2 – кезең. Математикалық хоккей.
Әр топқа бірдей есеп беріледі, әр топтан бір-бірден кезекпен оқушылар шығып бір ғана амалды орындап отырады.
(43*19-26928 : 33)*(16112 : 53 — 304)
3 – кезең. Жалғасын тап! (Санға байланысты мақал-мәтелдер жалғастыру)
1. Жеті жұрттың тілін біл,... (7 түрлі білім біл)
2. Білекті 1-ді жығар,... (Білімді 1000-ды жығар)
3. Досыңды үш күн сынама (үш жыл сына)
4. 100 сомың болғанша,... (100 досың болсын)
5. 30 тістен шыққан сөз,.. (30 елге тарайды)
6. 1 кісі қазған бұлақтан,... (1000 кісі су ішеді)
7. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)
8. 1 жылы сөз,... (көп күнге азық)
9. Жерді 2 рет жыртқан,... (өнімді 2 есе алады)
10. 1 күндік жолға шықсаң,...(3 күндік азық ал)
4 – кезең. Сандық ребустар
І топ:
50*8* 50481
+ +
**6*7 79617
130098 130098
ІІ топ:
*7**5 37085
+ +
8092* 80924
11*009 117009
Сергіту сәті: Кім жылдам? (сандар дайындау)
Екі топтың мүшелеріне цифрлар ілінеді. Санды оқыған кезде екі топ мүшелері өзіне ілінген цифр бойынша жылдам орнын тауып тұруы тиіс: 123450, 134205, 104253, 425301, 254013, 531420, 243051, 352014
– кезең. Жорға. /Жұмбақтар шешу/
1.Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында. (Сызғыш – линейка – ruler)
2. Нәрселерді санауға
Керек сан өзі негізгі
Басы бар да, шеті жоқ
Таң қалдырады ол бізді. (Натурал сан)
3. Сан ол сызықпенен бөлінген
Үсті алым, асты бөлім деп аталып,
Әсем түрде керілген
Математиканы ұқпас адамға
Құбыжық боп көрінген
Дұрыс, бұрыс, аралас деп
Түрлері оның берілген /Бөлшек сан/
4. Нүктеден, екі сәуледен
Фигура ол құралды.
Айтыңдаршы канеки
Қалай ғана аталды (бұрыш)
5. Доп емес, дөңгелек емес,
Ұқсас бірақ достарым.
Фигура ол ең негізі
Дәл жауапты қостадым. (шеңбер – окружность – circle)
6. Алды-артымыз шексіз де
Жете алмайсың біздерге.
Сәулеменен кесілді
Шыққан тегін білсе де. (түзу – прямая – line)
7. Көк құтанша ақ айдында,
Бір аяқпен тұрады.
Тұмсығымен ол мұнда,
Шыр айналып шығады. (циркуль – циркуль – сircle)
8. Атадан он баламыз
Бір-бір жастан арамыз.
Қосылып кейде басымыз
Азайып кейде қаламыз.
Бөлініп кейде арамыз
Көбейіп те аламыз. (цифрлар – цифры – figure)
9. Бірдей санды бірнеше рет
Көбейтуден тұрады.
Егер оны ықшамдасаң
Қандай атау болады? (Дәреже-степень-degree)
Достарыңызбен бөлісу: |