Бастауыш мектепте музыка ойнауға
арналған шулы аспаптар
Орындаған:Салибекова Халида
Қабылдаған:Аскен Маханова
Соғып ойналатын аспаптардың үлгі-нұсқалары
көп. Соның бірі – дабыл. Оның шанағы
дөңгелек шеңбер етіп, екі жағына екі айдан
алты айға дейінгі жастағы бұзау, түйе терісі
қаптап жасалады.
Дауылпаз – халықтық нұсқада жасалатын көне
аспап. Ертеде аңшылық, саятшылық, құсбегілік
салт-дәстүрлерде қолданылған.
дудыға, даңғыра, тоқылдақ, кепшік,
сақпан, шартылдауық, зырылдауық,
асатаяқ, сылдырмақ, қоңырау, тұяқ тас,
шың секілді соқпалы-шулы аспаптар өз
үлгі-нұсқалары жағынан этнографиялық
мұралар санатына жатады. Олардың
қолданылу ортасы, сыртқы сипаттары
мен жасалу заттары әртүрлі. Мәселен,
дудығаны ерте замандарда сардарлар
мен жеке батырлар қолданған. Аспап
туралы: «...Дудыға қағып, сырнайын
тартып» немесе «дудыға сілкіп қағайын,
дұшпанға ойран салайын» деп келетін
эпикалық жыр-дастандарда айтылады.
Аспаптың жалпы тұрқы сегіз қырлы,
күмбезді етіп жасалады.
Дауылпаз - халықтық нұсқада
жасалатын көне аспап. Ертеде
аңшылық, саятшылық,
құсбегілік салт-дәстүрлерде
қолданылған. Шанағы өзегі
алынған сыр-ты жұмыр бітеу
ағаштан жасалып, сыртына
ғаныштау әдісімен ою-
өрнектер салынады.
Сылдырмақ — сілкімелі аспаптардың қатарына
жататын қазақ халқының көне музыкалық
аспабы. Шулы-сілкемелі сылдырмақ аспабы
тұтасымен қола, мыс, жез секілді металлдар
мен шырша, емен, үйеңкі сияқты ағаштардан
жасалады. Үн-үйлесіміне байланысты
«күлдіреуікті», «сәлпеншекті» деген түрлері
бар. Сыртқы келбеті ұстауға ыңғайлы әрі жеңіл
болады. Cылдырмақ ауылдың алты ауызы
айтылған кезде, әуен ырғағын ұстап тұрып,
бірте-бірте музыкалық аспаптардың
қатарынан орын алды. Шеберлер аспаптың
сыртқы жағын алтын я күміспен қаптаған.
Достарыңызбен бөлісу: |