Байланысты: 4 сабақ Қазақстан территориясындағы ерте орта ғасырлық мемлекеттер..
Бөлім тақырыбы: 6.3.1.1 VI-IX ғасырлардағы Қазақстан
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан территориясындағы ерте орта ғасырлық мемлекеттер.
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ 6-СЫНЫП
6.2.1.3 тарихи оқиғалар мен процестердің сабақтастығын сипаттау үшін «Ұлы Дала» ұғымын қолдану
Бағалау критерийлері:
- Ерте түрік қағанаттарының сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтайды.
545 жылы түрік қолбасшысына қытай елшісі келіп көп ұзамай екі ел арасында бейбіт қарым-қатынас орнайды. Бумын қаған кезінде түрік тайпалары иеліктерін Хуанхэ жағалауларына дейін кеңейтті. Бумын қаған 552 жылы Жужан қағандығын талқандайды. 552-554 жылдары Қара-Ескенің інісі Мұқан қағанның кезінде жужандарды бас көтерместей етіп жеңді. Осы кезде түріктер Ұлы Даланың шығыстағы қожасына айналды.

Білге қаған мен оның інісі Күлтегін Түрік қағанатын қайта өркендетті. Шығыс Түрік қағанаты Қапаған қаған тұсында Орталық Азияны бағындырды. Білге Қытаймен соғыстағы жеңісі арқылы ұтымды бейбіт келісімге қол жеткізді. Қытай императоры Түрік ордасына үлкен көлемде жібек жіберді.
704 -жылы түркештер Жетісуда өз саяси үстемдігін орнатты. Үшлік пен Сұлық )Сұлу) қағанның тұстарында түркештер нығайып, Жетісудағы ең қуатты мемлекетке айналды. Оңтүстік-батыста олар арабтармен қиян-кескі күрес жүргізді. Оңтүстік-шығыста Қытай басқыншылығына төтеп берді, шығыстан Шығыс Түрік қағанаты қауіп төндірді. 751 жылы арабтармен бірге қытайларға қарсы Атлах шайқасы өтті.
756 жылы қарлұқтар түркештерді ығыстырып, Жетісу аумағына өздерінің саяси үстемдігін орнатты. 840 жылы Енисей қырғыздары қарлұқтардың қолдауымен Ұйғыр қағанатын құлатты. Арабтармен Жетісу жерлері үшін күресті.