-Қар, ойын, шана, аққала, балалар қандай сұрақтарға жауап береді? Бұл сөздер қай сөз табына жатады?
https://www.youtube.com/watch?v=j2O5h1R8Nus
9-жаттығу
Мәтіндерді оқып,өзара салыстыр
Құмға салған сурет
Әке-шешеден ерте айырылған бала тіршіліктің тауқыметін көп тартты. Қой соңында күндері өтті. Жұрттың баласы хат танып, сабақ оқығанда, мұның қолынан бар келгені – күйе мен тас бетіне немесе сұқ саусағымен құмға сурет салу. Болмаса қашау, пышағын ала жүріп, тас пен ағаштан мүсін жасау.
«Бала, әкең Қастей марқұм үндемей қой соңынан ергенді ғана білетін момын кісі еді. Мұнауың біз білмеген өнер екен»,- деді бір күні Әбілханның ағаштан жасаған мүсіндерін көргенде Түргенбай дейтін қарт ұста.