Қорытынды: Барлық жануарлардың мекен ортасында қалыпты тіршілік етуіне мүмкіндік беретін, біртіндеп қалыптасып орныққан бейімділіктері болады.Мысалы, жауы құйрығынан ұстағанда сұр кесірткенің құйрығы үзіліп қалады. Шоршып, жыбырлап жатқан құйрыққа жауы алданып, қайта ұмтылғанша кесіртке жасырынып та үлгіреді, әрі оның құйрығы біраз күнде қайта өсіп, қалыптасады. Жануарлар құрылысының мекен ортасы мен тіршілік әрекетіне сәйкес келетіндігі сонша, кейбіреуінің сыртқы түріне, бейнесіне қарап-ақ оның қандай ортада тіршілік ететінін, немен қоректенетінін, қалай қозғалатынын бірден біле аламыз. Әр топтағы жануарлар өздері тіршілік ететін ортаға бейімделген. Сыртқы түрсипаты мен тіршілік әрекетіне қарап, олардың қайда мекендейтінін анықтауға болады.
Есте сақта! айдарымен танысу, өйткені бұл ақпарат зерттеу жұмысымен айналысқанда көмегін тигізеді.
Суқойма жануарларыcуреттеріне қарап, оларды сипаттау. Әр жануардың тіршілік ортасын анықтау.
Сұрақтар:
Суреттен қандай жануарларды байқадыңдар?
Оларды сипаттаңдар.
Олар қайда тіршілік етеді?
Суреттегі жануарларды дене бітіміне қарап суда тіршілік етеді деп айтуға бола ма?
Олардың дене бітімінде қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар?
Суреттермен жазуларды сәйкестендір
Өз жауаптарыңа дәлелдеме келтір.
Артығын тап.Суреттерге назар аудару, әр жануарды атау, сипаттау. Қай жануар артық екенін тауып, өз жауабын дәлелдеу. Себебін түсіндіріп, тауды мекендейтін жануарлардың қандай болатынын әңгімелеу.
Мәтінмен жұмыс.Оқулықтағы мәтінмен танысқан соң, зерттеуге тапсырма беру.
Зертте .Жануардың тіршілік ортасын қалай анықтауға болады?
топта жұмыс жасау. Оларға алдын-ала әр түрлі жануарлар суреттерін дайындау. Оқушылар жануарлар суретін мұқият қарап, олардың бейімделуіне қарай мекен ету ортасын ақылдаса отырып анықтайды.
Оқушылар плакатты 4-ке бөліп, топқа берілген жануарлар суретін мекен ету ортасына қарай жіктеп, плакатқа жабыстырады.
Әр топ өз жұмыстарын басқа топтарға таныстырады, сұрақтар туындаса жауап береді.
Сен білесің бе? Оқушылардың назарын суретке аудару. Шағыл мысығының тұлғасына қарай сипаттау. Шағыл мысығы жайлы ақпаратпен танысу. Оқушылардың сипаттамасымен сәйкестігін салыстыру.