Сынып: 8 Мақсаты: Оқушыларды ойлана білуге, тапсырмаларды тиянақты, тыңғылықты орындауға баулу, әділ шешім айтуға, бірлікке ынтымақтастыққа, әдептілікке тәрбиелеу



Дата06.03.2023
өлшемі15,9 Kb.
#71828
түріСабақ
Байланысты:
барысы


Тақырыбы: «БІЛІМ РИНГ» математикалық сайыс
Сынып:8
Мақсаты: Оқушыларды ойлана білуге, тапсырмаларды тиянақты, тыңғылықты орындауға баулу, әділ шешім айтуға, бірлікке ынтымақтастыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Сайыс сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Жүргізуші: Қадірлі ұстаздар және оқушылар! «Цифрлы әлемге кемел біліммен» тақырыбындағы МИФ онкүндігі аясында өткізгелі отырған 8сыныптар арасындағы сайысқа қош келдіңіздер! Ендеш “БІЛІМ РИНГ ” сайысын бастаймыз.
Жүргізуші: -Қымбатты білім сүйгіш жас достар! Орыс ғалымы М.Ломоносов «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін –математика, сондықтан да оны оқу керек, » — деген. Олай болса, бүгін сендер қызықты, математиканың жұмбақты да, тартымды әлемімен танысасыңдар. Сендер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткізесіңдер. Жүргізуші: Сайыста сендерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Сайыста жеңу үшін сендер белсенділік танытып, берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулерің керек.
Сайысымыздың бағдарламасымен таныстырайық:
ﻃ Таңдаулы тақырыптар»
2 «Тұлғадан сұрақ»
3. «Қисыны қандай?»
4. «Жекпе-жек» ( капитандар сайысы)
Жүргізуші:
Бүгінгі күн сайыста Ешкімнен сен қалыспа Білімі кімнің көп болса, Сол озады сайыста дегендей сайысқа қатысушылар: І топ: « » тобы ІІ топ: « » тобы
Бағдарлама бойынша І кезең «Таңдаулы тақырыптар»
Арифметика-5-1,2,3,4,5,6,7,8,9,0 берілген сандардың несі көп: қосындысы немесе көбейтіндісі ме? (Қосындысы)
Арифметика-10 -1111 саны арқылы арифметикалық амалдарды қолданбай,қалай үлкен сан алуға болады?(11-дің 11 дәрежесі)
Арифметика -15- 5 адам кездесіп қалып бір-бірімен қол алысып амандасты. Барлық қол алысу саны қанша? (10 рет)
Арифметика-20 - Серік пен Берікте дәптер саны бірдей болды. Серік Берікке 5 дәптерін берді. Кімде дәптер саны көп болып және қаншаға көбейді?( Берікте, 10 дәптерге көбейді)
Алгебра-5- Егер ойлаған санды 3-ке көбейтіп оны 70-тен азайтса сонда 34 деген сан шығады? Қандай сан ойланды? (12 саны)
Алгебра-10- Бір сан екінші саннан 4 есе көп, ал олардың қосындысы 20-ға тең. Осы сандардың кіші санын тап. (4 саны)
Алгебра-15- Сауда жасау үшін 19 теңге төлеу керек. Сенде тек қана 3 теңгелік ақшалар ал сатушыда тек 5 теңгелік ақшалар бар. Ақшаны қалай төлейсіз?(3 теңгеліктен - 8, сатушы 5 теңге қайтарады )
Алгебра-20- Дәптер мен қарындаш 16 теңге тұрады, қаламсап пен қарындаш 32 теңге тұрады, ал дәптер мен қаламсап 44 теңге тұрады. Заттарға қанша теңге төленген?
(46 теңге)
Геометрия-5- Квадраттың ауданы 49 см2, оның периметрі нешеге тең? (28 см)
Геометрия-10- 1-ші шаршының ауданы 16м2, 2-ші шаршының ауданы 4 есе үлкен. 2-ші шаршының периметрін тап. (32 см)
Геометрия15- Параллель түзулерді қиюшымен қиғанда пайда болған бұрыштардың біреуі 400 болса, қалған бұрыштары неге тең? (1400; 400; 1400)
Геометрия-20- Тең бүйірлі үшбұрыштың табанындағы бұрышының сыртқы бұрышы 1050 болса, теңбүйірлі үшбұрыштың ішкі бұрыштары неге тең? (750, 750, 300)
Логика-5-Бірдей үш цифрмен жазылған үш таңбалы сан 3-ке де, 37-ге де бөлінеді. Сол санды тап. (Жауабы: 111)
Логика-10-Екі бөлмеде 76 адам бар. Бір бөлмеден 30, ал екінші бөлмеден 40 адам шыққан соң, бөлмелердегі адам саны бірдей болып қалды. Бастапқыда әр бөлмеде неше адам болған?
(Жауабы: 43,33)
Логика-15-Бес жыл бұрын ағасы мен қарындасының жастарының қосындысы сегізгі тең болды.Бес жылдан кейін олардың жастарының қосындысы неге тең болады?(18 жас
Логика-20- Бір күні әкесі ұлына бір кітап беріп, «Мына кітапты оқысаң, саған 2000 теңге беремін», депті. Баласы 1 аптадан кейін әкесіне келіп, «Әке кітапты оқыдым, 2000 теңгемді бересіз бе?» дейді. Сонда әкесі баласына «Кітапты оқымағансың» деп жауап беріпті. Баласының кітапты оқымағанын әкесі қайдан білген? (Өйткені 2000 теңге кітаптың ішінде болған.)
Ғылымның сырын ұғына
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік
Жеткізер сіздердей өренді
Жеңістің мынау шыңына –дей келе 2- ші «Тұлғадан сұрақ» бөліміне келсек:
4 жанды сұрақтар беріледі.Әр дұрыс ұпайға 10 ұпайдан беріледі.
Сайысымыздың келесі бөлімі «Қисыны қандай?»
Әр команда қарсылас екі командаға берілген сурет бойынша қимылмен келтіріп көрсетеді.Қарсылас топтар суреттегі бейнені табу керек.Әр дұрыс жауапқа 20 ұпай беріледі. Тақтада куб,парабола,Тік бұрышты координаталар жүйесі,Шексіздік,Сандар, Биссектриса суреттері шығып тұру керек
Қиындықтан өткізер.
Білім деген биік шың ,
Бақытқа сені жеткізер ,
Білім деген ақылшын
Сайысымыздың келесі бөлімі :
«Жекпе-жек» ( капитандар сайысы)
Әр топтың капитан командаларына сұрақтар қойылады.Әр дұрыс жауап 10 ұпайға бағаланады.
Жекпе жек сұрақтары:
ﻃ.Геометрия сөзі грек тілінен аударғанда қандай мағына береді? Жер өлшеу
2.Тәуліктің жиырма төрттен бір бөлігі. Сағат
3.256-ның квадрат түбірі неге тең?16
4.90 градустан үлкен бұрыш. Доғал
5.17 құрама сан ба?Жоқ
6.ОХ осі қалай аталады?абцисса
7.25-тің квадраты?625
8.у=х кв функциясының графигі. Парабола
9. Тұстас бұрыштардың қосындысы.180 градус
10.Дәлелдеуді қажет ететін сөйлем. Теорема
2 топ.
1. Ең кіші жай санды ата. 2
2. Тіктөртбұрыштың периметрі 30 см,ұзындығы 11 см болса,ені неге тең?4
3. ОУ осі қалай аталады? Ордината
4. У=х куб функциясының графигі. Кубтық парабола
5. Шеңбердің екі нүктесін қосатын кесінді. Хорда
6. Дәлелдеуді қажет етпейтін сөйлем. Аксиома
7. Вертикаль бұрыштар қандай болады?Тең
8. Сағаттың төрттен бір бөлігі неше минут? 15 мин
9. Қиылыспайтын түзулер қалай аталады?Параллель
10. 90 градусқа тең бұрыш қалай аталады?Тік бұрыш
Ендеше сайысымызды қорытындыласақ

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет