Симбиоз – симбиоз . Организмдердің бірлесіп, селбесіп
ӛмір сүруінің әртүрлі формалары (мутуализм, протокоопера-
ция, комменсализм, паразитизм). Негізінен екі қосарланған орга-
низмдердің ӛзара, бір-біріне пайдалы селбесіп тіршілік етуі (мы-
салы, жоңышқа, түйежоңышқа, соя, асбұршақ, қына, т.б.).
Синэкология (
қауымдастықтар экологиясы, популяциялық экология) – синэкология (экология сообществ, экология популя- ций). Әртүрлі түрлерге жататын популяциялар (ӛсімдіктер, жан-
уарлар, микроорганизмдер) жиынтығын бір тұтас организмдер
қауымдастығы деңгейінде зерттейтін ғылым жүйесі.
Смог (улы тұман) – смог. Ауадағы тұман, түтін, шаң, улы
заттар қоспасы. Смог екі түрлі (пайда болған жеріне қарай) –
Лондондық және Лос-Анджелестік.
Стандарттар (
нормативтер, регламенттер )
– стандарты (нормативы, регламенты). Қоршаған ортадағы кешендерде,
объектілерде заңды түрде рұқсат етілген
ластаушы заттардың мӛлшері, концентрациясы немесе әсер ету мӛлшері.
Стенобионттар – стенобионты. Тӛзімділік (толеранттық)
зонасы аз, экологиялық тұрғыдан әлсіз, шыдамсыз организдер.
Судың әр тҥрлі тҥсті болуы – цветение воды. Фитопланк-
тонның жаппай ӛсіп дамуы нәтижесінде судың түсі жасыл және
сары-қоңыр түстен қызыл түске дейін ӛзгереді. Бұл су қоймала-
рына биогенді элементтердің (фосфор, азот, калий) кӛп мӛлшер-
де түсуі нәтижесінде пайда болатын құбылыс.
102
Суккуленттер – суккуленты. Су жинаушы ұлпалары жақ-
сы дамыған, жапырақтары етті, сулы (мысалы, алоэ) және сабақ-
тары да етті (мысалы, кактустар) ксерофитті ӛсімдіктер.