ILAC-тың негізгі мақсаты – құзыретті мүше-органдар аккредиттеген сынақ және калибрлеу зертханаларының жаһандық желісін құру.
ILAC негізгі халықаралық ұйым болып табылады, оның әрекет ету аясы мыналарды қамтиды:
зертханаларды аккредиттеу қызметін реттейтін ережелер мен құжаттарды әзірлеу;
сауданы жеңілдету құралы ретінде зертханаларды аккредиттеуде көмек көрсету;
аккредиттеу жүйелерін дамытуға және халықаралық деңгейде сынақтардың негізділігін тануға көмектесу.
ILAC-тың толыққанды мүшесі – оның мемлекеті зертханаларды және (немесе) инспекциялық органдарды аккредиттеу жөніндегі ұлттық орган ретінде таныған және ISO/IEC құжаттарының талаптарын қанағаттандыратын орган немесе органдар тобы.
Ұйымға әлемнің 82 елінен 125 аккредиттеу органы кіреді. Оның құрамына 3000-ға жуық сынақ зертханалары мен 5000 бақылаушы органдар кіреді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: https://emirsaba.org/7-soj-sertifikattau-salasindafi-jimdar-sertifikattau-meseleler.html?page=3