Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақ типі: жаңа материалды игеру
Әдіс-тәсілдері: зерттеу, миға шабуыл,интерактивті,өзіндік жұмыс,іздену
Формасы:топтық
Технологиялар:СТО, жеке тұлғаға бағытталған технология элементтері
Көрнекілігі:периодтық кесте, слайд,интерактивті тақта, карточка
Барысы: 1.Ұйымдастыру (Сынып 3-топқа бөлінеді)
Сәлеметсіздер ме, балалар! Көңіл-күйлеріңіз калай?Сіздерді көргеніме қуаныштымын.Бүгінгі сабақта сіздер өз ойларыңызды, пікірлеріңізді ашық, еркін айтып, отырыңыздар.
Кәне, балалар, жақсы көңілмен сабағымызды бастау үшін мынадай психологиялық тренинг өткізейік.
2.Психологиялық дайындық.
Көзді жұмып жақсы нәрселер ойлаңыздар.Өздеріңізге және бір-бірлеріңізге сәттілік және жақсы көңіл-күй тілеңіздер. Көздеріңізді ашып, бір-бірлеріңізге күле қараңыздар.
Мұғалім сөзі:Балалар, елімізде қуанышты бейбіт күніміздің тағы бір таңы атты. Еліміздің болашағы мектеп қабырғасындағы ұрпақ. Сондықтан Қазақстан бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену үшін білім керек. Ендеше, білім алатын тағы бір сабағымызды бастайық.
Бүгін сіздермен бірге біз «жас зерттеушілер» ретінде жұмыс жасаймыз. Мына құралған әрбір топ кішігірім ғылыми зертхана болады, сіздер өз араларыңыздан осы зертхананың ғылыми жетекшісін сайлап алыңыздар. Яғни сіздердің бүгінгі зерттеу жұмыстарыңызға жауап беретін осы жетекші болады. Алдарыңызда сонымен қатар, бағалау парағы берілген. Яғн әрбір берілген тапсырмалар орындалып болғаннан соң, әр оқушыға баға қойылып отырады. Сондықтан сабаққа жақсы қатысыңыздар.Ендеше балалар, бүгінгі сабағымызды бастайық.
Достарыңызбен бөлісу: |