Сын тұРҒысынан ойлау, шығармашылық ойлау және рефлексия



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата28.09.2022
өлшемі364,98 Kb.
#40675
1   2   3   4   5
Dr. Meyirbek TUYEBAYEV 
атақты ғалымның біреуі қателесті деп те айта алмаймыз. Мәселе дененің бір 
мезгілде тыныштық күйде де, бірқалыпты қозғалыста да бола алатындығында. 
Аристотель идеясының ұзақ уақыт үстемдік құруының себебі, дененің
жаратылған (табиғи) күйіне деген көзқарасының біржолата әрі түпкілікті
шешілген болып қарастырылуында. Осы көзқарас оның ары қарай дамуына
мүмкіндік бермеді.
Біз, сын тұрғысынан ойлауға бисоциативті ойлауды да жатқызғымыз 
келеді. Сонымен қатар, ойлаудың бисоциатвті түрін сын тұрғысынан ойлаудың 
танымдылығы жағынан ең күрделі және жоғары дегейіне жатады деп ойлаймыз. 
Бисоциативті ойлау – бірқарағанда келіспейтін, үйлеспейтін көқарастарды 
(
несовместимый) біріктіру арқылы жаңа идеялар алу. Бисоциативтті ойлау 
нәтижелеріне атомның (+) және (-) зарядтардан тұратын құрылысын түсіндіретін 
Бор постулаттарын, электронның дуалистік қасиеттерін сипаттайтын Гюйгенц 
принциптері мен Ньютонның корпускулалық теорияларын келтіруге болады. 
Синергия мен ойлаудың бисоциативті түрі проблемаларды шешуде жаңа идеялар 
мен жаңа мүмкіндіктерді көруге елеулі ықпал жасай отырып, өмірге ғылымның 
(физхимия, биофизика т.с.с.) немесе өндірістің қолданыста болатын жаңа 
бағыттарын әкелуі мүмкін. Сын тұрғысынан ойлаудың шығармашылық ойлаудан 
және рефлексиядан тағы бір айырмашылығы келіп түскен ақпараттарға немесе 
бұрыннан мәлім және қалыптасып қалған теориялар мен идеяларға күмәнмен 
қарайды.
Сонымен қатар, шет тілдері сөздігінде «критический» деген сөз екі
мағананы береді: а) сынау, сыни қарау. б) қиын қыстау (кризис) (Slovar 
inostrannyih slov, 1986: 24; Filosofskiy entsiklopedichesiy slovar, 1983: 147)
. Бірінші 
анықтамадағы “сынау, сыни қарау т.с.с сыни пікір” бағалау компоненттері деп 
қарастыруға болады. Америка философы, әрі педагогі Д.Дьюи сын тұрғысынан 
ойлау оқушылар тек нақты бір мәселемен айналысқанда ғана пайда болады деп 
есептейді. Дьюидің айтуы бойынша мәселелерге ерекше көңіл аудару 
оқушылардың табиғи әуесқойлығын оятып, оларды сын тұрғысынан ойлауға 
итермелейді. “Нақты бір мәселені қарастырып, қиын жағдайдан шығудың жолын 
өзінше іздеу арқылы оқушы шын мәнінде ойланады” (Mirseitova, Irgebaeva, 2006: 
74)
. Эдвард де Боне “сын тұрғысынан ойлаудың негізгі ерекшелігі – уақыттың
қыспаққа алуы” деп көрсетеді. Біздің бұған қосарымыз сын тұрғысынан ойлауға 
санадағы түсініктің қарам – қайшылығы әсер ететіні сөзсіз. Сын тұрғысынан 
ойлауға дағдыланған адамның ойы барлық уақытта таласпен, қарсы пікір 
айтумен қатар жүреді. 
Біз енді рефлексияны қалай түсінетінізге және қалай қолданатынымызға 
тоқталайық. Шет тілдері сөздігінде рефлексияны (лат.reflexio бейнелеу) – өзінің 
алғышарттарының мәнін түсіну (осмысление) мен негіздеуге бағытталған, 
сананың өзіне қаратылуын талап ететін философиялық ойлаудың принципі, 
басқаша – ойлаудың толғануы (размышление) деп те айтуға болады. Ал, 
деңгейлік курстарға арналған глоссариде рефлексияны “субъектінің назарын 
өзіне, атап айтқанда, оларды қайта ойлап, қорыту мақсатында өз белсенділігінің 
өніміне аударуы. Философияда рефлексия былай деп түсіндіріледі: 1) Сананың
және ойлаудың өзіне жүгіне алу қабілеті. 2) Жаңа білім алу мақсатында білімді 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет