Hg + 4HN03 = Hg(NO3)2 + 2N02 + 2H20
Hg + 2H2S04 = HgSO4 + S02 + 2H20
сынап артық алынса, түзілгеп түзда [Hg2]2+ ионыболады
2Hg + 4HNO3 = [Hg2] (N03)2 + 2N02 + 2H20.
Сынап ( Hg2+, [Hg2]2 + ) мырыш пен кадмийға қарағанда едәуір күшті тотыктырғыш, концентрленген күкірт кышқылында кыздырса ғана ериді.
Сынаптың қосылыстары. Сынап металдардың көпшілігін ерітіп амальгама түзеді. Амальгама да құйма, сонда кейбір амальгамалар металдың сынаппен интерметалдық қосылысы болып табылады, мысалы: Hg9K, Hg9K2, Hg3K, Hg2K, HgK, т.б.
Сынап сырт қарағанда 1 және 2 валентті, соған сәйкес Hg2О – сынап (І) оксиді (қара түсті), HgО –сынап (ІІ) оксиді (қызыл түсті) дейді. Бірақ шын анықтығына келгенде Hg2О қосылыстардағы сынаптың атомдары да екі валентті екен, бірақ валенттілігінің біреуі өзара байланысуына жұмсалады. Сынап (ІІ) оксиді HgО-медицинада қолданылады.
Сынапты ауада қыздырғанда да тотыға қоймайды, қайнау температурасына тақап ұзақ уақыт қыздырса ғана тотығып HgО сынап (ІІ) оксидін түзеді; енді осыны қыздырыңқыраса қайтадан сынап пен диоттекке айырылады:
[Hg2](NO3)2 + 2NaOH = ↓[Hg2]O + 2NaNO3 + H2O
Hg(NO3)2 + 2NaOH = ↓HgO + 2NaNO3 + H2O
Тұздарының уландыру күші диссоциациялану дәрежесіне тәуелді өзгереді. Hg(NO3)2 – күшті, HgCl2 – әлсіз, Hg(CN)2 - -одан да әлсіз электролит. Осы бағытта, яғни диссоциациялану дәрежесі кеміген сайын, уландыру күші әлсірейді.
Сынап тұздарының маңыздылары:
Бір валентті сынап хлориді
[Hg2]Cl2, дисынап (І) дихлориді мұны каломель деп атайды, ақ түсті, суда ерімейтін ұнтақ зат, оны алу үшін:
[Hg2](NO3)2 + 2NaCl = [Hg2]Cl2 + 2NaNO3
Достарыңызбен бөлісу: |