Сынып: 2 Қатысушылар саны



Дата01.09.2023
өлшемі118,14 Kb.
#105870
Байланысты:
1 қыркүйек Тәрбие 2023





Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні: 01.09.2023




Сынып: 2

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

«Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ» табысты ұлт»

Құндылық

Ұлттық мүдде

Мақсаттары

Оқушыларға адам бойындағы адалдық, әділдік сезімдерін ұғындыру.
 Оқушыларға адамның алға қойған мақсаты мен оған жету жолындағы ададық пен әділдік жөнінде ізденістерін саралап, нәтижелі іс жасау керектігіне назар аударту.





Сабақтың барысы:



Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті



Ресурстар

Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
Сабақтың соңы

Оқушылармен амандасу
бір-бірін тыңдау
уақыт үнемдеу
белсенділік таныту
достық қарым-қатынас
жағымды эмоция тудыру
өз ойларын ашық жеткізу
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу.
«Шаттық шеңбері»
«Адалдық»
Д. Әлімжанов
Адалдық өміріңе керек нәрсе,
Ол да гүлдеп нұрланар көңіл бөлсе.
Халыққа өз пайдасын тигізе алмай,
Адам боп, өзін – өзі меңгермесе.
Әңгімелесуді мұғалім тақтаға «адалдық, әділдік» сөздерін іліп, олардың өз тұжырымдарын айтып, құндылық мәнін аша түсуден бастайды. Оқушылар әділдік бойынша әр оқушы өзі жазып шығады. Берілген сауалдарға оқушылар өз пікірлерін жеткізеді.

І. Ұйымдастыру кезеңі: «Өрмекші торы» жаттығуы (8 мин.)


Барлық оқушылар дөңгеленіп отырады.
Мақсаты: Бұл тамаша жаттығу оқушылар арасындағы жақсы қатынастың дамуына ықпал жасайды. Кейбір балалар өзінің эмоцияларын еркін көрсете алады, ал бұл кейбіреулер үшін үлкен мәселе. Бұл ойында барлық қатысушылар осы маңызды дағдыны дамытудың шынайы мүмкіндігін алады. “Өрмекші торы” өзара қатынастың ахуалын жақсартады.
Қажетті құрал: түрлі-түсті жіп орамы.
ІІ. Негізгі бөлім: (30 мин)
Білім жетілдіру: Адам өмірінің көп жағдайы өмірдің бағытына байланысты екенін ескерсек, әр адам өз өмірінің бағытын анықтауға тиісті екенін ұғынамыз. Ол үшін адам алдына мақсат қоя білу керек. Біз бүгін мақсатқа, жетістікке жету жолдарын анықтаймыз. Осы орайда сіздермен келесі сұрақтардың мәнін ашып көрейікші …
II-топқа бөлу. Әр топқа сұрақтар беру талқылау.
1. Сіздер қалай ойлайсыздар өмірдегі басты адалдық не?
2. Мектепке келудегі мақсаттарың қандай? Сіздерді не үшін оқытып жатыр?
3. Өмірде қандай жетістіктерге қол жеткізгіңіз келеді?
4. Дәл қазіргі кезде қандай мақсатты көздер отырсыз?
Дұрыс айтасыңдар өмірде білімсіз есеюдің, өсудің қажеті жоқ екенін және де қазіргі кезде білімімізді жетілдірудің түрлі жолдары өте көп.
Ол үшін алдымызға мақсат, міндет, оған жету жолдарын қоюымыз керек.
Бүгінгі сабағымызда келесі ұғымдардың мағынасын ашу үшін жұмыс жасаймыз.
1. Мақсат
2. Адалдық (түрткі)
3. Әрекет жетістікке жету жолы.
4. Әділдік жолы
(Оқушылар шеңберге тұрады, мұғалім болатын нәрселерді айтқанда оқушылар қолдарын үш рет
шапалақтайды, ал болмайтын нәрселерді айтқанда қолдарын бір рет шапалақтайды. )
Тапсырма № 1: алдағы он жылға мақсат қоя біл. Жоспарың мен мақсатыңды айқындап ал. Он жылдан кейін өзіңді қандай адам ретінде көргің келеді? Және оны мақсаттан тұратын баспалдаққа жазып қой.
2. «Мотивация (іс-әрекетке деген түрткі)».
Мотив дегеніміз бұл – түрткі яғни адамды іс-әрекетке бағыттайтын ішкі күш.
Тапсырма № 2: алдарыңдағы жетістікке жету жолындағы баспалдаққа мақсатқа жету жолындағы матив түрлерін жазыңыз (оқушылар кезегімен матив түрлерін оқып береді). Ал енді сіздердің назарларыңа келесі бейнебаянды қарауды ұсынамын.
IV тапсырма: Видео «Батыл арманда. Арманыңа сен!!!»
Талдау:
Өз ойларыңызбен бөліссеңіз бұл бейнебаян сізге қандай әсер қалдырды?
Бұдан қандай қорытынды жасауға болады?
3. Әрекет жетістікке жету жолы.
Сіздердің назарларыңызға келесі видео ролик ұсынылады: «Мен адалдыққа жету үшін....»Талдау:
Өз ойларыңызбен бөліссеңіз бұл бейнебаян сізге қандай әсер қалдырды?
Бұдан қандай қорытынды жасауға болады?
Өз арманына жету үшін не істеуге болады деп ойлайсыздар?
Психолог: Белгілі педагог Ушинский айтқандай «Өз бетінше жұмыс- жетістікке жеткізудің бірден бір жолы» яғни өз бетімізше ізденіп, арман, мақсаттарыма қол жеткізуіміз керек екен.
Белгілі тұлға Павлов «Мақсатқа ұмтылған, бір мақсаттан соң, екінші мақсат қойып отырған адамның өмірі қызықты өтеді, және әрқашан мақсатына жету үшін талпынып, өмірлік ізденісте болады» деген.
Абай атамыз айтқандай
Сенбе жұртқа тұрсада қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар
Еңбегің мен ақылың екі жақтап. Балалар әрқашан өз еңбектеріңізге сеніңіздер сонда ғана жетістікке жетесіздер!!!
Психолог: Білімге 3-жол алып барады.
Ойлау, оқу жолы- бұл ең парасатты жол.
Еліктеу, ұқсау жолы- бұл ең оңай жолы.
Басы тасқа тиіп, тағдырдан сабақ алу жолы- бұл ең ащы жол. Оқушылар, Еңбек етіңдер, сонда мақсаттарыңа міндетті түрде жетесіңдер. Жүректен жүрекке (2 мин)
Адалдық — адам мінезіндегі бағалы қасиет; АДАЛДЫҚ - адам бойындағы таза ниет, бағалы қасиет, адамның сана - сезімі мен ар - ұжданына қайшы келмейтін әрекеттердің моральдық - этикалық жиынтығы.
Қазақтың адалдық жайында өзіндік пайым - түсінігі туралы Ұлы Абай: «Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі қазақтың әулиесі сол», - дейді. Адамгершілік ұжымдық ортада бойына сіңірген тәрбиесіне, біліміне, адал еңбектенуге байланысты қалыптасып, адамның жеке басы мен моральдық тұлғасын сипаттайды.
Жүректен - жүрекке шеңберімен аяқталады. Оқушылар бір біріне жүрек жарды тілектерін айтып тақтаға жазады.
Рефлексия: «Сенім ағашы!» (5 мин)


- Оқушылар сонымен біздер адам бойындағы адалдық қасиеттерге тоқталдық. Енді келесі тапсырмаға назар аударайық.
Әңгімелесу.
• Адал дос дегенді қалай түсінесіңдер?
• Әділ болуға ұмтылу адамға не үшін қажет?
• Адал болу кез келген адамның қолынан келе ме?
• Неліктен?

1. «Мақсат»


Мақсат – белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.
Мақсат түрлері: 1) нақтылы мақсат – іс-әрекеттің тікелей нәтижесі, заттың бейнесі; 2) абстрактілі мақсат — талаптану, яғни жалпыға бірдей игілікті көксеу және соған жету үшін қызмет ету. Мақсат ежелгі гректердің табиғат философиясында әлемдік ақыл-ой заңдылығы жөніндегі ілімге байланысты зерттелді. Олар мақсатты адамдардың іс-әрекетін бейнелейтін ұғым ретінде қарастырылып, өзара күрделі қатынаста болатын бірнеше түрін анықтады. Ал енді сіздердің назарларыңа келесі видео роликті қарауды ұсынамын.
III-тапсырма: Видео «Мақсатыңа жет!»
Талдау:
Өз ойларыңызбен бөліссеңіз бұл бейнебаян сізге қандай әсер қалдырды?
Бұдан қандай қорытынды жасауға болады?



Плакаттар
Марекер
презентация


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет