Синхронды оқыту Жауабы



бет2/37
Дата12.05.2023
өлшемі129,63 Kb.
#92739
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
Цифровой барлық Жауабтары

Қашықтан оқыту Жауабы:

Кәсіби дамуға ұмтылатын бәсекеге қабілетті маман өзінің негізгі қызметінен үзілмей жаңа білім алу жолдарын іздестіреді. Ал жоғары оқу орындары мамандарға қойылатын талаптардың өсуіне байланысты оқытудың жаңа формалары мен әдістерін іздестіреді, білім беруге жаңа технологиялар енгізеді. Оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңа формасының бірі – қашықтықтан оқыту технологиялары арқылы оқыту.
Қашықтықтан оқу – жұмыстан қол үзбей қолайлы уақытта кез келген жерде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар көмегімен оқу.
Жоғары оқу орындарында қашықтықтан оқытудың 2 технологиясы пайдаланады:
1 - желілік технология – Интернет арқылы оқу. Университеттің білім беру порталында студенттер электрондық курстарға тіркеледі, ондағы бар материалды дәрістер және басқа оқу қорлары бойынша оқиды. Сосын автоматты түрде тестіленеді немесе тапсырмалар орындайды. Оқытушы, тапсырманы тексеріп, пікір жазып, баға қояды.
2 - кейстік технология, студентке оқу-әдістемелік кейс, яғни семестрге барлық материалдар мен тапсырмалар беріледі, ол тапсырмаларды орындап, график бойынша оқытушыға жіберіп отырады.
Сонымен, қашықтықтан оқыту технологиясы студенттердің тьютор (оқытушы-кеңесші) басқаруымен дербес оқуына негізделген. Семестр бойы кесте бойынша онлайн режимінде кеңестер беріледі. Сонымен қоса, студенттер бетпе-бет кеңестер немесе электрондық пошта арқылы кеңестер алуына болады. Емтихандар алдында студенттермен аудиториялық сабақтар да жүргізіледі.
Қала студенттері, үйлеріне Интернет қосылмаса, көптеген университеттерде компьютерлік сыныптарында ақысыз оқи алады.
Қашықтықтан оқыту технологиясының артықшылықтары:
- Заман талабына сай ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар мен құралдарды қолдану
- Интерактивті әрекеттесу формалары
- Сапалы білім алу
- Уақытты үнемдеу
- Ыңғайлы уақытта оқу
- Территориялық шектеулер жоқ
- Денсаулық күйі бойынша шектеулер жоқ.
Ал, бүгінгі күні еліміздің барлық жоғары оқу орындарында қашықтықтан оқыту технологиясы енгізілген. Өзіңіз қалаған университеттің сайтына кіріп бұл туралы мәліметті алуыңызға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет