179
Dr. Meyirbek TUYEBAYEV
Егемендік алған жылдардан бастап еліміздің оқу жүйесіне
енген мектеп
оқушыларының ЖОО түсу үшін тапсыратын ҰБТ жүйесі оқушылардың ойлау
қабілетін төмендетіп оны есте сақтаумен ауыстырып жіберді. Қазіргі әлемде
болып жатқан қарқынды өзгерістер – экономикалық, саяси және геосаяси
тұрақсыздық, сонымен қатар жаңа технологиялардың
шапшаң дамуы мен
ақпараттардың шамадан тыс көптігі, айналамыздағы бұрын – соңды болмаған
жылдамдықпен орын алып жатқан басқа да өзгерістер барлық оқушылардан “есте
сақтауды” ғана емес, “ойлау немесе ойтолғау (мышление)” қабілеттерін
дамытуды талап етіп отыр. Өте жылдам өзгеріп жатқан әлемнен шеттеп
қалмау
үшін, ойлау қабілеті жоғары және өз бетінше тәуекелге барып шешім қабылдай
алатын бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау барлық елдердегі оқу
орындарының өзекті
проблемасына айналды. Ойлауды қажет етпейдін өмір сүру
сферасын табу мүмкін де емес. Ойлау – бұрын игерген білімімізді пайдалана
отырып жаңа білім құру үшін қажет, яғыни ойлау арқылы біз барлық уақытта
бұрынғы біреудің құрған біліміне сүйене отырып, жаңа білім құрамыз. Сондықтан
да ойлау оқу процессінің негізгі бөлігінің бірі болып қалмақ.
Өкініше орай,
көпшілігімізге қалай нәтижелі ойлау керек екендігін ешкім үйретпеді. Біздің оқу
орындарымыз студенттерден жаттап алуды, есте сақтауды, фактлерге анализ
жасауды, есептерді шығаруды талап етті, бірақ оны қалай жасау керектігі туралы
ойлауды білім алушыларға жеткілікті түрде түсіндірмеді
.
Біз бұдан бұрын да сын тұрғысынан ойлау туралы жағанбыз (Madeev,
Tuyebaev, 2013: 155; Tuyebaev, 2015: 56)
. Бірінші статьяда біз “қарама -
қайшылық” пен “сын тұрғысынан ойлауды” салыстыра келіп, осы екі ұғымның бір –
бірімен
астарласып жатқанына тоқталсақ, екінші статьяда сын тұрғысынан ойлау
мен рефлексияның ұқсастықтары мен айырмашылықтарын қарастырғанбыз.
Біздің бұл статьяда қарастыратын мәселеміз соңғы 3-4 жыл төңрегінде ғана біздің
оқу орындарымызда жиі қолданып жүрген “сын тұрғысынан ойлау (кейде сыни
ойлау деп те аталады)” және оның ойлаудың басқа түрлері – “шығармашылық
ойлау” мен “рефлексиядан” айырмашылықтары мен ұқсастықтары туралы
болмақ. Ойлаудың осы аталған үш түрінде ортақ қасиеттер өте көп. Мысалы,
үшеуі де дербес және жеке өзіндік ойлау, үшеуі де жаңашыл яғыни қойылған
сұраққа тың, жаңа, бұрынғыны қайталамайтын жауап іздейді. Әрине авторлар бұл
статьяда өте күрделі осы мәселелерді толық шешілді деп қарастырмайды.
Статьяны өзекті және күрделі проблемалар туралы автолардың өз версиясы деп
қарастырған жөн.
Көптеген басылымдардағы осы терминдерге берілген анықтамаларды
салыстыра отырып бір – біріне қарама – қарысы да анықтамаларды кездестіруге
болады. Мысалы, Д. Клустер “Что такое критическое мышление?” (Mirseitova,
Irgebaeva, 2006: 105)
деген еңбегінде шығармашылық
ойлауды сын тұрғысынан
ойлауға жатқызбаса, Д.Халперен өзінің “Психология критического мышления”
(Halperen, 2000: 120)
атты еңбегінде “сын тұрғысынан ойлау – шығармашылық
ойлау” деп келтіреді. Сонымен қатар, Д.Халперен “Шығармашылықты
сезімталдықпен, интуициямен және
синергиямен сипаттауға болады” (Halperen,
2000: 150)
дейді. Біз шығармашылықты сезімталдықпен
және ингуициямен
сипатауға болатындығына ешқандай күмәніміз жоқ. Себебі, шығармашылық –