Кубизм
Өту барысы: кубтың әр жағына «Не үшін?»,
«Түсіндір», «Атап бер», «Ұсын», «Ойластыр», «Бөліс» атты тапсырмалар жазылады.
Оқытушы кубикті тыңдаушыларға қарай лақтырады. Кубикті ұстап алған тыңдаушы белгілі бір тақырып аясында кубиктің қырындағы тапсырманы басшылыққа ала отырып, сұраққа жауап береді. Оны
топ ішінде талқылау, ойластыру арқылы жүзеге асыруға болады. Кейін топ кубикті келесі топқа лақтыру арқылы өз сауалдарын жолдайды.
Ал кубикті ұстап алған топ сұраққа жауап беріп, өздеріңе түскен тапсырма негізінде сұрақ ойластырады. Осы бағытта жалғаса береді. Қойылатын сұрақ кубик қабырғасындағы сұрақтарға сай болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |