішкі сыңарларының дыбыстық өзгеріске екі
сыңардың да қатысы бары анықталды. Ал, кіріккен үстеулердің екі сыңарының да не
бір сыңарының дыбыстық құрамының толық сақталмай үлкен өзгеріске түсуі тілдің
ықшамдау заңдылығына байланысты болады.
Кіріккен күрделі үстеулердің уəждемелері болған сөз таптарына келгенде, оған
түрлі сөз таптарының қатысқаны анықталады. Олар: зат есім, есімдік, сын есім,
үстеу, етістік, сан есім. Демек, тіліміздегі негізгі сөз таптарының бірсыпырасы
кіріккен күрделі үстеу жасауға қатысқан. Оны мысал арқылы білдірейік. Зат есімнің
уəждеме болуы арқылы жасалған кіріккен күрделі үстеулер: жаздыгүні, қыстыгүні,
күздігүні, биыл, бүгін, əнеугүні, түнеугүні т.б.
KÜLTÜR EVRENİ - UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ
107
Есімдіктің уəждеме болуы арқылы жасалған кіріккен күрделі үстеулер: биыл,
бүгін, неғұрлым, анағұрлым т.б.
Сан есімнің уəждеме болуы арқылы жасалған кіріккен күрделі үстеулер:
екіншігəрі, біржола, біротала т.б.
Етістік уəждемесі бар кіріккен күрделі үстеулер: қысылтаң, битіп, өстіп, өйтіп,
бүйтіп, сөйтіп т.б.
Енді кіріккен үстеулерді мағынасынақарай топтастырайық. Кіріккен үстеулердің
бір тобы мезгіл мағынасын білдіріп, қашан? деген сұраққа жауап беред. Олар
сөйлемде мезгіл пысықтауыш қызметін атқарып, үстеудің мезгіл мағыналық тобына
жатады. Олар: жаздыгүні, қыстыгүні, күздігүні, биыл, бүгін, əнеугүні, сонсын,
күнұзаққа, түнеугүні, алагөбе.
Кіріккен күрделі үстеулер қимылдың болған мезгілін білдіріп, сөйлемнің мезгіл
пысықтауыш қызметін атқарып тұр. Сондықтан олар мезгіл мəнді үстеулердің
мағыналық тобына жатады.
Кіріккен үстеулердің бірсыпырасы қимылдың қалай жасалғанын білдіреді: өстіп,
өйтіп, бүйтіп, битіп, сөйтіп, қысылтаң, анағұрлым, жедеғабыл, біротала,
жазатайым, алмағайын, зымқайым, əншейін, жертағандап т.б. Бұл топтағы кіріккен
үстеулер қимылдың қалай жасалғанын білдіріп, сөйлемде сын қимыл пысықтауышы
қызметін атқарып, мағынасы жағынан сын (бейне) үстеулеріне жатады.
Кіріккен үстеулер ішінде мөлшер мəнді үстеулер де кездеседі. Мысалы: Биылғы
жүн өнімділігі жылдағыдан анағұрлым жақсарды (С. Бегалин). Қыз жүрегі неғұрлым
аймалағанды, мəпелеп күткенді сүйеді (А. Байтанаев).
Осы мысалдардағы анағұрлым, неғұрлым деген кіріккен үстеулер мөлшер мəнін
білдіріп, қанша аймалағанды сүйеді? деген сұрақтарға жауап беріп, мөлшер мəнді
үстеулер тобына жатады.
Кіріккен үстеулердің əрқайсысының лексикалық мағынасына келсек, олардың
құрамындағы сыңарлары алғашқы жеке қолданыстағы лексикалық мағынасын
кіріккен үстеуде толық сақтамаған. Кіріккен үстеулердің құрамындағы сыңарлардың
мағынасы бір-бірімен кірігіп, жаңа лексикалық мəнге көшкен. Жаңа лексикалық
мағынаға кіріккен үстеудің ішкі сыңарларының əсері болатыны сөзсіз, бірақ оны
бөліп көрсету қиын, өйткені ол – қимылдың жайы-күйін білдіретін біртұтас
лексикалық мағына.
Кірікпеген күрделі үстеулер деп графикалық жағынан бірге жазылатын,
құрамындағы уəждемелері өзінің дыбыстық құрамын сақтаған, бірақ уəждемелерінің
мағынасы біртұтас лексикалық мағынаға көшкен күрделі үстеулер аталды. Күрделі
үстеулердің бұл түрі де тілімізден белгілі орын алады. Олар мыналар: аққұла, селқос,
біржолата, күнара, бірқыдыру, құлантаза, селсоқ, бірсыпыра, недəуір, кездейсоқ,
жайбарақат, өзара, немқұрайды, өнебойы, əлдеқашан, құстаңдайлап, екіталай,
екібастан, басыбүтін, таңертең, құланиек, күнұзаққа, əрдайым, беталды, бірталай.
Кірікпеген үстеулердің құрамындағы сыңарлары дыбыстық құрамын
сақтағанымен, əрқайсысы өз мағынасын толық сақтамайды. Жаңа мағынаның
қалыптасуына сыңарлардың қосатын мағыналық үлесінде айырма бар деп санайтын
ғалым Б.Қ. Қасымның пікірін толықтай қоштаймыз.
Қорытындылай келе, туынды күрделі үстеулердің жасалуына əр түрлі сөз
таптары уəждемелік қызмет атқарғанына, сондай-ақ аналитикалық тəсіл арқылы
KÜLTÜR EVRENİ - UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ
108
жасалатын күрделі туынды үстеулердің сыңарларының мағыналық ерекшеліктері
түрліше дəрежеде сақталып тұстасқан бір мағына беретініне көзіміз жетті.
Пайдаланған əдебиеттер:
1.Азарова О.В. Сложные прилагательные во французском и испанском языках. –
Л., 1974. – 172 с.
2.Грамматика туркменского языка / Сост.: Н.А. Баскаков, М.Я. Хамзаева, Б.
Чарыяров. – Ашхабад: Ылым, 1970. – Ч.1. – 503 с.
3.Грамматика хакасского языка / Ред. кол. Н.А. Баскаков, А.И. Грекул, Д.И.
Чанков и др. АХССР. Ин-т языкозния Хакас. научно-исслед. ин-т. лит. и истории. –
М.: Наука, 1975. – 418 с.
4.Гочияева С.А. Наречие в карачаево-балкарском языке. – Черкесск: Ставроп. кн.
изд-во, 1973. – 119 с.
5.Қасым Б.Қ. Күрделі аталым жасалымы: когнитивті-дискурстық ұстаным. –
Алматы: «Ж.К. Волкова А.В.», 2010.– 383 б.
6.Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі / Құраст.: М.Б. Балақаев, Қ.М. Есенов т.б.
–Алматы: Ғылым, 1989. – 368 б.
7.Қасым Б.Қ. Қазіргі қазақ тілінің теориялық жəне қолданбалы аспектісі. –
Алматы: «Ж.К. Волкова А.В.», 2010.– 371 б.
8.Мешков О.Д. Словообразование современного английского языка. – М.: Наука,
1976. – 245 с.
9. Мусаев К.М. Грамматика караимского языка. Фонетика и морфология. – М.:
Наука, 1964. – 344 с.
10. Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы.– Алматы:ТОО «АБ», 2002.–192 б.
11.Смирницкий А.И. Морфология английского языка. – М.: Изд-во лит. на
иностр. яз., 1959. – 440 с.
12. Төлеуов Ə. Сөз таптары. – Алматы: Мектеп, 1982. – 128 б.
13.Һазырқи заман уйғур тили. Морфология вə синтаксис / А.Т. Қайдаров, Т.Т.
Талипов, Ю. Цунвазо, И. Исмаилов. – Алмута, 1966. – II қис. – 454 б.
Достарыңызбен бөлісу: |