Тәрбие жүйесі күрделі әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық білім беретін, көп мағыналы, өзін-өзі реттеп, басқаратын білім беру.
Тәрбие жүйесі күрделі әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық білім беретін, көп мағыналы, өзін-өзі реттеп, басқаратын білім беру.
Тәрбие жүйесінің мақсаты оған қатысушылардың (мұғалім-оқушы) арасындағы қарым-қатынастарын, әрекетін басқару арқылы іске асырылады.
Х.Лийметстың пікірінше, тәрбиелік жүйе мақсаттар, жиынтық субьект, әрекет және қарым-қатынас, өзара қатынас, игерілген орта, басқару сияқты бөлімдерден тұратын жүйе, ал мақсаты толық қанды тұлғаны қалыптастыру болып саналады.
Л.Новикованың пікірінше тәрбиелік жүйе дегеніміз өзара байланыс жағдайында қызмет ететін тәрбиенің негізгі құаруыштарынан (субьектісі, мақсаты, мазмұны мен әрекеттер амалы) тұратын және ұжым өмірінің келбеті, оның психологиялық ахуалы ретінде кіріктірілген сипаттарға ие тұтас әлеуметтік ағза.
Мектептің тәрбие жүйесі - мектептің тұтас әлеуметтк- пед. құрылымын құрайтын және тәрбиенің күшті және ұдайы әрекет ететін факторы болып табылатын өзара байланысты компоненттердің (тәрбие мақсаттары, оларды іске асыратын адамдар, олардың іс-әрекеті және қарым-қатынасы, басқа да қатынастар, өмірлік кеңістік) жиынтығы

1980 жылдардың ортасына дейін мектептерде бірыңғай тәрбиелік жүйе болды. Ол жойылғаннан соң, басқа тәрбиелік жаңа жүйе іздеу жолында авторлық мектептер пайда бола бастады. Дегенмен бұрынғы кездің өзінде-ақ өзгешелеу тәрбиелік жүйелер де құрылғаны белгілі.
Бүгінгі күні тәрбие үрдісінің тиімділігін тәрбиелік жүйені құрумен байланыстырады. Мектептің тәрбие жүйесінің пайда болуы, қалыптасуы, дамуы көптеген объективтік және субъективтік факторлардың ықпалымен жүретін ұзақ мерзімді және күрделі үрдіс болып табылады.
Сонымен бірге оқу орнының қызметі мен айналадағы әлеуметтік ортаға мәнді өзгерістер ендіреді, нәтижесі көп жағдайда мектеп өмірінде нені, қалай, қашан өзгерту қажеттігін анықтай білуге байланысты
Тәрбие жұмысы — бұл жеке тұлғаның неғұрлым толық дамуына бағытталған ересектер мен балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыруға бағытталған мақсатты іс-әрекет.
Жоғарыда көрсетілгендей, мектептің тәрбие жүйесі оқушылардың сабақ процесіндегі және сабақтан тыс уақыттағы тәрбиесін қамтиды. Ол сыныпта, мектепте, мектептен тыс тәрбие мекемелерінде ұжымдык және жеке-дара тәрбие пробелмаларын шешіп отырады, сонымен бірге мектептін тәрбие жұмысының отбасымен және қоғаммен тығыз байланыста жүргізілуіне аса зор мән беріп, оны өз іс-әрекетінде қоса атқарады.
Тәрбиелік жүйенің құрылу және даму кезеңдері мен әдістемесі, бағалау өлшемдері болады. Тәрбиелік жүйе тәрбиенің негізгі компоненттерінің (мақсат, субьектілер, олардың іс-әрекеті, қарым-қатынас, материалдық база) өзара әрекеттестігі үдерісінде туындайтын және ұжымның өмір салты, оның психологиялық климаты сияқты интегративті қасиеттерді меңгерген тұтас әлеуметтік ағза ретінде өзінің негізгі қызметі – тәрбиелеуге қатысты ретке келтірілген әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық-педагогикалық ашық жүйе.

Тәрбиелік жүйе өндіріс жүйесі сияқты қоғамның алдына қойған мақсаты, оқу-тәрбие міндеттерін шешуге бағытталған үрдістердің жиынтығын, өз сипатына қарай әртүрлі іс-әрекеттерден тұрады.
Мектептің тәрбиелік жүйесі мектептің тұтас әлеуметтік-педагогикалық құрылымы және баланың әлеуметтенуі мен дамуының мақсатқа бағытталған факторы болып табылады.