Сыныбы: 4 (Ә) Күні



Дата07.03.2023
өлшемі10,47 Kb.
#72406
түріСабақ
Байланысты:
Сынып сағаты


Сыныбы: 4 (Ә)
Күні: 17.02.2023
Тақырыбы: «Мамандықтар әлеміне саяхат»
Мақсаты:
Білімділік: мамандық туралы түсінік беру, оқушыларға қолдау көрсету, жоспарларын анықтау, мамандық таңдаудың қыр - сырларын меңгеру;
Дамытушылық: өз қалаулары бойыншамамандықты дұрыс таңдай білуге баулу, мақсат қоябілуге икемділіктерін қалыптастыру;
Тәрбиелік: тұлғалық өсудің алғы шарттарынқалыптастыра отырып, елімізге өз үлесін қосабілетін адал маман иесі болуға тәрбиелеу:
Әдіс –тәсілдер: Әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, қайталау, сұрақ-жауап.
Тілдің үштұғырлығы:
Мамандық – профессия – profession. 
Барысы:
1. Шаттық шеңбері.
Бір – екі – үш...
Сынып іші тып – тыныш.
Жалқаулықты тастаймыз,
Тәрбие сағатын біз бастаймыз.
2. Кіріспе(Слайд қосымшада)
Әзір ас жоқ дүниеде,
Сабақ өзі оқылмайды,
Көйлек өзі тоқылмайды,
Үйлер өзі салынбайды,
Кендер өзі табылмайды,
Кітап өзі жазылмайды,
Барлық істің батыры – біз,
Екі қол мен ақылымыз.
Осының бәрін кім істейді? Кім айтады?
Асты кім әзірлейді?
Сабақты кім өтеді?
Көйлекті кім тоқиды?
Үйлерді кім салады?
Кенді кім табады?
Кітапты кім жазады?
Осының бәрін бір сөзбен қалай атаймыз?
Осы сөздердің ортақ атауы – «МАМАНДЫҚ»
Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Әлемде 40мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар.Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, жан асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе.
Мұғалім: Олай болса, бүгінгі сабағымызда қандай тақырыпты қозғаймыз деп ойлайсыңдар?
Әрине, өмірдегі өз орның, мамандықты дұрыс таңдай білу, жалпы мамандықтар туралы сөз қозғаймыз. 
3. Түсіндірме жұмысы. Әр адам ерте ме, кеш пе өз өмірінде «Мен өскенде кім боламын?» деген сұраққа жауап іздейді. Мамандық таңдау – өте жауапты іс. Өйткені, таңдаған мамандығың саған ұнау керек, ол сенің болашағың, өмірің, асыраушың, сонымен қатар Отаныңның болашағы.(Слайд қосымша)
«Мамандық» сөзіне  анықтама беру. (Слайд қосымшада) 
Мамандық- қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
4. «Қай мамандық иесі?» кәсіби бағдар ойыны.
Балалар қазір сендермен бірге ойын ойнайық. Ойынымыздың аты «Қай мамандық иесі?» деп аталады
• Тарағы бар қолында,
Кімді айттым ойымда? (Шаштараз)
• Қаламы бар қолында,
Кімді айттым ойымда? (Жазушы)
• Ожауы бар қолында,
Кімді айттым ойымда? (Аспазшы)
• Инесі бар қолында,
Кімді айттым ойымда? (Тігінші)
5. «Мен кіммін?» Мамандықты ым-ишараментүсіндіру.
Қима қағаз берілген оқушы шығып, топқа ым-ишарамен мамандықты түсіндіру керек.
Клоун, дәрігер, әнші, биші, шаштараз, құрылысшы, жазушы, мұғалім.
6. Рефлексия. «Бес саусақ» әдісі.
1. Осы күннен не алдыңыз?
2. Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз?
3. Бүгінгі сабақ ұнады?
4. Сіз қандай мамандық иесі болғыңыз келеді?
5. Сабақтың ұнамсыз тұстары болды ма?
7. Қорытынды.
- Балалар бүгін қандай тақырыпта әңгімелестік?
- Қандай мамандық иелерін білдіңдер балалар?
- Жарайсыңдар, балалар, қазақта мынадай мақалбар : «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарныңтіленбей», «Еңбектің - наны тәтті,жалқаудың жанытәтті». Балалар ерінбей еңбектеніп, тәрбиесағатымызға белсенді қатысқандарың үшін көпрахмет!
Абай атамыз айтқандай:
«Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз»,- дегендей алғаұмтылып,арманымызға жетіп, жақсы мамандықиесі болайық!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет