Сыни тұРҒысынан оқу мен жазу арқылы оқушыларды шығармашылықҚа баулу г. О. Басгулова



Pdf көрінісі
Дата20.02.2017
өлшемі162,32 Kb.
#4578

СЫНИ ТҰРҒЫСЫНАН ОҚУ МЕН ЖАЗУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫ 

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА БАУЛУ 

 

Г.О.Басгулова  

БҚО, Шыңғырлау ауданы 

 

Жас  жеткіншектерге  бүгінгі  күн  талабына  сай  білім  мен  тәрбие  беру  ісі  педагогикалық 



мамандарға  үлкен  жүк  артады.  "Тәлім-тәрбие  мен  оқыту  ісінің  нәтижесі  әрекеттерден  гөрі 

мұғалімдерге көбірек тәуелді»- деген Ы. Алтынсариннің көрегендікпен айтқан пікірінің қазіргі уақытта 

да маңызды болып отырғаны да осының айғағы. 

Білім беру жүйесінде болып жатқан түбегейлі өзгерістер оқыту үрдісін озық технологиялармен 

қамтып  жетілдіруді  талап  етеді.  Осы  тұрғыда  оқытудың  жаңа  технологияларын  жете  меңгеріп,  оны 

оқушылардың психологиялық жас ерекшеліктеріне орай орынды қолданудың мәні ерекше. 

Жаңа  технология  мұғалімнің  интеллектуалдық,  кәсіптік  және  басқа  да  көптеген  адами 

қабілетінің  қалыптасуына  игі  әсерін  тигізіп,  өзін  -  өзі  дамытуына,  оқу  –  тәрбие  үрдісін  тиімді 

ұйымдастыруына көмектеседі.  

Оқытудың  ұтымды  әдістерін,  соның  ішінде  «Оқу  мен  жазу  арқылы  сын  тұрғысынан  ойлауды 

дамыту»  технологиясы  бойынша  арнайы  семинар  -  курстан  өттім.  Бұл  технологияны  өз  тәжірибемде 

жиі  қолданамын.  Сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту  бағдарламасы  –  әлемнің  түкпір-түкпірінен 

жиылған  білім  берушілердің  бірлескен  еңбегі.  Тәжірибені  жүйеге  келтірген  Джинни  Л.Стил,  Куртис 

С.Мередит, Чарльз Тэмпл. 

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасының мақсаты - барлық жастағы оқушыларға кез 

келген  мазмұнға  сыни  тұрғыдан  қарап,  екі  ұйғарым  бір  пікірдің  біреуін  таңдауға  саналы  шешім 

қабылдауға сабақтарда үйрету. 

Сыни  ойлауды  дамыту  технологиясының  дәстүрлі  оқытудан  басты  айырмашылығы  –  білімнің 

дайын күйінде берілмеуі.  

Сын тұрғысынан ойлау  мен  жазу  технологиясын  тәжірибеге енгізу  -  жұмыс істеуге  құштарлық 

туғызып, білім беруде нәтижеге жеткізетінін байқадым. 

Сын  тұрғысынан  ойлау  –  сынау  емес,  шыңдалған  ойлау.  Оқушының  бұл  жұмысты  дұрыс 

ұйымдастырған  жағдайда  өз  даму  деңгейіне  сәйкес  ойы  шыңдалып,  белгілі  бір  жетістіктерге  жетері 

сөзсіз.  Осы  педагогикалық  технология  оқушылардың  жеке  басын  дамыту  мен  білім  беру  мақсатына 

жету  жолындағы  педагогикалық  қызметінің,  іс  -  әрекетінің  жүйелі  дамып,  отыратын  жобасы  ретінде 

оқушы  белсенділігін  арттыруды  көздейді.  Ал,  оқушы  белсенділігінің  артуы  оны  шығармашылыққа 

жетелейді. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз – оқушы 

бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Әр оқушыға тек сапалы білім берумен ғана 

шектелмей, оны келешек өмірге дайын азамат ретінде қалыптастыру негізінде жұмыстанамын. 

Шығармашылық  –  ізденушілік  тақырыбым:  «Сыни  тұрғысынан  оқу  мен  жазу  арқылы 

оқушыларды шығармашылыққа баулу». 

Сын  тұрғысынан  ойлау  –  оқу  мен  жазуды  дамыту  -  оқушыны  мұғаліммен,  сыныптастарымен 

еркін  сөйлесуге,  пікір  таластыруға,  бір-бірінің  ойын  тыңдауға,  құрметтеуге,  өзекті  мәселені  шешу 

жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама.  

Бағдарламаның ішкі құрылымы 3 деңгейден тұрады. 

І.Қызығушылықты    ояту.  Үйрену  процесі  –  бұрынғы  білетін  және  жаңа  білімді  ұштастырудан 

басталады.  Үйренуші  жаңа  ұғымдарды,  түсініктерді,  өзінің  бұрынғы  білімін  жаңа  ақпаратпен 

толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақта қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не 

біледі,  не  айта  алатындығын  анықтаудан  басталады.  Осы  арқылы  ойды  қозғату,  ояту,  ми  қыртысына 

тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңде “Топтау”, “Түртіп алу”, “Ойлану”, «Ой қозғау», 

“Жұпта  талқылау”,  “Болжау”,  “Әлемді  шарлау”  т.б.  деген  аттары  бар  әдістер  (стратегиялар) 

қолданылады.  Қызығушылықты  ояту  кезеңінің  екінші  мақсаты  –  үйренушінің  белсенділігін  арттыру. 

Сондықтан  сабағымды  бастамас  бұрын  ең  алдымен  ұйымдастыру  кезеңіне  қатты  көңіл  бөлемін.  Ең 

алдымен,  оқушыларды  психологиялык  дайындықтан  өткізу  керек.  Оқушыларды  бір-біріне  жылы  сөз, 

жақсы  лебіз  немесе  тілек  айтқызуға  болады.  Мұндай  іс-әрекет  оқушылар  арасында  өзара  сыйластық, 

түсінушілік, достық қарым-қатынасты жандандырады. 

ІІ.Мағынаны  тану  (түсіне  білу).  Бұл  кезеңде  үйренуші  жаңа  ақпаратпен  танысады,  тақырып 

бойынша  жұмыс  істейді,  тапсырмалар  орындайды.  Оның  өз  бетімен  жұмыс  жасап,  белсенділік 

көрсетуіне  жағдай  жасалады.  Мағынаны  тану  кезеңінде  оқушылар  сызбаға  немесе  тірек  схемасына 

сүйеніп,  жұмыстарын  жалғастырады.  Мысалы:  тақырыпқа  байланысты  не  біледі,  соны  жазады  өз 

білімін,  тәжірибесіне  сүйеніп  немесе  өздері  тақырыптық  сызба  жасаулары  мүмкін.  Бұл  жұмыстарды 

орындау барысында балаларда өз күшіне деген сенімділік пайда болып, білімдері кеңейеді. Оқушылар 



оқу  тақырыбын  өздері  шығарып  алып,  осы  тақырыпқа  деген  қызығушылықпен  құлшына  сабақ 

барысын тосатын болады.  

ІІІ.Ой-толғаныс  –  бағдарламаның  үшінші  кезеңі.  Күнделікті  оқыту  процесінде  оқушының 

толғанысын  ұйымдастыру,  өзіне,  басқаға  сын  көзбен  қарап,  баға  беруге  үйретеді.  Оқушылар  өз 

ойларын,  өздері  байқаған  ақпараттарды  өз  сөздерімен  айта  алады.  Бұл  сатыда  оқушылар  бір-бірімен 

әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр 

түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең 

болып табылады.  

Сондай  –  ақ  өтілген  тақырыпқа  байланысты  сурет  салғызуға,  өлең  жолдарын  шығартуда 

«Синквейн»    әдісі  қолданылып,  шығарма  -  эссе,  «автор  орындығы»,  «Сауалнама-интервью»  әдісін 

қолдануға болады. Сурет салғанда бар жан-дүниесін, эмоциясын сол жұмыста қағаз бетіне бейнелейді. 

Әр бала немесе әр топ бар жұмыстарын қорғайды. Оқушылар еріксіз бір-біріне қол созып, көмектеседі. 

Осы кезеңді ұжым мүшелерін біріктіретін, ынтымақтандыратын кезең деуге болды.Тіпті бұрын мүлде 

сөйлемейтін  тұйық  бала  бір  -  екі  сөйлем  болса  да,  міндетті  түрде  айтады.  Бұл  әдістер  жаңа  білімді 

меңгертуде  үлкен  септігін  тигізеді.  Әдістерді  қолдану  өз  ойынан  әр  түрлі  пікірлер  құрастырып,  оны 

дәлелдеуге  үйренеді.  Өтілген  тақырыпқа  талдау  жасайды.  Сондай  -  ақ  оқушы  басқалардың  ой 

түйіндерін  сынайды,  өз  пікірін,  өз  тоқтамын  жасайды.  Шәкірттерге  үлкен  жауапкершілік  жүктейді. 

Оқыту әдістерін жетілдіруге, дамытуға олардың тиімділігін арттыруға көмектеседі. Шәкірттердің сыни 

тұрғыдан  ойлау  қабілеттерін  дамытуға  арналған  оқытудың  әдіс-тәсілдері  білім  алушыға 

құбылыстардың себептерін толық ұғынуға, ережелер мен заңдылықтардың сырларын терең түсінуге , 

олардың ғылыми білімдегі орнын аңғаруға қолайлы жағдаяттар жасайды. Мұндай әдістер табиғатынан 

тұйық,  өз  ойын  нақтылап  түсіндіруге  шалағай,  өздеріне  сенімсіздеу,  түйін  жасауда  жасқаншақтық 

байқататын оқушыларға пайдасы ұшан теңіз екеніне көзім жетті. 

6  класта  қазақ  әдебиеті  пәнінен  Бердібек  Соқпақбаевтың  “Менің  атым  Қожа”  хикаяты 



тақырыбында өткізілген қорытынды сабағында «сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы 

әдістерін пайдаланып өткіздім. 

І.Қызығушылықты  ояту  барысында  гүл  күлтешелеріне  жылы  лебіздерін  жазып,  әр  топ 

оқушылары гүл шоғын құрайды. «Ой қозғау» негізінде: Бердібек Соқпақбаев кім? Ол қандай жазушы? 

Ол туралы не білеміз? - деген сұрақтар қойылды.  

ІІ. Мағынаны тану кезінде Қожаға мінездеме беруді «екі жақты күнделік» әдісі бойынша жазу; 

тақырыпты жан - жақты талдау мақсатында «Кубизм» әдісін қолдануға болады. 

ІІІ.  Толғаныс  бөлімінде:  1.  «Түсініктеме  күнделік»  жүргізіліп,  2.  «Автор  орындығы»  әдісі 

қолданылды.  Бұл  қолданылған  әдістер  тақырыпты  қортындылауда  үлкен  септігін  тигізді.  Мұғалім 

түсіндіруші,  оқыту  тұрғысында  емес,  оқушының  оқу  әрекетін  ұйымдастырушы,  бағыттаушы  ретінде 

көрінеді. «Оқушы - мұғалім» ұстанымының өзара тығыз байланыстылығын байқатады. Сол себепті әр 

мұғалім сабақта оқытуды ізгілендіруі қажет. 

Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында сыни тұрғыдан ойлау тәсілін іс-тәжірибеме енгізу нәтижесі 

жеткіншектер бойында мынадай іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға болатынын байқатты. 

 

 Әрбір  оқушы  өзінің  жеке  ойымен,  өмірге  деген  көзқарасымен  және  ойлау  қабілетімен 



ерекшеленеді; 

 

Жеке дауысты (кейіпкер, жазушы, бірге оқитын оқушы) қабылдауға үйренеді; 



 

Ойын жаңа ақпараттар арқылы білдіреді /мағынаны тану кезеңінде/; 

 

Өз ойларын толық, дұрыс тұжырымдайды; 



 

Өздеріне белгілі пайдалана алады; 

 

Өз  біліміне  сүйеніп, мәселенің  шешімін  дұрыс тауып, ойын  жеткізе біледі, яғни  «Мен»  деген 



сөзді ұғады; 

 

Оқыту  мен  тәрбиелеу  әдістерінің  жаңа  түрлерін  іздей  отырып,  өзі    шығармашылықты  тұлға 



болып дамиды.  

«Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды» дамуға негізделген сабақ:  

 

Оқушының  ой  -  өрісін  дамытып,  жан-жақты  терең  білім  алуына  жағдай  жасайды,  әрбір 



технология жаңа әдіс -тәсілдермен ерекшелінеді; 

 

Осы әдіс -тәсілдерді мұғалім іздену арқылы іріктеп қолданады; 



 

«Оқу  мен  сын  тұрғысынан  ойлау»  технологиясымен  жұмыс  істеу  барысында  мол  тәжірибе 

жинайды. 

 

Әдебиеттер 

1.Крутецкой В.А. О проблемной обучении. Вып.,1, Москва: Высшая школа, 1967. 

2.Курт  Мередит,  Джинни  Стил,  Чарлзь  Тэмпл,  Скот  Уолтер.  Оқу  мен  жазу  арқылы  сын 

тұрғысынан ойлауды дамыту. Әдістемелік құрал. Алматы, 2000. 


3. Выготский Л.С. Мышление и речь. Москва, 1999. 

 

 



 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет