106
Фитофагтар – фитофаги.
Қорек ретінде тірі ӛсімдіктерді
пайдаланатын гетеротрофты организмдер.
Фитоценоз – фитоценоз.
Биоценоздың ӛсімдік компоненті.
Флора – флора.
Белгілі территорияда, аймақта ӛсіп дами-
тын ӛсімдіктер түрлерінің жиынтығы.
Форитикалық байланыстар – форитические связи.
Бұл
бір биологиялық түрдің екіншісінің тарлуына қатысуы. Тасы-
малдаушы ретінде жануарлар мен жәндіктер, құстар және адам-
дар қатысады. Ӛсімдіктер тұқымдарын, спораларын, тозаңдарын
жануарлар мен жәндіктер тасымалдайды. Тұқымдарды тасымал-
дау
активті
және
пассивті
түрде жүреді.
Фотокезеңділік – фотопериодизм.
Жарық кезеңінің ұзақ-
тығына организмдер реакциясы. (Мысалы, фотокезеңі ұзақ күн-
дік, қысқа күндік, бейтарап ӛсімдіктер, құстардың миграциясы).
Фотосинтез – фотосинтез.
Күн сәулесі энергиясын пайда-
ланып органикалық емес заттардан органикалық қосындылар-
дың түзілуі.
Фотосинтез ӛнімділігі – продуктивность фотосинтеза.
Ӛсімдіктің биомассасында пайда болған барлық зат салмағы-
ның (граммен) жапырақ ауданына қатынасы.
Фототрофтар – фототрофы.
Биосинтезге жарық энергия-
сын пайдаланатын афтотрофты организмдер (ӛсімдіктер, циано-
бактериялар).
Хамефиттер – хамефиты.
Онша биік емес ӛсімдіктер. Қай-
тадан ӛсетін бүршіктері жер бетіне жақын, 20-30 см биіктікте
орналасқан және де бүршіктері қар жамылғысымен жабылып,
қорғалуы мүмкін (итбүлдірген, су жидек, қара жидек, т.б.).
Хемосинтез – хемосинтез (хемоавтотрофия).
Органикалық
емес заттардың (күкірт, күкірт сутегі, темір, аммиак, нитрит,
т.б.) тотығуынан шыққан энергияны пайдаланып, органикалық
емес заттардан (СО
2
, т.б.) органикалық заттар синтездеу процесі.
Достарыңызбен бөлісу: