Симметриялы құраушылар әдісі кез келген симметриялы емес үш фазалы жүйе шамаларын (токтар, кернеулер) үш симметриялы жүйе шамаларының қосындысы түрінде көрсутіге негізделген. Жиынтықта симметриялы емес үш фазалы жүйені құратын бұл симметриялық жүйелер симметриялық құраушылар деп аталады. Симметриялық құраушылар бірбірінен фазалардың алмасу реттіліктермен ерекшеленеді, яғни қалай фазалық шамалар максимум арқылы өту ретімен. Олар тура, кері және нөлдік реттілік жүйлер деп аталады. Тура, кері және нөлдік реттіліктеріне жататын шамаларды сәйкесті 1,2 және 0 таңбалармен белгілейді.
Кернеулердің және токтардың симметриялы емес жүйлері тек апат ережелерде туады. Апат ережелерге бір немесе екі фазалардың қысқа тұйықталуы, фазаның үзіліп ажырауы, электр машиналарда және трансформаторларда пайда болатын симметриялы емес кернеулер мен токтар. Бұл ережерлерді есептеу үшін симметриялы құраушылар әдісі қолданады.
Егер де симметриялы үш фазалы тізбектің шықпаларына кернеудің тура, кері және нөлдік реттіліктері бар токтардың симметриялы жүйесі ынта салынса, онда бұл тізбекте сол сияқты реттіліктері бар токтардың симметриялы жүйесі пайда болады. Кешенді фазалық кернеудің тура, кері және нөлдік реттіктерінің сәйкесті фазалық кешенді токтардың тура, кері және нөлдік реттіліктеріне қатынасы сәйкесті тізбектің кешенді кедергісінің тура реттіліктері деп аталады.
Синусоидалы емес Айнымалы токтың генераторларында саңылау бойында магнит индукцияның қисығының тарауы синусоидан айрықша болғандықтан орамадағы пайда болған ЭҚК-тердің қисықтары синусоидалдыемес.Сызықсыз кедергілері, индуктивтіктері және сыйымдылықтары бар тізбектерде (мысалы, түзіткіштер, электр доғалар, болат өзекшесі бар орауыштар) ЭҚК-тер синусоидалды болса да токтар және кернеулер синусоидалды емес болады.