Сын тұрғысынан ойлау технологиясы


Сын тұрғысынан ойлау технологиясы дегеніміз



бет2/7
Дата31.12.2021
өлшемі1,15 Mb.
#21197
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы дегеніміз–мұғалімнің бағыттауымен оқушылардың өз бетінше білімді игеруі, кейбір практикалық іскерліктерін қалыптастыруы. Сын тұрғысынан ойлау технологиясын оқушылардың ойлау икемділігі мен шығармашылық іс-әрекетінің қалыптасуын мақсат тұтады.

Жалпы сын технологияның жетістіктері мынандай болып табылады:

1.Оқушылар күні бұрын берілген тапсырма мен де сабақ үстінде берілген тапсырмалармен қосымша ізденеді, өз бетімен дайындалады.

2.Оқушы ой қиялының дамуына, пікір айтуына еркіндік беріледі.

3.Өз өміріне, қоршаған ортаға сын көзбен қарауға үйренеді.

4.Өзгенің пікірін тыңдап, оған өз көзқарасын қоса білуге үйренеді.

5.Шыншылдық, әділдікке дағдыланады.

6.Өзгенің пікірімен санасуға үйренеді.

7.Әр түрлі шығармашылық жұмыстарға дағдыланады.

8.Өз пікірін қорғай дәлелдей алады.

9.Топпен жұмыс істеуге үйренеді.

10. Жан дүниесін тәрбиелейді.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының маңызды тағы бір ерекшелігі-сынып оқушыларын «жақсы», «жаман» оқушылар деп бөлмей, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызуды мақсат тұтуы. Нашар оқушының да өз шамасы келгенінше қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылған. Сол арқылы ол да өзін мүмкін дәрежеге дейін дамыта алады. Бұл жолда оның қателесуі, жаңылуы әбден мүмкін. Тек мұғалім тарапынан көрсетілген сабырлық, байсалдылық оның өз күшіне деген сенімін арттырып, алға жетелейді деп есептелінеді.

Сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолдануымен жүргізілген сабақтың жоғары деңгейде өтуінің алғы шарты оның қағидаларында, яғни, стратегияларында. Стратегия дегеніміз – философия, әдістемелік ұстаным. Мұғалім мен оқушы кез келген стратегияның әдіс-тәсілін, қыр-сырын жетік түсіне білуі қажет. Стратегияның 80-нен аса түрі бар.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы бойынша сабақ құрылымы 3 кезеңнен тұрады:

Қызығушылықты ояту кезеңінде оқушылар өз білімдерін, ұғымдарын белсенді ойлау, жазу және оқу арқылы білдірулері қажет.

Мағынаны ажырату кезеңінде жаңа тақырыпқа көшуі, оны зерттеуі, оқуы, жазуы, тәжірбие жасауы болады

Ой толғаныс кезеңінде оқушылар оқып білгендерін, үйренгендерін топтайды, белсенді түрде өз ұғымдарын жаңамен ұштастырып қайта құрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет