Синий Зеленый и Желтый Коллаж Тест по Музыке Презентация



Pdf көрінісі
Дата21.09.2022
өлшемі0,74 Mb.
#39676
Байланысты:
Синий Зеленый и Желтый Коллаж Тест по Музыке Презентация



Бастауыш мектепте музыка ойнауға 
арналған шулы аспаптар
Орындаған:Салибекова Халида
Қабылдаған:Аскен Маханова


Соғып ойналатын аспаптардың үлгі-нұсқалары 
көп. Соның бірі – дабыл. Оның шанағы 
дөңгелек шеңбер етіп, екі жағына екі айдан 
алты айға дейінгі жастағы бұзау, түйе терісі 
қаптап жасалады.
Дауылпаз – халықтық нұсқада жасалатын көне 
аспап. Ертеде аңшылық, саятшылық, құсбегілік 
салт-дәстүрлерде қолданылған.


дудыға, даңғыра, тоқылдақ, кепшік, 
сақпан, шартылдауық, зырылдауық, 
асатаяқ, сылдырмақ, қоңырау, тұяқ тас, 
шың секілді соқпалы-шулы аспаптар өз 
үлгі-нұсқалары жағынан этнографиялық 
мұралар санатына жатады. Олардың 
қолданылу ортасы, сыртқы сипаттары 
мен жасалу заттары әртүрлі. Мәселен, 
дудығаны ерте замандарда сардарлар 
мен жеке батырлар қолданған. Аспап 
туралы: «...Дудыға қағып, сырнайын 
тартып» немесе «дудыға сілкіп қағайын, 
дұшпанға ойран салайын» деп келетін 
эпикалық жыр-дастандарда айтылады. 
Аспаптың жалпы тұрқы сегіз қырлы, 
күмбезді етіп жасалады. 


Дауылпаз - халықтық нұсқада 
жасалатын көне аспап. Ертеде 
аңшылық, саятшылық, 
құсбегілік салт-дәстүрлерде 
қолданылған. Шанағы өзегі 
алынған сыр-ты жұмыр бітеу 
ағаштан жасалып, сыртына 
ғаныштау әдісімен ою- 
өрнектер салынады.


Сылдырмақ — сілкімелі аспаптардың қатарына 
жататын қазақ халқының көне музыкалық 
аспабы. Шулы-сілкемелі сылдырмақ аспабы 
тұтасымен қола, мыс, жез секілді металлдар 
мен шырша, емен, үйеңкі сияқты ағаштардан 
жасалады. Үн-үйлесіміне байланысты 
«күлдіреуікті», «сәлпеншекті» деген түрлері
бар. Сыртқы келбеті ұстауға ыңғайлы әрі жеңіл 
болады. Cылдырмақ ауылдың алты ауызы 
айтылған кезде, әуен ырғағын ұстап тұрып, 
бірте-бірте музыкалық аспаптардың 
қатарынан орын алды. Шеберлер аспаптың 
сыртқы жағын алтын я күміспен қаптаған.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет