Автор: Сыздық Айна Жаңбырбайқызы
Пән: География
Сынып: 7-сынып
Бөлім: Елтану және саяси география негіздері
Тақырып: Дүниежүзі халқының діни құрамы
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):
7.4.1.2 -дүние жүзі халқының діни құрамы мен діндердің таралу аймақтарын анықтайды
Сабақтың мақсаты:
Барлығы: Діндерді ажырата біледі; Көпшілігі: Діндердің таралу аймақтарын анықтап, картадан көрсете алады; Кейбіреулері: Қазіргі қоғам өміріндегі діннің орнын, ықпалын талдап, айта алады.
Тілдік мақсаттар:
Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі – тілдік дағдыларды қалыптастыру. Пән бойынша сөздер мен терминдер: дін, ислам, христиан, буддизм, халық, ұлт
Күтілетін нәтиже:
негізгі діндер және олардың пайда болуына қысқаша түсінік бере алады, діндердің жеке топтарға бөліну себептерін түсіндіре алады, негізгі діндердің таралу аймақтарын атласта көрсете алады.
Бағалау критерийлері:
негізгі діндер және олардың пайда болуына қысқаша түсінік береді; - ол діндердің жеке топтарға бөліну себептерін түсіндіреді; - осы негізгі діндердің таралу аймақтарын атласты қолдана алады
Құндылықтарды дарыту:
Ынтымақтастық, өзіне және өзінің айналасындағы адамдарға деген құрмет кқрстете отыра, бірлесе жұмыс жасау.
Психологиялық ахуал туғызу. Егер сіздің досыңыз болса-көршіңнің басын сипа Егер сіз өз мектебіңізді жақсы көрсеңіз- Аяқтарыңды топырлатыңдар Егер сіз өз еліңді жақсы көрем десеңіздер- қол соғыңыздар Көңіл күйлері көтеріледі
Топқа бөлу «Таңдау жаса» әдісі бойынша 3 топқа бөлінеді: Қағаз қиындылары арқылы тіл әулеті бойынша топқа бөлінеді. Үндіеуропалық (герман, славян, армян, иран, кельт, балтық, грек, албан), Алтай тіл әулеті (түркі, моңғол, қазақ, татар, қалмақ, өзбек қырғыз, ұйғыр) Қытай-Тибет тіл әулеті (Қытай, хуэй, тибет, бирма, канаури, карен, невар) Үй жұмысын тексеру. Тақтадағы ұяшықтар арқылы үй жұмысы сұралады. Ұяшықта пазлдар, кроссворд сұрақтары және әріп артына жасырылған сұрақтар (осы сұрақтарға дұрыс жауап берілген жағдайда Ислам, Христиан, Буддизм сөздері шығады)
Қызығушылықты ояту. Сыныпқа ашық сұрақ қойылады. Оқушылардың пікірі тыңдалады Оқушылар сіздер бүгінгі сабақта не білгілеріңіз келеді?
Тақырыпты ашу. Мақсатымен таныстыру. Тақырыпқа сәйкес топ аттарын беру
І топ – Дін ІІ топ – Религия ІІІ топ– Religion
1 тапсырма. «Галереяны шарлау» әдісі бойынша 3 топ берілген жоcпар бойынша оқулықты пайдалана отырып, жоспарға сәйкес дүниежүзі діндерін сипаттап, постер дайындайды. Топпен жұмыс. Дін тобы- Muslim Группа Религия- Christian Religion group- Buddhism а) пайда болған уақыты ә) кімге табынады б) қасиетті кітаптары в) таңбасы (белгілері) г) қай елдерде таралған
Дескриптор: Шығу тарихы, тармақтары, таралған аймақтары, діни мерекелері. Топтар бір-бірін бағалайды. Әр топтың жұмысына «Екі ұнаған жерлері, бір ұсыныс»
2 тапсырма Әлемдегі діндердің таралуы туралы бейнесюжет көрсету.
Әлемдік діндердің таралуын карта бойынша анықтау.
Дескрипторлар: Дүниежүзілік діндердің таралу аймағын біледі
Діндерді ажырата біледі
Бағалау: «Бас бармақ» әдісі арқылы
3 тапсырма. «Table Т» әдісі бойынша «Діннің қоғам өміріндегі рөлі» тақырыбын талқылауға тапсырма беріледі.
Дескриптор: Оң әсері Кері әсері сипаттап жазу.
Оқулық, сурет
Рефлексия
(5 минут)
Блоб ағашы бойынша топпен қай деңгейде тұрғандарын салу