35
лы жоғары және жарық жағдайда ӛтеді. Бұл кезеңде ӛсімдік
клеткасында қанттар жинақталады, ӛйткені аяз күшейген жағ-
дайда қант клетка цитоплазмасын және оның субмикроскопия-
лық құрылымын суықтан, сусызданудан қорғайды.
Шынығудың
бірінші кезеңінде ӛсімдіктердің суыққа тӛзімділігі -5°, -10°,
-12°С-қа дейін артады. Бірақ, бірінші кезеңге дейін ӛсімдік ӛзі-
нің ӛсуін тежеуі керек.
Шынығудың екінші кезеңі
(мысалы, күздік бидай) жарықта
немесе қараңғыда, шамалы деңгейдегі аязда (-3°-8°С) тоңып қат-
қан кезден басталады. Бұл кезеңнің дұрыс жүруі үшін ӛсімдік-
тер шынығудың бірінші этапынан ӛтуі керек, сонда ӛсімдіктер-
дің аязға тӛзімділігі артады. В. Лархер (1978) осы этаптарға қо-
сымша
үшінші кезеңді
ұсынады. Бұл кезеңде ӛсімдікті ұзақ уа-
қыт бойы -10°-30°С температуралық суықта ұстап, қатыру ке-
рек. Сонда ӛсімдіктердің суыққа тӛзімділігі ӛте күшейіп, аяз әсе-
рінен сусыздануға да шыдайды. Осыдан кейін ӛсімдікті сұйық
азотқа да (температурасы -190°С) салуға болады және онда да
ӛсімдік зақымданбайды, шыдайды. Суыққа, аязға шыдамдылық
ӛсімдіктердің Жер бетінде таралуына әсері зор.
Тӛмен температураның басқа да зиянды әсерлері бар. Мыса-
лы, қатты суық әсерінен топырақ нығыздалады және жарылады,
ал бұл ӛсімдіктер тамырының механикалық зақымдануын туын-
датады.
Қысты күнгі қар қалың болып, 0°С температурада ұзақ
уақыт ерімей жатса, ӛсімдіктердің қорға жиналған органикалық
заттары тыныс алу процесіне жұмсалып тауысылады. Нәтиже-
сінде әлсірейді, сосын ӛледі. Тундрада, Солтүстік тайгада топы-
рақ бір мезгілде емес, әртүрлі уақытта қатуына сәйкес және ыл-
ғалдың (судың) кӛлемі ұлғаюына байланысты кейбір жерлер
томпайып кӛтеріледі де, ӛсімдіктер топырақтан сыртқа шығып
қалады, тамырлары үзіледі. Сыртқа шығып қалған ӛсімдік мү-
шелері (әсіресе тамырлары) қатты суықтан зақымданады. Сон-
дықтан ӛсімдіктердің суыққа (аязға) тӛзімділігінен басқа, қыс
кезеңінің қолайсыз жағдайына тӛзімділік, яғни
Достарыңызбен бөлісу: