Dr. Meyirbek TUYEBAYEV 180
ақын-жазушылар
мен
өнер
адамрына
тән
қасиет.
Ал,
синергия
шығармашылықтан гөрі сын тұрғысынан ойлауға келеді деген пікір айтқымыз
келеді. Синергия – бір – біріне қатысы жоқ екі саладан (нәрседен) жаңаны ойлап
шығару. Бұған мысалы ретінде, Иоганн Гутенбергтің баспа білдегін (печатный
станок) бұрыннан белгілі бірақ, бір – біріне ешқандай қатыс жоқ жүзім сыққышы
мен тиын шақасына арналған қалыпты біріктіру нәтижесінде ойлап тапқанын
келтіруге болады. Гутенберг қалыпты сыққыштың (пресс) астына қойып қағазға
әріптерді басып шығаруды ойлап тапты. Міне осы қарапайым әрі өзіндік идея
баспа білдектерінің (станок) дүниеге келуіне себеп болды.
Сонымен қатар, үш айлық деңгейлік курстарға арналған нұсқаулықта
(Nazarbaev intellektualnaya shkola, 2012: 7)
сын тұрғысынан ойлауды “Ойлау
туралы ойлау” деп сипаттаған. Бұл жерде екі мәселе бар. Біріншісі, бірінші ойлау
мен екінші ойлаудың айырмашылығы неде? Бірінші ойлауды табиғаттағы
құбылыстар мен айналамыздағы процестер немесе ғалымдардың ілгеріректе
тәжірибелер жасау немесе табиғи құбылыстарды зерттеудің нәтижесінде
шығарған анықтамалары, заңдылықтары, теориялары, ойшылдардың қанатты
сөздері т.с.с. деп қарастыруға болады. Сонымен қатар, бірінші ойлау – шешімі
табылмаған немесе табылса да күмән туғызатын проблема. Ал, екіншісі біреудің
ертеректе құрған білімін (теориялар, анықтамалар, құбылыстар т.с.с.) меңгере
және оған сүйене отырып, жаңа білім құру үшін қажетті – өзіндік ойлау. Бұл
жерде бірінші ойлауға жоғарыда келтірілген бұрыннан белгілі жүзім сыққышы мен
тиын шақасына арналған қалыпты, ал екінші ойлауға Гутенберг ойлап тапқан
баспа білдектерін де келтіруге болады. Екінші мәселе, А.Эйнштейннің “Те
важные проблемы, с которыми мы сталкиваемся, не могут быть решены на том
же уровне мышления, на котором мы находились, когда их создавали” деген
фразасын есекре отырып, “Ойлау туралы ойлау” дағы екінші ойлаудың танымдық
деңгейі алғашқы ойлаудан әлде қайда жоғары деген пікір де айтуға болады.
Көпшілік жағдайда проблеманың шешімін табу үшін, кейде біздің білмейтіндеріміз
емес, білетіндеріміз кедергі жасайды, себебі білетін мәселелер бізге түпкілікті
шешілген деп қалыптасып қалған. Ал оны өзгертуге адам барлық уақытта бейім
де, дайын да емес. Қалыптасқан әдет бойынша жіберетін үлкен қателігіміз,
проблеманың бірінші шешіміне тоқталып қалатынымыздықта, соның нәтижесінде
басқа альтернативті шешімді іздемейміз. Сондықтан, сын тұрғысынан ойлауда
біздің білетінімізге қарағанда білмейтініміз яғыни екінші ойлау әлдеқайда
маңызды және шешуші рөл атқарады. Проблемаларды шешуде, сын тұрғысынан
ойлау - бұрынғы қатып қалған көзқарастардан бас тартып жаңа идеяларды ұсыну
арқылы жаңа мүмкіндіктерді көруге апаратын ойлау. Мысалы ретінде, мектеп
оқулықтарында кездесетін мына ең қарапайым мысалды қарастырайық. Грек
оқымыстысы Аристотель бойынша денені қозғалысқа келтіру үшін немесе денені
барлық уақытта қозғалыста ұстап тұру үшін оған үнемі күш жұмсау қажет. Грек
оқымыстысының 2000 жылдай үстемдік еткен осы тұжырымына 16 ғасырдың
аяғында күмәнмен қараған Галилей, егжей – тегжейлі талдаулар жүргізіп және
күрделі ой – толғау елегінен өткізу арқылы денеге сырттан күш әсер етпесе, онда
ол барлық уақытта бірқалыпты қозғалыста болады. Яғни сыртқы күш дене
қозғалысын тежейді. Бір қарағанда бір – біріне қарама – қарсы пікір және біз екі