’
‛‛
‛‛
’’’’’’
‛‛
’
’’’
‛
‛
’’’’
’
‛
’’’
Жауабы: Ұлы Дала Тайпалары
Қорытынды
Қорытынды
VI-IX ғасырлары Қазақстан жерін түрік тілдес тайпалар мекен еткен. Ең басты болып 552 жылы Түрік қағанаты құрылады. Ол кезде қағандары Бумын болған. Көптеген ішкі және сыртқы тартыстардан соң 603 жылы Түрік қағанаты екіге бөлінеді.
603 жылы Батыс Түрік қағанаты билікті өз қолына алады. Тардуш кезінде жеке мемлекет болады. Шегу және Тон-ябғу қаған тұстарында да өркендейді.
Шығыс Түрік қағанаты өз іргесін 682 жылы қалады. Қытаймен соғыстағы жетістіктерінің арқасында өркендей түсті. Қапаған қаған тұсында Орталық Азияны бағындырды. Білге қаған мен інісі Күлтегін тұсында қағанаттың саясаты өркендеді. Білге қаған кезінде Қытай мемлекеті бейбіт өмір сүру үшін салық ретінде жібек жіберіп отырды.
744 жылы біріккен ұйғыр және қарлұқ күштері Шығыс Түрік қағанатын талқандады.
Түргештер негізінен Батыс Түрік қағанатының құрамында болған. 704 жылы түргештер Жетісуда өз саяси үстемдігін орнатты. Мемлекеттің негізін Үшлік қаған қалады. Әйгілі билеушілері қатарына Үшлік пен Сұлық (Сұлу) қағандарды атаса болады. 751 жылы Атлах шайқасына қатысады. 756 жылы Түргештер мемлекеті өмір сүруін тоқтатты. Оның орнына Қарлұқ қағанаты құрылды. 840 жылы Енисей қырғыздарымен бірге Ұйғыр қағанатын құлатты. Арабтармен ұзақ уақыт соғысты. Солай 940 жылы өмір сүруін тоқтатты.
Үйге тапсырма:
Ерте түрік қағанаттары жайлы қосымша деректер жинақтау