Білім және Ғылым Министрлігі Алматы Технологиялық Университеті Орындаған: Қумаров Нуржан ИС 21-13 Тексерген: Калыкова А.О БӨЖ №12 Пән: Мәдениеттану
Тақырыбы: "ХХ-ХХІ ғғ. Батыс Еуропаның жастар субмәдениеті және олардың қазақстандық жастардың құндылықтық жүйесіне әсері"
Субмәдениет
Субмәдениет
дегеніміз-қоғамнан оқшауланған өзіндік өмір сүру дағдысы бар, өмір сүріп жатқан қоғамдағы мәдениеттен өзгелеу, тіпті кейде оған наразы жастардың белгілі бір тобы жасаған мәдениет. Бұндай топтар өздерінің сөйлеу әдебімен, киім киісімен және басқа да белгілерімен ерекшеленеді. «Субмәдениет» терминін 1950 жылы американдық социолог Дэвид Райзман ғылымға енгізген екен. Субмәдениеттің негізгі тірегі-жастар. Сол жастар арқылы жаман мәдениет жасап, былайша айтқанда «алдыңғы қатарлы озық» мәдениет арқылы қоғамға ықпал ету. Яғни, бастапқыда аталған сөздер субмәдениеттің түрлері болып есептеледі.
Қазақстандағы мәдениет
Қазақстандағы ресми емес қозғалыстарға белгілі бір стильдер мен бағыттардың араласып келуі тән. Қоғамдағы біркелкіліктің болмағандығына байланысты мәдени мұралар элементтерінің де соншалықты санқырлылығы байқала түседі. Соңғы жылдары музыкалық субмәдениет , гедонистік субмәдениет , спорттық субмәдениет , діни топтар және жаңа технологияның дамуына байланысты субмәдениет бірлестіктері айрықша даму үстінде. Қазақстандағы ресми емес қозғалыстарға белгілі бір стильдер мен бағыттардың араласып келуі тән. Қоғамдағы біркелкіліктің болмағандығына байланысты мәдени мұралар элементтерінің де соншалықты санқырлылығы байқала түседі. Соңғы жылдары музыкалық субмәдениет , гедонистік субмәдениет , спорттық субмәдениет , діни топтар және жаңа технологияның дамуына байланысты субмәдениет бірлестіктері айрықша даму үстінде.
АҚШ зерттеушілерінің пайымдауынша, «субмәдениет»:
АҚШ зерттеушілерінің пайымдауынша, «субмәдениет» ұғымы адамдардың әсіресе жастардың белгілі бір салаға еліктеушілігінің (фанатизм), табынушылығының немесе күйзеліске түскенде ермек қылған хоббиінің салдарынан пайда болған. Мұндай бейресми топтан тұратын субмәдениеттердің өкілдері өздерін «ерекше адамдармыз» деп қоғамнан оқшаулағанды қалайды. Олардың өмірдегі ұстанымдары, киім үлгілері, түсініктері, араласатын ортасы қарапайым қала тұрғындарынан әлдеқайда өзгеше болады.
Пайда болу тарихы:
Субмәдениеттің пайда болу тарихы сонау 1950 жылдардан бастау алады. Алғашында жастар арасындағы жаңа киім үлгілерінің, жаңа би түрлерінің, «стиль» деген ұғымның пайда болуынан басталды.
Қазақстандағы субмәдениет
Қазақстандағы субмәдениет жастардың батыс мәдениетiне елiктеуiнен, әр түрлi сән үлгiлерiне, әуендерiне қызығушылығынан туған. Елiмiзде, әсiресе, өрiмдей жастардың арасында рэппер мәдениетi кең етек жайған. Дегенмен, мұндай әуендi тыңдағанда “жастарға рэп несiмен қызықты екен?” деген сұрақ туады. Сонымен бiрге бұл мәдениеттiң астарында ұлттық мәдениеттен ада, халықтық салтдәстүрден мақұрым, ұлттық музыка өнерiнен хабарсыз жас ұрпақтың тағдыры жатқандай.
• Қазақстандағы субмәдениет жастардың батыс мәдениетiне елiктеуiнен, әр түрлi сән үлгiлерiне, әуендерiне қызығушылығынан туған. Елiмiзде, әсiресе, өрiмдей жастардың арасында рэппер мәдениетi кең етек жайған. Дегенмен, мұндай әуендi тыңдағанда “жастарға рэп несiмен қызықты екен?” деген сұрақ туады. Сонымен бiрге бұл мәдениеттiң астарында ұлттық мәдениеттен ада, халықтық салтдәстүрден мақұрым, ұлттық музыка өнерiнен хабарсыз жас ұрпақтың тағдыры жатқандай.
Батыс мәдениетінің жастарға әсері:
Батысқа еліктеушіліктің алғашқы қадамдары – Батыс музыкасына: джаз, рокен-ролл жанрларына деген қызығушылықтардан көрініс тапты. Екінші толқын, 60-80 жылдар аралығы. Бұл кезең, жастардың батысқа руһани қызығушылығының пайда болуы, классикалық үлгідегі музыкаға еліктеу, фанат болу, «интернационалдық» түсінігіне деген қызығушылықтың артуынан басталды. Бұл кезең Батыстың рухани құндылықтарға әсер ету кезеңі болды. Есірткі, алкогольді ішімдік, марихуаннаға деген қызығушылық белең алды. Ал 1970-1986 жылдары кеңестік қоғам нағыз еліктеу кезеңіне бет бұрды. «Металлистер», «хиппилер», «эмошылар» және т.б. қоғамдық топтар пайда болды. Дүниежүзілік субмәдениетке жататын ерекше топтардың қысқаша тарихына тоқталсақ. ХХ ғ. 30-жылдары Америка Құрама Штаттарында пайда болған топ – байкерлер болды. Олар мотоциклмен жүретін топтар. Олар өздерін «Түн періштелері», «Түнгі қасқырлар» деген лақап аттармен атайды. Киім үлгілері роккерлер стиліне өте ұқсас. Түнгі клубтарды шарлап, кең трассаларда мотоциклмен жүргеннен рақаттанады.
Қорытынды
Қорыта келгенде , тарихи жастардың өсіп дамуы әр кезеңде ерекшеленіп өзгеріп отырған . Әр уақытта және әр елде маңызды рөл , орын алғандықтан күрделі проблемаларды шешу мақсатында жан - жақты қарастырып зерттеген . Әр заманында жастарға сын көзбен түсініспеушілікпен қараған . Осы себепті әр елдің қылмыстық не денсаулыққа залал келтіретін аурулады таратушы жастар оның арасында субмәдениетке жататын қарсы мәдениеттер түрлі әрекеттер себебінен қиындықтар туғызған . Сол топтардың нақты мақсаты болмаса да адамдарға және қоғамға қасіреттер әкелгені белгілі Жалпы, дәл қазiр жастар саясаты жөнге қойылмаған. Жастар ұйымдарының саны бар да, сапасы жоқ. Өмiршең емес. Бүгiн ашылып, ертең жабылып жатады. Ұлттық, елдiк, мемлекеттiк мәселелердi емес, жеке бастың мүддесiн көздеудi мақсат еткендей. Тiптi жастардың өмiрiне, болашағына керi әсерiн тигiзетiн, мысықтабандап келген субмәдениеттiң республикамызда дамуына шектеу қоятындай арнайы заң жоқ. Екшеп-текшейтiн, қадағалап, тиiмдiтиiмсiзiн сараптап қадағалайтын мемлекеттiк орган тағы жоқ.