• Мәтінді оқып, ойларыңды ортаға салыңдар.
• Таң атқаннан кеш батқанға дейін әрі-бері жүретін сіз жол
бойында үнсіз «тілқатып» тұратын бағдаршамға күніне
неше рет жолығасыз? Үш түстен тұратын бағдаршам
«Тоқта!», «Дайындал!», «Жүр!» деп жанып-өшіп, қанша
адамның өмірін сақтап тұр екен?! Ол түсін алмакезек
ауыстырғанда көз алдыңызға не елестейді? Бағдаршам сіз
үшін қай кезде жүріп, қай кезде тоқтау керектігін
түсіндіретін құрал ғана ма?
•
Заттың, құбылыстың
сын-сипатын,
көлемін, түр-түсін,
сапасын білдіретін сөз
табы сын есім деп
аталады. Мысалы:
әдемі, ақшыл, ұзын,
мейірімді.
Сын есім қандай?
қай? деген
сұрақтарға
жауап береді. Сын
есімдер тұлғасына
қарай 2-ге бөлінеді: 1)
негізгі сын есімдер; 2)
туынды сын есімдер.
Әрі қарай бөлшектеуге
келмейтін сын есімдер негізгі
сын есімдер деп аталады.
Мысалы: жақсы, әсем, асыл, ақ,
сұлу, т.б.
Түбірге жұрнақ жалғану арқылы
жасалатын сын есімдер туынды
сын есімдер деп аталады.
Мысалы: арыстан-дай,су-лы,
тер-шең,сер-гек,бағын-ыңқы,
т.б.
Мына мәтіннен сын есімдерді тауып, тұлғасына қарай талдаңыздар
Балалардың кейде өзара бірнәрсеге келісе алмай, бір-бірімен таласып қалатыны бар. Үлкендеуі
кішісіне күш көрсетіп, кішісі жылап, одан кейін қайта татуласып жатады. Бүгін де екі қыз болмашы
нәрсеге таласып, бір-біріне өкпелеп қалды.
— Бері жақындаңдар, мен сендерге ертегі айтып берейін, — дегенім сол еді, бәрін ұмытып жаныма
жүгіріп келді. Бірақ өкпелері әлі жазыла қоймаған сияқты. Оларға бір көз тастап қойдым да,
ертегімді бастадым.
Бағдаршам әкейдің үш ұлы бар еді. Қызу қанды Қызылбек, сабырлы Сарыбай, көңілі ашық
Жасылбек. Үшеуі өте тату тұғын. Ешқашан жұптары жазылған емес. Адамзат игілігі үшін
қолдарынан келгенше аянбай еңбек етіп, көше тәртібін реттеп тұратын. Кейде сондай татулықтың
арасына болмашы нәрселерге бола сызат түседі. Бүгін де өз қызметтерін қалтықсыз атқарып тұрған
ағайынды үшеудің жандарына келген екі балақайдың әңгімесі олардың шырқын бұзды.
— Қалай ойлайсың, бағдаршамның қызыл көзі пайдалы ма, әлде жасыл көзі ме? – деп сұрақ қойған
балақай досының жауабын күтіп тұрды.
— Әрине, жасыл. Жасыл жанса жүреміз. Қызыл жанса, күтіп тұруға тура келеді.
— Ал меніңше, қызылы пайдалы. Жолдағы қозғалысты реттейтін нағыз сол көзі.
Балақайлар көп дауласқан жоқ. Жасыл көз жанған соң, көшенің арғы бетіне асыға жөнелді. Бірақ сол
жерде қалған әңгіме ағайындылардың арасына дау туғызып кетті.
— Әне, мені адамдар мойындап тұр. Жол қозғалысы реттейтін мен екенмін, — деп қызбалықпен
дауды тұтатып жіберді Қызылбек.
— Олар бар болғаны балалар ғой. Көп нәрсені түсінбейді, — деп басу айтты Сарыбай.
— Өзің ойлашы, тұра берсең жұмысың өне ме? Адамдар айтады емес пе, «Жатқанға жан жуымас,
жүргенге жөргем ілінер» деп. Сондықтан адамдарға менің пайдам көп-ау, — деп ақкөңіл Жасылбек
өз ойын мақалдап жеткізді.
Өздері біліп тоқтамаса, қызбалықпен туған дау жаман ғой. Ағайынды екеу ұзақ сөз таластырды. Басу
айтқан Сарыбайдың сөздерін құлақтарына да қыстырмады. Содан не болды дейсіңдер ғой? Шорт
мінезді Қызылбек басқа көшеге, өкпешіл Жасылбек басқа көшеге кетті.
•
Бағдаршамда не себепті алдымен қызыл, кейін сары,
сосын жасыл түс тұрғанын білесіздер ме? Себебі
"дихромазия" деген ауруға шалдыққан адамдар көшеден
қорықпай өту үшін осылай жасалған. Ол ауруға душар
болған жандарға түстің әсері өте қатты. Ирландиялықтар
тұратын Америкадағы кішігірім қалашықта бағдаршамда
бірінші қызыл түс емес, жасыл түс орналасқан. Бұл
бағдаршам 1925 жылдан бері келе жатыр. Өйткені оған
дейінгі бағдаршамды жергілікті балалар таспен ұрып,
сындырып тастайтын болған. Себебі олар Ирландияның
символын білдіретін жасыл түстің қызыл түстің астында
тұрғанын қаламапты. Билік өкілдері әлемдегі жалғыз
керісінше бағдаршамды жасау үшін 3 жыл уақыт жұмсаған.