Пікірлер жібі
Белглі бір тақырып бойынша пікір алмасуды бастамас бұрын, қатысушылардың зейінін шоғырландыру, топта ынтымақтастық атмосферасын орнату мақсатында қолданылады. Уақыты: 15 минут
Тренер пікірлесуге арналған тақырыпты жариялап, жіпті бірінші қатысушыға береді. Мысалы: “Не маңызды: баға ма, әлде бағалау ма?”
Жатығудың негізгі ерекшелігі - қатысушылар өз пікірлерін сұқ саусағына жіпті орап болғанша айта алады. Ойынның соңында айтылған пікірлердің қайсысы маңызды, құнды екенін талдайды.
Қызыл лента
Бұл жаттығуда сізге өзіңіздің аудиторияңыздың еденіне бекітетін лента қажет болады. Қатысушылардың саны тең болатындай, лентаның екі жағына орналастыру керек.
Оқытушы сабақ өтілген тақырып бойынша қарапайым сөйлемнен бастап, мазмұны ауқымды сөйлемдер айтады. Мысалы: “Маған Қожа ұнайды, себебі...”, т.с.с. Егер қатысушы айтылған пікірмен келісетін болса, сызықтың жанына келуі қажет, келіспесе, орнында тұра береді.
Достарыңызбен бөлісу: |