Ж. Саин бұл өлеңінде тікұшақтың аспанды шарлай ұшып, дауысының жер көкті алғанын «саңқылдады» деп кейіптеу қолданған. Тікұшақтың әрі-бері қозғалғанына таңырқай жер мен көк қарап тұр деп те кейіптеу қолданған. «Самолетте сансыз ұл», «Қорғауға елін дайын тұр» деген жолдарда әскердегі сарбаздардың елін қорғауда істеп жатқан қызметтерін айта кетіп, «Өткір болат – алмастан» деп жауға оңай берілмейтін қайсарлықтарын көрсеткен. Соңғы тармақтарында дамытуды байқаймыз. Яғни, «Ұш! Самға! Заула! Шарықта!» сөздерінен тікұшақты аспанға самғатуды ғана емес, соның ішіндегі сарбаздардың рухын асқақтатқысы келгенін көреміз. «Желбіретіп алда қызыл ту» деген тармақтан сарбаздардың жеңіске деген сенімін молайтып, алға ұмтылдырып, қайратын, рухын көтеріп тұрғанын аңғаруға болады.