Соdоs)т – сабақ (М. Жанпейісоdоs)ва)
Мұнда сабақ өткізу үшін студенттер топ құрайды:
„соттар”, 1 – „прокурор (мемлекеттік айыптаушы)”, 1- „қорғаушы” (адвокат) және „куәгер”.
Топтар материл жинақтап (құжаттар жинағы, мемуарларды, мерзімді баспа жариялымдарын пайдаланады),
„куәгерлердің” көрсетулерін және „айыптаушы” мен „қорғаушының” сөздерін құрайды.
Бұл үдеріс тақырып негізінде жүргізіледі. Мұндағы „айыпталушы” – шартты түрде алынған. Сабақты жүргізу үшін жиһаздарды арнайы орналастыру қажет: ортада, тақтаның жанында – „соттардың” үстелі, сол жақта –
„айыпталушы”, оң жақта – „қорғаушы” және „айыпталушының орындығы”.
Сабақ оқытушының кіріспе сөзімен басталады. Содан кейін: „Сот басталды!” деп хабарланады.
„Соттар”, „айыпталушы” , „қорғаушы” өз орындарына жайғасады.
Сабақты „соттың төрағасы” жүргізеді. „Айыптау қорытындысы”,
„куәгерлердің көрсетулері” тыңдалады. Бұл мәліметтермен „айыптаушы” және
„қорғаушы” сөз сөйлейді.
„Сот” кеңесуге кетеді: „үкім” шығарылады.
Кеңесуге кеткен уақыттағы үзілісті осы үдерісті ашып көрсетуге ұмтылған
„шағын баспасөз конференциясымен”, „корреспонденттердің” (4-5 студент) сөздерімен толықтыруға болады. Сабақ қызықты өтуі үшін фонограмма қолдануға болады.
Белгілі бір тақырып немесе тақырып ішіндегі бір ғана факті, оқиғаға қатысты да өткізуге болды. Барлық пән бойынша да өткізіле береді.
Достарыңызбен бөлісу: |