Сыни ойлау терминіні халықаралық термин жүйесінде ойлаудың "критикалық" түрі ретінде аталады, ол яғни грек. κριτικός = kritikos = "сын", "бағалау", "тексеру", тб. көп мағыналы сөзден шыққан; мұндағы "сын" ұғымы күнделік тұрмыстағы "айыптау" мағынасында емес, интеллектуалды қабілетті білдіреді, әрі "бағалау", "анықтау", "пайымдау", және "ажырата білу" секілді мағыналарға ие. Сыни ойлаудың интеллектуалды негізі бейне оның этимологиясы секілді өте ежелгі заманға барып тіреледі, яғни осыдан 2500 жыл бұрынғы Сократтың оқыту практикасы мен пайымдауларында осы ұғымға жақын мазмұндар кездеседі;
Сыни ойлау,сыни жазлым
Сыни ойлау (кейде Критикалық ойлау, ағылш. Critical thinking) — факттерді анализдеу арқылы тұжырым қалыптастыру.[1] Бұл ұғым күрделі және әртүрлі анықтамаларға ие, ол негізінен рационалдылықты, скептикалықты, сыңаржақтылықсыз анализдеуді және факттік дәлелдерді тексеруді қамтиды. Сыни ойлау дегеніміз өз-өзін басқаратын, өз-өзін тәрбиелейтін, өз-өзін бақылайтын және өз-өзін түзететін ойлау формасы.
Сыни ойлау дегеніміз өз-өзін басқаратын, өз-өзін тәрбиелейтін, өз-өзін бақылайтын және өз-өзін түзететін ойлау формасы.[2] Оның алғышарты сананы кемелдендірудің қатаң стандарттарына келісу және оларды сергек қолдану болмақ. Сыни ойлау тиімді қарым-қатынас жасау мен проблемаларды шешу қабілеттерін меңгеруді талап етеді, сондай-ақ болмысымыздағы табиғи эгоцентризмді[3][4] және социоцентризмді жеңуді міндеттейді.
Сыни ойлау дегеніміз өз-өзін басқаратын, өз-өзін тәрбиелейтін, өз-өзін бақылайтын және өз-өзін түзететін ойлау формасы.[2] Оның алғышарты сананы кемелдендірудің қатаң стандарттарына келісу және оларды сергек қолдану болмақ. Сыни ойлау тиімді қарым-қатынас жасау мен проблемаларды шешу қабілеттерін меңгеруді талап етеді, сондай-ақ болмысымыздағы табиғи эгоцентризмді[3][4] және социоцентризмді жеңуді міндеттейді.
Тарихы
Ең ежелгі сыни ойлауға қатысты жазбалар - Сократ ілімдерін таныстыратын Платон жазған диалогтар. Олар Платонның алғашқы диалогтары болып, онда Сократ бір немесе бірнеше сұхбаттасушымен этика мәселелері туралы сөйлеседі, мысалы Сократтың түрмеден қашып кеткені дұрыс болар ма еді деген сұрақ. Философ бұл мәселені қарастырып, ой елегінен өткізіп көріп, қашу өзінен жоғары ұстап келген барлық нәрселерді (құндылықтарды), мысалы Афина заңдарын және Сократ тыңдаймын деген ішкі жетекші дауысын бұзады деген тұжырымға келеді.[1]
Негізгі бөлім;
Сократ адамның "авторитетке" (беделге) негізделген білім мен парасатқа тәуелді бола алмайтындығы сынды фактті айқындады. Ол билік пен жоғары лауазымға ие адамдардың қатты шатасатыны мен иррационалды болатынын дәлелеп берді. Сократтың пікірінше, жақсы өмір сүру үшін, әрі өмірінде құн болу үшін тұлға сыни сұрақ қоюшы болуы, "ізденуші жанға" ие болуы керек.[8] Ол идеялар сенімге лайық деп қабылдаудан бұрын оған терең ойлауға бағытталған терең сұрақтар қою керектігін ұғындырды.
Сыни пікір.
Сын-пікірдің сапасы мен мақала қолжазбасына пікір берудің уақытылы өткізілу жауапкершілігі жауапты редакторға жүктеледі.
Сын-пікір құпия түрде өткізіледі. Пікір беруші өзіне жіберілген қолжазбалар автордың зияткерлік меншігі екендігін және оны жария етуге болмайтындығын білуге міндетті. Сын-пікір беруші қолжазбада берілген материалдардың жалғандығы немесе бұрмалануы туралы хабарлаған жағдайда ғана жариялылық бұзылады. Әрбір сын-пікір беруші қолжазба материалдарында мәліметтерді түсіну мен интерпретациялауда туындайтын ашық мүдделер қайшылығын байқаса рецензиялаудан бас тартуға құқылы.
Қортынды;
Егер сын-пікірде түзетулер немесе толықтырулар туралы ұсыныстар болса жауапты редактор сын-пікірдің мәтінін авторға жіберіп, онда айтылған ұсыныстарды мақаланың жаңа нұсқасында ескеруді немесе келіспеген жағдайда оны дәлелдеуді (жартылай немесе толық) талап етеді. Автордың түзетілген (қайта қарастырылған) мақаласы сын-пікір берушіге қайта жіберіледі.
Пікір берушінің жариялауға ұсынылмайды деген қорытындысы болған жағдайда мақала қайта қарастырылмайды. Оң пікірдің болуының өзі де мақаланы жариялауға толық негіз болмайды. Мақаланың жариялануы туралы нақты шешімді редакция қабылдайды.[2]
Дереккөздер;
Edward M. Glaser Defining Critical Thinking. The International Center for the Assessment of Higher Order Thinking (ICAT, US)/Critical Thinking Community. Тексерілді, 22 наурыз 2017.
↑ Clarke John Critical Dialogues: Thinking Together in Turbulent Times — Bristol: Policy Press. — P. 6. — ISBN 978-1-4473-5097-2.
↑ Piaget's Stages of Cognitive Development.
↑ It's a Fine Line Between Narcissism and Egocentrism.
↑ Brown, Lesley. (ed.) The New Shorter Oxford English Dictionary (1993) p. 551.
↑ Lexical Investigations: Critical Thinking - Everything After Z by Dictionary.com, Everything After Z by Dictionary.com (25 маусым 2013).