«Сын тұрғыдан ойлау технологиясының әдіс-тәсілдерін ақпараттық комуникациялық технологиялар арқылы пайдалану негізінде білімгерлердің білім сапасын арттыру»
Эксперименттің мақсаты: Сыни тұрғысынан ойлау технологиясының әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, білімгерлердің ой-өрісін дамытып, өзіндік, жеке, тәуелсіз ойлау арқылы кез келген оқу материалдарын сын тұрғысынан қарап, ұтымды жауап іздетіп, саналы шешім қабылдауды үйретіп, болашақ бәсекелесуге қабілетті мамандардың білімдерінің сапасын көтеру. Міндеттері: - Білімгерлердің қызығушылықтарын ояту,белсенділігін арттыру; - Үйрену-өздігінен білім алу; - Іс-әрекетінің оянуын дамыту; - Өзіндік жеке ойлау,тәуелсіз ойлау; - Сұрақтар шешімін табу-жаңа бір нәрсе тудыру; - Көңілге қонымды дәлелге ұмтылу; - Мәселені шешудің жолын өзі іздеп табу; - Шешімді негізі бар саналы дәлелдеу; - Әлеуметтік ойлау,таласып оқу,талқылып қарсы шығу; - Топпен ой бөлісіп,берілген тапсырмаларды дәлелдеу,көрсету,бағалау; - Күрделі мәселелерді шешу,аса маңызды,жауапты шешім қабылдау; - Танымдық қабілеттерін дамыту,шығармашылыққа ұмтылу; - Ұсыныс-пікірлерін еркін өз сөздерімен айта білу,ойларын ұштау және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызу; - Сабақтарымызда сыни тұрғысынан ойлау технологиясының әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы білімгерлердің білім сапасын көтеру; - Сыни тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігін эксперимент арқылы дәлелдеу. Болжамы: Егер сыни тұрғысынан ойлау технологиясын өз сабақтарымызда, онда білімгерлердің танымдық белсенділігін арттырып, өз бетінше білім алуына, өз ойын еркін жеткізуіне, ізденушілігіне ықпал етіп,