Симбаева белсенді оқу мен оқытуда қолданылатын әдістер әдістемелік қҰрал



бет95/146
Дата26.01.2022
өлшемі10,79 Mb.
#24394
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   146
Байланысты:
әдіс тәсілдер коучингқа

Роdоs)тация әдісі



2- қадам. Сұрақ дайындау (1-ден 4-ке дейін) сұрақтарды нөмірленген флипчартқа жазып, аудиторияның әр бұрышына ілу

  1. қадам. Төрт топ құру. Әр топ оз сұрақтарына жауап береді.

  2. қадам. Сағат тілімен орындарын алмастыру, әр топтың сұрақтарымен танысып шығу.

  3. қадам. Барлық топтардың жауаптарын талқылау


Аквариум








Жүзеге асырылуы:

Студенттерге қандай да болмасын проблеманы “көрермендер” алдында диалог үрдісінде талдауға мүмкіндік беретін тәсіл. Бұл тәсілді қолдану – топқа өз идеяларын ұсынуда тиімді, студенттердің өз ойын негіздей алу қабілетін дамытып, сараптамалық сұрақтар қоя білуге үйретеді.



☺ барлық қатысушылар шағын топтарға топтасады (3-4 адамнан);

☺ бір шағын топ аудитория ортасындағы үстелге келіп отырады («аквариумге»), оқытушы немесе жүргізуші оларға талқыланатын тақырып немесе сұрақты береді және қажетті ақпаратты да ұсынуына болады. Ал қалған топтар (белсенді емес) бақылаушы рөлін атқарады;

☺ белсенді («аквариумдегі») топ тапсырманы дауыстап оқып,

талқылайды, ал бақылаушылар үнсіз тыңдайды, әңгімеге араласпайды, қажет жерінде жазып алуларына болады;

☺ белсенді топ залдағы орындарына барып отырады да, бақылаушылар

енді «аквариумге» келіп жайғасады. «Аквариумдегі» топ бірінші пікірге баға береді, олардың аргументтеріне пікір айтады, сосын талқыланып жатқан сұрақ бойынша өз ойларын дәлелдеуге тырысады;

☺ «аквариумде» кезекпен барлық топ болып шығуы тиіс;

Жалпы барлық топ бір ғана мәселені талдауына болады немесе әр топқа әртүрлі сұрақ беруге де болады. «Ыстық орындық» әдісіне ұқсайды, онда бір ғана студент «ыстық орындыққа» отырып, жауап берсе, бұл жерде шағын топ



«аквариумде» болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет